Жер туралы жалпы мағлұматтар. Жаратылыстану, 6 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Бөлім: 6.1В Адам. Жер. Ғалам Сынып: 6 Күні: | Мектеп: Мұғалім: Қатысқан оқушылардың саны: Қатыспаған оқушылардың саны: | |||||||
Тақырыбы: Жер туралы жалпы мағлұматтар | ||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаты | 6.2.2.1 - Жер бетіндегі бақыланатын үдерістер мен құбылыстарды түсіндіру 6.2.2.2 - Жердің қасиеттерін түсіндіру | |||||||
Сабақтың мақсаты | Оқушылар:
| |||||||
Бағалау критерийлері: | Оқушылар:
| |||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар жер бетіндегі бақыланатын үдерістер мен құбылыстарды анықтап, ауызша түсіндіре алады. Әртүрлі географиялық деректерді талдап,сипаттап жаза алады (оқылым, айтылым, тыңдалым және жазылым дағдылары) Пәндік лексика және терминология Қысқы тоқырау Көктемгі теңесу Күн орбитасы Күн жүйесі Құс жолы Айтылымға қажетті сөз тіркестері: Жер қабығының ішкі жағы................................ Жер - Күн жүйесіндегі ...................................... Жердің өз білігінен айналуы............................. | |||||||
Құндылықтарды дарыту | Құндылықтар: Топтық, жұптық тапсырмаларды орындау барысында оқушылар бойындағы адамгершілік, қоршаған ортаға деген жауапкершілік, өмір бойы білім алу құндылықтарын дамыту. | |||||||
Пәнаралық байланыс | Физика, астрономия – бейнероликті көрген кезде, мауысымдардың ауысу себебін талдаған кезде. | |||||||
Бастапқы білім | Оқушылардың 5 сыныптағы жаратылыстану пәні бойынша алған білімдері. 5.2.2.1 Жер ғаламшарының пайда болуын түсіндіру оқу мақсаты бойынша. | |||||||
Сабақ барысы | ||||||||
Сабақтың қезеңдері | Сабақта орындалатын іс - әрекеттер | Оқыту ресурстары | ||||||
Басы 0-5 мин 5-10 мин | 1. Ұйымдастыру кезеңі. (К) Қолайлы жұмыс ортасы қалыптастырылады. Жағымды жаңалық немесе жақсы тілектер айту 2. Ой қозғау: Ой қозғау. Тақтадан не көріп тұрсыздар? Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыздар? Оқушылар жеке ойланады, бірнеше оқушы жауап береді. 3. Мақсатты тұжырымдау Сабақтың тақырыбы анықталады. Оқу мақсаттары (ОМ) мен бағалау критерийлері жарияланады. (Д) «Біз не білеміз?» айдары арқылы оқушылардың білімдерін еске түсіру
| Power Point презентациясы. 1-3-слайд. 4-слайд, Жердегі құбылыстар бейнеленген суреттер | ||||||
Ортасы 10-20 мин 20-25 мин 25-35 мин | 4. Мұалімнің түсіндірмесі Жаңа білімді меңгеру: (С) Жер бетіндегі бақыланатын үдерістер мен құбылыстар туралы бейнеролик көру. «Балаларға Жер туралы: Балаларға арналған астрономия» Мұғалім видео бойынша сұрақтар қойып, бүкіл сыныппен талқылайды. Бейнефильмнен қандай мағлұмат алдыңыздар? Күн мен түннің, маусымдардың ауысу себептері қандай? Атмосфера деген қандай қабат, маңызы қандай? Не себепті біздің ғаламшарымызда тіршілік пайда болған? (Т) «Сергіту сәті» топтық ойын Оқушылар 2 топқа бөлінеді 1-топ: Жердің Күнді және өз білігін айналу үрдісін көрсетеді (Жер және Күн) 2-топ: Айдың Жерді айнала қозғалуын бейнелеу (Ай, Жер, Күн) 5. Білімді бекіту (Ж) Оқушылар жұпта талқылап, келесі тапсырмаларды орындайды: Тапсырма - 1. Жердің өз білігінен айналуы дұрыс көрсетілген суретті белгілеңіз Тапсырма - 2. Суретте көрсетілген құбылыстар байқалатын күндерді жазыңыз. Тапсырма - 3. Жердің өз осінен айналуы себебінен Жерде күн мен түн ауысса, ал оның осінің орбита бойымен Күнді айналуы салдарынан Жерде жыл мезгілдері өзгеріп отырады. Жыл мезгілдерінің ауысуы тағы қандай факторларға байланысты? Тапсырма – 4. Жердің ішкі құрылысының қабаттарын жазыңыз Жердің ішкі құрылысының әлі күнге дейін толық зерттелмеу себебі: Бағалау: Оқушылар жұпта жұмыстарын ауыстырады. Бір-бірін тексереді, дескрипторлар бойынша бағалайды.
Қажеттілік туған жағдайда оқушылардың жауаптарын толықтырады, жұмыстарына комментарий, ұсыныс жасайды, кері байланыс береді. | Ғаламтор мәліметтері, https://www.youtube.com/watch?v=o74jJbbwDcE Қосымша 5 https://bilimland.kz/ru/#lesson=19299 \ https://www.youtube.com/watch?v=EWas-dkx29g
Қосымша 1 Қосымша 2 Қосымша 3 Бағалау жұмысы ауызша/жазбаша | ||||||
Соңы 35-40 мин | Кері байланыс:
Үй тапсырмасы: «Ай – Жердің серігі» атты хабарлама дайындау | Кері байланыс парағы Қосымша 4 | ||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||
Дифференциациялап оқыту – Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? | Бағалау – Оқушылардың білімін қалай тексересіз? | Қауіпсіздік ережелері | ||||||
Сіз оқушыға қолдау көрсету үшін дұрыс жауап немесе негізгі ойды білдіретін тірек сөздер бере аласыздар Тақтаға да тірек сөздер мен сабақта өтілетін терминдер жазып қойсаңыз, көмек қажет оқушыға жеңіл болады. Тапсырмаларды топтарға бөліп беруге болады. Жоғары деңгейдегі, талдауды қажет ететін сұрақтарды күшті топтараға беруге болады және де керісінше. | Алдын-ала дайындалған немесе оқушылармен бірге құрастырылған бағалау критерийлері арқылы топтық немесе жұптық бағалау жасауға болады. | Топтық және жұптық тапсырмаларды орындау барысында қауіпсіздік техникасын сақтау және Дене шынықтыру минутасы. Оқушылар 2 топқа бөлінеді 1-топ: Жердің Күнді және өз білігін айналу үрдісін көрсетеді (Жер және Күн) 2-топ: Айдың Жерді айнала қозғалуын бейнелеу (Ай, Жер, Күн) |
Қолданылған ресурстар:
- https://www.youtube.com/watch?v=o74jJbbwDcE
алаларға Жер туралы: Балаларға арналған астрономия
- https://www.youtube.com/watch?v=cBfRFvlE8j4 История планеты Земли
- https://www.youtube.com/watch?v=cBfRFvlE8j4&t=346s История планеты Земля
- https://www.nationalgeographic.com/science/space/solar-system/earth/ О нашей планете
- http://www.planetsforkids.org/planet-earth.html Земля
- https://bilimland.kz/ru/#lesson=19299 Жер туралы мағлұмат
- https://www.youtube.com/watch?v=EWas-dkx29g Движение Луны вокруг Земли
Қосымша 1
Қосымша 2
Қосымша 3
Қосымша 4
Кері байланыс:
«Үш сәт» әдісі.
1.Маған оңай болғаны ......................................................................................................... ................................................................................................................................................ |
2. Маған қиын болғаны ....................................................................................................... ................................................................................................................................................ |
3. Келесі жолы ...................................................................................................................... .............................................................................................................................ұсынар едім |
Қосымша 5
Жер туралы қысқаша мәлімет
Жер — Күн жүйесіндегі Күннен әрі қарай санағанда үшінші ғаламшар, адамзаттың тіршілік ететін бесігі. Күн жүйесіндегі тіршілігі бар бірден-бір, бірегей планеталардың бірі. Сан қилы табиғат ерекшеліктері, аптап ыстығы мен қақаған аязы, миллиондаған жылдар бойы өсіп-өнген тірі организмдер мен өсімдіктер әлеміне бай планета. Біздің ғаламшарымыз шамамен 4,6 миллиард жыл бұрын пайда болған. Ол осы уақытқа дейін көп өзгеріске ұшырады және ертең бүгіннен де өзгеше болады.
Жер бір мезетте үш айналым бойынша: өз білігенде, Күн орбитасымен және Күн жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде шексіз ғарыш кеңістігінде қозғалады. Бірінші кезекте, ол өз білігінің айналасында – полюстен полюске дейінгі көзге көрінбейтін білік сызығы бойынша айналады. Мұндағы бір айналым 24 сағатқа немесе бір тәулікке тең. Екіншіден, ол ғарыш бойынша Күннің орбитасын, оның өріс күшімен тартыла отырып айналады. Жер эллипстік орбита бойымен 29,765 км/с жылдамдықпен 149,6 млн. км орташа қашықтықта 365,24 орташа күн тәулігі ішінде Күнді бір рет айналып шығады. Күннің айналасын бір рет айналып шығады. Үшіншіден, ол Күн жүйесінің бір бөлігі ретінде Құс жолы ғаламын (галактикасын) 250 км/сек жуық жылдамдықпен шексіз ғарыш бойынша қозғалады.
Жердің беткі қабатының 71%-ын су алып жатыр, сондықтан ғарыштан қарағанда, Жер мұхиттар планетасы сияқты болып көрінеді. Ал, құрылық Жердің 29%-ын ғана құрайды. Планетадағы суды негізінен мұхиттар, көлдер мен өзендер, жаңбыр түрінде жауатын су булары құрайды.
Жердің ішкі құрылысы туралы мәліметтер әлі жете зерттелмеген аса күрделі ғылыми мәселе болып табылады. Осы деректерге байланысты Жер негізгі 3 геосферадан тұрады:
Жер қабығының ішкі жағы мантия деп аталатын, өз кезегінде жұмыртқа сияқты екі қабат ядродан құралған, тау жынысының ыстық, жартылай еріген қабатынан тұрады. Ядро немесе Жердің ортасы – бұл өте ыстық балқыған күйдегі тау жынысының қатты шары. Ядро қабатына бұрғылаумен жету мүмкін емес. Неғұрлым тереңдеген сайын соғұрлым ыстығырақ – жердің ядросы 40000С балқып қатқан күйде болады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?