Макро- және микроәлем. Жаратылыстану, 6 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспардағы бөлім: 2. Ғалам. Жер. Адам | Мектеп: | ||||||||
Мерзімі: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||
Сынып: 6 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||
Сабақ тақырыбы | Макро- және микроәлем | ||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.2.1.1 макро- және микроәлем нысандарының параметрлерін атау | ||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушы:
| ||||||||
Бағалау критерийлері: | 1.Макро- және микроәлем нысандарын суреттер бойынша жіктей алады; 2.Макро- және микроәлем нысандарының параметрлерін анықтай алады. | ||||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар макро- және микроәлем нысандарының параметрлерін ауызша түсіндіре алады. Олардың өлшемдерін, өлшем бірліктерін ауызша атай алады. Пәндік лексика және терминология: Макроәлем, микроәлем, жарық жыл, галактика, атом, молекула, Күн жүйесі, ғаламшар, Жер, Құс жолы. Айтылымға қажетті сөз тіркестері: Макроәлем нысандарына ... жатады, себебі ... Микроәлем нысандарына ... жатады, себебі ... Макроәлем нысандары өлшенеді ..., себебі ... Микроәлем нысандары өлшенеді ..., себебі ... | ||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Сабақ сыйластықты, ынтымақтастықты, академиялық шындықты дарытуға бағытталған. Құндылықтарды дарыту топтық жұмыстарды ұйымдастыру, жеке жұмыстарды орындау барысында жүзеге асады. | ||||||||
Пәнаралық байланыстар | Макро- және микроәлем нысандарының параметрлерін анықтау барысында физика пәнімен байланыс орнатылады. | ||||||||
Бастапқы білім | Оқушылар 5 – ші сыныпта макро- және микроәлем нысандарымен танысты. Оқушылар макро- және микроәлем нысандарын атай алады, ажырата алады. Бастапқы білімді жаңғырту топтық жұмыс барысында макро- және микроәлем нысандарының суреттерін жіктеу, салыстыру арқылы жүзеге асады. | ||||||||
Сабақ барысы | |||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс – әрекет | Ресурстар | |||||||
Сабақтың басы 0-5 5-10 | 1. Өткенді қайталау арқылы бастапқы білімді жаңғырту. Оқушылар топтарға бөлінеді. Топтар «5.2.1.1 макро- және микроәлем нысандарын ажырата білу және мысалдар келтіру» атты оқу мақсаты бойынша білімдерін көрсетеді. Топтар мұғалім ұсынған нысандардың суреттерін жіктейді. Макро- және микроәлем нысандарын анықтап, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтайды.
Мұғалім макро- және микроәлем нысандарына қосымша мысалдар келтіріп, олардың айырмашылықтары мен ұқсастықтарын түсіндіреді. Оқушыларға кері байланыс береді. 2. Ой шақыру. Мұғалім оқушыларға макро- және микроәлем нысандары туралы бейнеролик көрсетіп, келесі сұрақтарды қояды: https://www.youtube.com/watch?v=bqf0dBq6xwE -Бейнероликте қандай әлемнің нысандарын көрдіңіздер? Олар нелер? -Бұл нысандардың пішіндері қандай? -Оларды өлшеуге болады ма? Неше деп ойлайсыздар ұзындығы? 3. Мақсатты тұжырымдау. Оқушылармен бірлесе отырып, сабақтың мақсаттары анықталады.
| Қосымша 1 Бейнеролик «Микроәлем: құмырсқалар» | |||||||
Сабақтың ортасы 10-15 15-20 20-22 22-32 32-37 | 4. «Нысана» әдісі. Оқушылар «Нысана» әдісі бойынша «параметр» ұғымының мағынасын ашады. Параметр – нысанның, үрдістің, құбылыстың қасиетін, қабілетін, жай-күйін, мөлшерін, көлемін, пішінін сипаттайтын шама. 5. Бейнеролик «Макро және микроәлем». https://www.youtube.com/watch?v=bhofN1xX6u0 Оқушылар бейнеролик қарап болғаннан кейін, мұғалім сұрақ қояды: -Бейнероликте қандай әлемдердің нысандарын көрдіңіздер? -Макроәлем нысандарының параметрлері қандай? (ұзындығы, пішіні) -Микроәлем нысандарының параметрлері қандай? 6. Мұғалімнің түсіндірмесі. Оқушылар бейнеролик қарап болғаннан кейін, мұғалім макро- және микроәлем нысандарының параметрлерін түсіндіреді. Олардың өлшемдерін, өлшем біріліктерін түсіндіреді. Астрономдар ғарыш кеңістігіндегі үлкен қашықтықтарды «жарық жылымен» өлшейді. Ол секундына 300 миллион метр жылдамдықпен таралады. Ғарыш кеңістігін метрмен, не тіпті километрмен өлшеу мүмкін емес. Бір жарық жылы 9 460 730 473 000 000 м – ге тең. Ұзындықтарды өлшеуде келесі өлшем бірліктері қолданылады: миллиметр, сантиметр, дециметр, километр. Уақыттың өлшем бірліктері: секунд, минут, сағат, тәулік, апта, ай, жыл. Массаның өлшем бірліктері: мг, г, кг, т. 7. Топтық жұмыс. Оқушылар мәтінді пайдалана отырып, макро- және микроәлем нысандарын салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтайды. 1 топ: микроәлем нысандарын суреттейді және параметрлерін анықтайды; 2 топ: макроәлем нысандарын суреттейді және параметрлерін анықтайды. 3 топ: мегаәлем нысандарын суреттейді және параметрлерін анықтайды; 4 топ: өзге топтардың жауаптарын тыңдап, жұмыстарын бағалайды және үш әлемді салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтайды.
Мұғалім кері байланыс береді. 8. Сабақты бекіту мақсатында оқушылар «Артығын тап» тапсырмасын орындайды. Деңгейлік тапсырмалар орындайды. Оқушылар мұғалім ұсынған дұрыс жауаптардың көмегімен өзара бағалау жүргізеді. | Қосымша 2 Бейнеролик «Макро және микроәлем» А3 қағаз маркерлер Қосымша 3 | |||||||
Сабақтың соңы: 37-40 | 8. Рефлексия Мұғалім сабақ мақсатарына қайта оралып, сабақ мақсаттарына жету деңгейін талқылайды. Кері байланыс «Нысана» әдісі | Қосымша 4 | |||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||
Қайталау кезеңінде оқушылар топтарға өз қалауларымен бөлінеді. Оқу материалының жеткізу деңгейін таңдайды: білу, түсіну және қолдану (сурет), талдау (суреттерді салыстыру және талдау). Сабақ барысында оқу материалы ақпаратты қабылдаудың түрлі типтерін ескере отырып қолданылады (мәтін, бейнеролик, сурет). Сабақты бекіту кезеңінде қабілеті төмен оқушыларға мұғалім тарапынан қолдау көрсетіледі. Қабілеті жоғары оқушыларға күрделендірілген тапсырмалар ұсынылады. | 5.2.1.1 макро- және микроәлем нысандарын ажырата білу және мысалдар келтіру оқу мақсаты бойынша бастапқы білімді формативті бағалау. Жақын арадағы даму аймағын анықтауға арналған диагностикалық бағалау. Топтық жұмыс арқылы макро- және микроәлем нысандарының параметрлерін анықтау, салыстыру дағдыларын бағалау. | Сыныпта қозғалыс барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау. |
Қосымша 1
Макро- және микроәлем нысандары
Қосымша 2
«Нысана» әдісі
Қосымша 3
Мәтін «Макро және микроәлем»
Микроәлем – бұл молекулалар, атомдар, элемантарлық бөлшектер – бұл өте ұсақ, бақылауға келмейтін микронысандар, олар кеңістікте 10-8 - нен 10-16 см – ге дейін өлшенеді, ал олардың өмір сүру уақыты шексіздіктен 10-24 секундқа дейін.
Макроәлем – адамның өлшемдерімен шамалас тұрақты формалардың әлемі, сонымен қатар молекулалардың криссталды кешендері, ағзалар, ағзалардың қоғамдастығы. Макроәлем нысандарының кеңістіктегі өлшемдері миллиметрмен, сантиметрмен, километрмен, ал уақыт секундпен, минутпен, сағатпен, жылмен өлшенеді.
Мегаәлем – бұл ғаламшарлар, жұлдызды кешендер, галактикалар, метагалактикалар – өте үлкен ғарыштық масштабтар мен жылдамдықтардың әлемі. Бұл әлемде жылдамдық жарық жылдармен өлшеніп, ал ғарыштық нысандардың өмір сүру уақыты миллиондаған және миллиардтаған жылдармен өлшенеді.
http://biofile.ru/chel/14508.html
Қосымша 4
Кері байланыс «Нысана»
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?