Деректерді талдау. Жаратылыстану, 6 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

  • Бөлім: 6.1 А. Ғылым әлемі
  • Мектеп:
  • Күні:
  • Мұғалімнің аты-жөні:
  • Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

  • Сабақ тақырыбы

Деректерді талдау

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.5.1 алынған деректерді графикалық түрде көрсету

Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • Деректерді графикалық түрде ұсыну ұғымын тұжырымдайды;
  • Алынған деректерді графикалық түрде көрсетеді;
  • Қорытындыны түрлі нұсқада ұсынады.

Бағалау критерийлері

Оқушылар:

  • Деректерді графикалық түрде ұсынудың ұғымын тұжырымдайды
  • Алынған деректерді графикалық түрде көрсетеді;
  • Қорытындыны түрлі нұсқада ұсына алады.

Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

- Деректерді ауызша түрде талқылайды;

-Деректерді графикалық түрде ұсыну жолдарын ауызша және жазбаша сипаттайды;

-Деректерді сызба түрінде көрсету жолдарын сипаттай алады.

Пәнге тән лексика мен терминология:

Деректер, талқылау, жинақтау, сызба, диаграмма, кесте

Айтылымға қажетті сөздер мен сөз тіркестер:

Берілген диаграмманы талдай отырып, ...... мынадай қорытынды жасауға болады.

Менің ойымша, ...деректерді жинау дегеніміз.

Мұны ... түсіндіруге болады.

Деректерді сызба түрінде көрсету үшін.....

Глоссарий

Қазақша

На русском

In English

Зерттеу

Исследование

Research

Деректер

Данные

Data

Өлшеу

Измерение

Measuring

Жинау

Собирать

Collect

Сызба

График

Graph

Диаграмма

Диаграмма

Diagram

Кесте

Таблица

Table

Құндылықтарды дарыту

  • Өзінің және басқаның пікірін тыңдау және құрметпен қарау
  • Жұптық және топтық жұмыстарда ынтымақтастық атмосферасын орнату;
  • Басқалардың мәселелерін көре алу және түсіне білу, әркімнің ой-пікірін ескеру және әр идеяны дұрыс бағалай алу;
  • Өмір бойы оқуға құштарлық, қоршаған ортаны танып-білуге құштарлық.
  • Оқушылардың бірін-бірі сыйлауы, мұғалімді сыйлауы.

 Пәнаралық байланыстар

Деректерді талдау барысында нәтижені ұсыну үшін бейнелеу өнері және сызу пәндерінен үйренген дағдылар қажет болады;

Деректерді талдау үшін сыни ойлау дағдыларын дамытады;

Нәтижені графикалық түрде салу үшін математика және физика пәндеріне қажетті дағдылармен ұштастыру қажет.

АКТ қолдану дағдылары

Ғаламтордан қажетті ақпараттарды тауып, пайдалана білу;

Өз бетімен ақпаратты іздеу

Бастапқы білім

Жаратылыстану 5 сынып бойынша оқушылар төмендегі дағдыларды игеруі тиіс:

5.1.4.1- нысандар параметрлерін өлшем бірліктермен анықтау

5.1.4.2- бақылаулар мен өлшеу деректерін тіркеу

5.1.5.1 қайталанған өлшеулер кезіндегі арифметикалық орташа шаманы есептеу және тенденцияларын анықтау

ЖОСПАР

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 мин

6-8 мин

1. Белсенді әдіс «Ыстық картоп»

Нұсқаулық: Оқушылар бір-біріне допты/картопты лақтырып, өткен тақырыпқа байланысты сұрақтар қояды. Оқушылар ойланып жауап береді және бір-бірін толықтырады.

Үлгі сұрақтар:

  • Деректерді жинауды қалай жүзеге асыруға болады?
  • Деректерді жинаудың ерекшелігі қандай?
  • Қандай ақпараттарды жинауға болады?

Қалыптастырушы бағалау:

  • мұғалім бақылауы және комментарийі;
  • мұғалімнің кері байланысы.

Дескрипторлар

Оқушылар

  • деректерді жинаудың негізгі қағидаларын айта алады;
  • деректерді жинаудың ерекшелігін анықтайды;

2. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау

Мұғалім сұрақтар қоя отырып, сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға көмектеседі.

Үлгі сұрақтар:

  • Жиналған деректер бізге қандай ақпарат береді?
  • Жиналған мәліметтерді не үшін көрнекі түрде көрсету қажеті?
  • Деректерді қандай жолмен бейнелеген тиімді?

Кішкентай доп/картоп

Презентация

Презентация

глоссарий

Сабақтың ортасы

9-14 мин

15-17 мин

18-26 мин

27-33 мин

34-38 мин

3. Жаңа тақырыпты ашу

Ол үшін оқушылармен шағын ойын жүргіземіз. Оқушылар ортаға шығып тізіліп тұрады:

1. Сапқа тұрады.

  • Ешбір ретсіз
  • Бойына сай
  • Әліпби бойынша
  • Туылған айына сай

2. Пішінді суреттейді

  • Ретсіз пішін
  • дөңгелек
  • төртбұрыш
  • жұлдызша

Ойын барысында оқушылардан сұрау:

Ретсіз орналасқан дұрыс па әлде белгілі ретпен орналасқан дұрыс па?

Қайсысы жинақы және түсінікті?

Деректермен жұмыс жасау кезінде осылай болатынын түсіндіру қажет.

4. Дәптермен жұмыс

Ойын біткен соң оқушылар жазбаша түрде деректерді графикалық түрде ұсыну ұғымын тұжырымдайды

Деректерді графикалық түрде ұсыну — зерттеудің нәтижелерінің үлестірімі үшін ең көрнекті әдіс. Ол зерттеген нысынның құрылысын, құрылымдық өзгерістер мен даму үрдістерін бірден аңықтауға көмектеседі.

5.Топпен жұмыс –зерттеу жұмысы

Бұл тапсырманы орындау барысында деректерді графикалық түрде ұсынуды практикада қолданады.

Оқушыларға топтар бойынша әртүрлі тәсілдермен ақпаратты ұсыну жолдарын ұсыну. Мысалы, постер, презентация, кесте тб тәсілдер.

Топқа бөлу. Оқушылар хатқалтадан жануарлардың суреттерін алып, сол суреттер арқылы топқа бөлінеді. Балықтар, құстар және сүтқоректілер топтары

1-топ. Баланың 0 дан 12 айға дейінгі антропометрикалық мәліметтерін зерттеңдер;

2-топ. Тиімді тамақтану пирамидасын зерттеп, бір аптаға мәзір дайындаңдар;

3-топ. Фишбон тәсілін қолданып, қоршаған ортаның жағдайына әсер ететін факторларды аңықтандар. (егер оқушы «фишбон» сөзін түсінбесе түсіндіріп кетіңіз-балық сүйегі)

6. Топтар презентациясы

Қалыптастырушы бағалау:

  • мұғалім бақылауы және комментарийі;
  • оқушылардың топтарды берілген критерийлер бойынша бағалауы;
  • мұғалімнің кері байланысы.

Дескрипторлар

Оқушылар

  • әр оқушы белсенді қатысады;
  • деректерді жинайды;
  • деректер кестесін жасайды;
  • ақпаратқа талдау жасайды;
  • презентация/постер жасайды.

7. Жаңа тақырыпты пысықтау.

Оқушылар жұпта виртуальді экспериментттік тапсырма жасайды. Оқушыларға өмірде, табиғатта болатын үрдістердің сипаттамалары беріледі. Оқушылар сипаттаманы оқып, өлшеулер бір-біріне қалай тәуелді болатыны туралы қорытынды жасайды. Қорытындыны қандай жолмен көрсету тиімді екендігін сипаттайды.

Эксперимент мысалдары:

1-тәжірибе.

Өміріміздегі үйкеліс күшінің мәнін бақылаңдар. Қолды сабындап, ішінде су бар бөтелкені көтер.

2-тәжірибе.

Сызғышты алып, көлденең түрде қолдың сұқ бармағына қой. Асықпай бармақтарды сызғыштың ортасына жылжыт. Сызғыш неге біркелкі жылжыйды?

Келесі сипаттама келтіруге болады:

1. Судың жылынуы. Оқушылар температура өзгергенде, соқтығысу жылдамдығы мен санның өзгеруі туралы қорытынды жасайды.

2. Табиғаттағы су айналымы– Оқушылар биосферадағы су ауысудың кезеңдік барысын көрсетеді.

Презентация

Ойын түрінде

Жұмыс дәптері

Презентация

Топқа бөлу үшін http://www.classtools.net/ сайтын қолдануға болады

Балықтар, құстар және сүтқоректілердің суреттері

Мүмкіндігінше әр топқа ноутбук

Топтарға қосымша ресурстар

Тамақтану пирамидасы

http://www.matrony.ru/wp-content/uploads/2014/10/kak-sredizemnomorskaya-dieta-mozhet-spasti-vashe-serdce_2-e1412836584225.jpg

фишбоне

http://www.classtools.net/education-games-php/fishbone

Қосымша тәжірибелер

Тәжірибелер http://festival.1september.ru/articles/103946/

Сабақтың соңы

38-40 мин

8. Кері байланыс

Суретте алма ағашы мен лимон ағашы бейнеленген. Бәрі түсінікті болса оқушылар стикерді алма ағашына жабыстыр, түсінбеген сұрақтарды стрикерге жазып, лимон ағашына жабыстырады.

Түсті стикерлер

Алма және лимон ағаштарының суреті

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар Алынған деректілерді графикалық түрде көрсетеді;

Оқушылардың көпшілігі Алынған деректілерді графикалық түрде ұсынудың түрлі нұсқасын қолданады.

Кейбір оқушылар Алынған деректілерді ұсынудың тиімді жолдарын қарастырады.

  • Сабақ барысындағы мұғалімнің қолпаштау сөздері; «жарайсың», «тамаша», «осылай жалғастыр» тб
  • «Ыстық картоп» (мұғалімнің бақылауы)
  • Топта жұмыс (бір бірін бағалауы)
  • Жұпта жұмыс - эксперимент (өзін- өзі бақылау)

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақ барысындағы қауіпсіздік техникасының ережелерін еске сақтау

Эксперименттер барысында техника қауіпсіздік ережесін қатаң есте сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу