Деректерді талдау. Жаратылыстану, 6 сынып, қосымша материал.
Сабақтың басында «Ыстық картоп» тәсілімен алдыңғы білімдерін тексеру жоспарланған. Оқушылар шеңберге тұрады және өткен тақырыпқа байланысты сұрақ-жауап жүргізіледі. Оқушы қолындағы допты/картопты кімге лақтыраса соған сұрақ қояды және допты ұстаған оқушы жауап береді. Осылайша жалғаса береді, осы арқылы оқушылардың бастапқы білімдерін тексеру жүзеге асырылады. Барлық оқушы сұрақ-жауапқа қатысуы міндетті емес. Содан соң сыни ойлау сұрақтары арқылы сабақ тақырыбы мен мақсатын айқындауға мүмкіндік беріңіз.
Жаңа тақырыпты түсіну үшін оқушылар топтарға бөлініп шағын зерттеу жұмыстарын орындайды. Оқушыларды топқа бөлу үшін онлайн ресурстарды қолдануға болады. Егер мүмкіндік болмаса оқушыларды қабілетіне қарай немесе басқа критерийлермен топтастырыңыз. Топқа бөлудің онлайн құралдары төменде келтірілген.
Оқушылар топтық тапсырманы орындамас бұрын ноктбукте немесе компьютерде жұмыс жасау барысындағы қауіпсіздік техникасының ережелерін ескертіңіз.
Сабақты бекіту барысында оқушылар топтық презентация жасайды. Жұмыстарды бағалау барысында оқушыларға өздерінің қаншалықты дұрыс орындағанын немесе қандай қателіктер жібергенін түсіндіруге мүмкіндік беріңіз. Қабілетті оқушыларды аралас топтарға бөліп жұмыс жасатуға тырысыңыз.
Сабақ барысында орындалған барлық іс-әрекеттерден кейін мұғалім кері байланыс ұсынуы қажет. Барлық тапсырмаларды орындау барысында оқушыларға тапсырмаға сәйкес дескрипторлар көрсетуді ұмытпаңыз.
Сабақ соңында міндетті түрде сабақ мақсаттарына және бағалау критерийлеріне оралып, оларға жету деңгейі оқушылармен талқылануы қажет. Сабақ бойынша оқушылардан міндетті түрде кері байланыс алу керек. Жұмыс соңында оқушылар алма ағашы және лимон ағашы арқылы кері байланыс жасайды. Алма ағашы мен лимон ағашының суреттерін үлкен (А1) плакатқа сызып қоюға болады. Суретті өз жұмысыңызға кейін де қолдану ыңғайлы болады. Бірнеше оқушыға сыныпқа өздерінің жетістіктерін түсіндіруге мүмкіндік беріңіз.
Пайдалы сілтемелер:
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?