Зерттеу сұрағы. Жаратылыстану, 6 сынып, қосымша материал.


 

 

 Сабақтың басында миға шабуыл сұрақтары арқылы оқушылардың өткен сабақтағы үйренген білімдерін еске түсіру және жаңа сабаққа икемдеу жүргізіледі. Осы арқылы оқушылардың бастапқы білімдерін тексеру жүзеге асырылады. Тапсырманы орындап болғаннан оқушыларға жасалған жұмыс бойынша кері байланыс ұсыну керек.

 Шағын бейнежазба көріп болған соң, оқушыларға зерттеу объектісі түсінігін қалыптастыру үшін бірнеше сыни ойлау сұрақтарын қойыңыз. Содан соң оқушылар берілшен кестені толтырып жұмыс жасайды.

 Глоссариймен жұмыс барысында оқушыларға мүмкіндігінше терминдерді өздеріне түсіндіруге мүмкіндік беріңіз. Жаңа тақырыпты түсіндіруді миға шабуыл сұрақтары арқылы жүргізіңіз. Презентацияны пайдаланып оқушыларға негізгі ұғымдардың түсініктемесін беріңіз.

 Оқушыларды топқа бөлу онлайн ресурстарды қолдануға болады. Егер мүмкіндік болмаса оқушыларды қабілетіне қарай немесе басқа критерийлермен топтастырыңыз. Оқушылар орындайтын эксперименттік тапсырманы өз қалауыңызша өзгертуге болады. Басқа да көптеген қызықты эксперименттер топтамасы жинақталған онлайн ресурстар төменде келтірілген.

 Сабақ барысында орындалған барлық іс-әрекеттерден кейін мұғалім кері байланыс ұсынуы қажет. Барлық тапсырмаларды орындау барысында оқушыларға тапсырмаға сәйкес дескрипторлар көрсетуді ұмытпаңыз.

 Сабақты бекіту барысында оқушылар топтық жұмыстарын бағалайды. Бағалау барысында оқушылар өздерінің қойған ұпайларын басқа оқушыларға түсіндіруге мүмкіндік беріңіз.

 Сабақ соңында міндетті түрде сабақ мақсаттарына және бағалау критерийлеріне оралып, оларға жету деңгейі оқушылармен талқылануы қажет. Сабақ бойынша оқушылардан міндетті түрде кері байланыс алу керек. Жұмыс соңында оқушылар «Аргументация» тәсілімен кері байланыс жасайды. Бірнеше оқушыға сыныпқа өздерінің аргументтерін түсіндіруге мүмкіндік беріңіз.

  Ескерту: Эксперименттік тапсырма орындауды бастамас бұрын оқушыларға қауіпсіздік ережелерін ескертіңіз. Қажет болған жағдайда қауіпсіздік ережесін қайталап оқып шығуға болады.

 

 Пайдалы сілтемелер:

 

http://www.aschool.us/random/random-pair.php

http://simplescience.ru/video/

https://ppt-online.org/130209

https://ust.kz/word/asyq_sabaqzerttey_suragy5_synyp-6919.html

https://researchlyceum.wixsite.com/research/new-page-c1822



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу