Ғылымның рөлі. Жаратылыстану, 6 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

  • Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
  • 6.1 А. Ғылым әлемі
  • Мектеп:
  • Күні:
  • Мұғалімнің аты-жөні:
  • Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

  • Сабақ тақырыбы

Ғылымның рөлі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.1.1- жаратылыстану ғылымдарының зерттеу нысандарын атау

Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • жаратылыстану ғылымдарының зерттеу нысандарын атай алады;
  • ғылымның маңызы туралы негізгі ұғымдарды ажырата алады.

Бағалау критерийлері

Оқушылар:

  • Жаратылыстану ғылымдарының зерттеу нысандарын атай алады;
  • Мәліметтерді жинақтап, жаратылыстану ғылым рөлі сұрағына 100 сөзден тұратын эссе жазады;
  • Жаратылыстану ғылымдарының зерттеу нысандарына мысалдар келтіріп, өз көзқарасын дәлелдей алады.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

- Жаратылыстану ғылымдарының зерттеу нысандарын ауызша және жазбаша түрде талқылай алады.

-Ғылымның рөлін ауызша түсіндіре алады.

-Бақылау барысында өз ойын айтады және ары қарай жоспарлау үшін зерттеу нысандарын анықтауға ой қоса алады.

Пәнге тән лексика мен терминология:

Зерттеу нысаны, зерттеу мәселесі, анықтама. зерттеу

Айтылымға қажетті сөздер мен сөз тіркестер:

Мен ойлаймын, зерттеу дегеніміз………………….

Менің ойымша ол……………

Менің ойымша, ...зерттеу нысаны болып табылады.

Мұны ... түсіндіруге болады.

Глоссарий

Қазақша

На русском

In English

Бақылау

Наблюдение

Observing

Эксперимент

Эксперимент

Experiment

Зерттеу

Исследование

Research

Әдіс

Метод

Method

Өлшеу

Измерение

Measuring

Ғылыми болжам

Гипотеза

Hypothesis

Табиғат

Природа

Nature

Ғылым

Наука

Science

Құндылықтарды дарыту

  • Оқушылар топта, жұпта жұмыс жасау арқылы бір-біріне көмек көрсетуге, сенімді, әділетті, шыншыл болуға үйренеді.
  • Тақырып бойынша тірек сөздерді үш тілде қабылдау арқылы көптілді орта қалыптастырылады.
  • Оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру жұмыстары жүргізіледі.
  • Сабақ сыйластықты, ынтымақтастықты, академиялық шындықты дарытуға бағытталған.
  • Құндылықтарды дарыту жұптық жұмыстарды ұйымдастыру, жеке жұмыстарды орындау барысында жүзеге асады.

 Пәнаралық байланыстар

Сабақ тақырыбы ғылымның рөлі болғандықтан, бұл сабақта барлық жаратылыстану ғылымдары (география, биология, химия, физика) байланыста болады.

Оқушылар жаратылыстану ғылымдарының зерттеу нысандарын ажырату арқылы, пәндер арасындағы байланысты көре алады.

АКТ қолдану дағдылары

Топтық презентация дайындау барысында ноутбуктарды қолдану;

Ғаламтор арқылы қажетті ақпараттарды таба алу;

Өз бетінше ізденіс

Бастапқы білім

5-сынып, Жаратылыстану, «Ғылым әлемі» бөлімі

5.1.1.1 ғылымның қызметтерін адам іс-әрекетінің түрі ретінде анықтау

5 сынып, Зерттеу жұмыстарын жоспарлау негізінде ғылымның негізігі қызметтерін біледі.

5 сынып, Зерттеу жұмысының мақсатын, болжамын, қажеттіі құрал-жабдықтарды таңдау және оларды қауіпсіз қолдануды жоспарлайды.

ЖОСПАР

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 мин

6-11 мин

1.Ой толғау

Психологиялық ахуал қалыптастыру мақсатында «Аялы алақан» өткізіледі.

Мақсаты: жылылық, сенімділік деңгейін, еркіндікті дамыту.

Нұсқаулық: қатысушылар шеңбер болып отырады. «Бүгінгі сабақтан не алғың, не көргің келеді?» — сұрағын оқушыларға қойып, сұрақтарға жауап алу. Бастапқы қатысушы жанындағы көршісінің қолын ұстайды. Тренинг шеңбер бойымен жалғасады. (Тренинг соңында қатысушылар дөңгеленіп қолдарын ұстайды)

2. Миға шабуыл сұрақтары:

  • Адамдар қандай әдістерді қолдана отырып, табиғатты оқып үйренеді?
  • Адамзатқа көп ғылымдарды меңгеру не үшін қажет?
  • Жаратылыстану ғылымдары нені зерттейді?
  • Зерттеу нысандары қалай анықталады?

Қалыптастырушы бағалау:

  • мұғалім бақылауы және комментарийі;
  • мұғалімнің кері байланысы.

Дескрипторлар

Оқушылар

  • табиғат құбылыстарын сипаттайды;
  • жаратылыстану ғылымдарының зерттеу аясын анықтайды;
  • табиғат құбылыстарын салыстырады және айырмашылықтары мен ұқсастықтарын анықтайды.

Презентация

презентация

Сабақтың ортасы

12-17 мин

18-19 мин

20-28 мин

29-36 мин

3. Жаңа тақырыпты ашу

Оқушылар бейнероликті «Қазақстан табиғаты» көреді, соңынан талдау жасайды.

Бейнероликті талдау

  • Бейнеролик не туралы айтылады?

(оқушылардың ойын білу, пікірлесу, талдау)

Оқушылардың сыни ойлау дағдыларын дамыту

4. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын оқушылар мен бірлесе отырып анықтау.

Осыдан кейін оқушыларды топқа бөлу арқылы жұмыс атқаруын ұйымдастыру.

5. Топтық жұмыс

Топтар «Жаратылыстану ғылымдарының зерттеу нысандарын атау» тақырыбында шағын зерттеу жұмысын әзірлейді

Топқа бөлу, топ басшыларын тағайындау. Топ ережесін, атын даярлау.

(оқушылар презентация дайындайды, соны топта талқылап, ауызша талдайды)

6.Топтық презентация

Бағалау критерийлері

Контент

Дайындығы

Тайм-лимит

Топ мүшелерімен жұмыс

12-16 ұпай топ мүшелері оқу мақсатын Жетті

8-11 ұпай топ мүшелері оқу мақсатына Тырысады

0-7 оқу мақсатына жеткен жоқ.

Осы 4 категория бойынша топтар бірін-бірі бағалайды

Қалыптастырушы бағалау:

  • мұғалім бақылауы және комментариі;
  • критерий бойынша топтардың бағалауы
  • мұғалімнің кері байланысы.

Дескрипторлар

Оқушылар

  • зерттеу нысаны мен сұрағын анықтайды;
  • тақырып бойынша дайындық деңгейін көрсетеді;
  • берілген уақытты тиімді пайдаланып жұмыс жасайды және презентация уақытын үнемді пайдаланады;
  • топ мүшелерімен тығыз байланыста жұмыс жасайды.

Нақты бағалау критерийлері қосымшада көрсетілген.

Қосымша 1

Қазақстан табиғаты бейнеролик

https://www.youtube.com/watch?v=UkbDiCVskqw

10 min SAND TIMER

Интернетке қосылатын ноутбуктер

Қосымша 2

Топтардың презентациясы

Презентация критерийі сайтта дайындалды

http://rubistar.4teachers.org/index.php?ts=1532510201

Сабақтың соңы

37-40 мин

7. Кері байланыс

«Жарқын жұлдыз» әдісі

Етістікпен аяқталатын сөздермен жұлдызды толтыру

8. Үйге тапсырма

Оқушылар барлық мәліметтерді жинақтап, «Жаратылыстану ғылымының рөлі» сұрағына 100 сөзден тұратын эссе жазады.

Кері байланыс

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар

Жаратылыстану ғылымдарының зерттеу нысандарының тізімдерін атай алады.

Оқушылардың көпшілігі

Тақырып бойынша алынған білімін қолданып, зерттеу жұмысын жоспарлайды.

Кейбір оқушылар

Барлық топтардың мәліметтерін жинақтап, жаратылыстану ғылым рөлі сұрағына 100 сөзден тұратын эссе жазады.

  • Сабақ барысындағы мұғалімнің қолпаштау сөздері; «жарайсың», «тамаша», «осылай жалғастыр» тб
  • Топтық жұмысты-өзара бағалау
  • Оқушылар теория жүзінде алған білімдерін өздік және қалыптастырушы бағалау кезінде қолданып, 80% дұрыс тапсырмаларды орындаса оқу мақсатына жетеді.
  • Оқушылар жаратылыстану ғылымдарының зерттеу нысандарын салыстыру барысында сыни ойлау дағдыларын қолдану арқылы сәйкестендіру тапсырмасын орындайды

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақ барысындағы сыныпта қауіпсіздік техникасының ережелерін еске сақтау

Компьютермен жұмыс жасау барысында қауіпсіздік ережесін есте сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу