Экологиялық факторлар. Жаратылыстану, 5 сынып, дидактикалық материал.
Экология — ағзалардың бірі – бірімен қарым - қатынасын және мекен ету ортасымен байланысын зерттейтін ғылым саласы.
«Экология» термині екі грек сөзінен құрылған (грекше oikos — үй, отан және логос — ғылым), 1866 ж. неміс биологы Эрнст Геккел ұсынған.
Мекен ету ортасы — табиғатта тірі ағзаны қоршағанның бәрі.
Жер бетінде төрт негзігі мекен ету ортасы бар, әрқайсысының өз ерекшелігі бар
Су ортасы
Жер үсті – ауа қоршаған орта
Топырақ ортасы
Тірі ағзалар өздері жасаған орта
Экологиялық фактор – кез келген орта жағдайына тіршілік иелерінің бейімделу қабілетімен жауап қайтара алуы.
Экологиялық факторлар үш топқа бөлінеді: абиотикалық, биотикалық және антропогенді.
Абиотикалық факторлар (гр. 'a' — теріс және bіotіkos — тірішілік, өмір) — бейорганикалық ортаның тірі организмдерге жасайтын тікелей немесе жанама әсерлерінің жиынтығы; сыртқы ортаның бейорганикалық, физикалық және химиялық жағдайлары , өлі табиғат факторлары (топырақ қасиеті, тұздылық, жел, радиация).
Биотикалық факторлар — тірі ағзалардың бір біріне және қоршаған ортаға әсер ету формалары (мысалы, өсімдіктердің бунақденелілермен тозаңдануы, бәсекелестік, паразитизм).
Антропогенді факторлар — табиғи қоршаған ортаның жағдайын өзгертуге әсер ететін адам әрекетінің түрлі формалары.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?