Тірі ағзалардың алуантүрлілігі. Тірі табиғат патшалықтары. Жаратылыстану, 5 сынып, дидактикалық материал.
Тірі табиғат дүниесі
Тірі табиғат дүниесі дегеніміз – биологияда ағзалық әлемді жүйелеудің ең жоғары тобы. Дүние жүзіндегі ағзалық әлем, тірі ағзалар 5 дүниеге жіктеледі. Олар: бытыранықтар дүниесі, вирустар дүниесі, саңырауқұлақтар дүниесі, өсімдіктер дүниесі, жануарлар дүниесі.
Бытыранықтар дүниесі. Бұған микроскоп арқылы ғана көрінетін, жасушасында ядросы жоқ барлық бактериялар жатады. Бытыранық – «бытыра» + «нық» сөздерінен құралған сөз. (Орысша – «дробянка», латынша – «михи» – күрделі бөліне алмайтын түйіртпек мағынасында қолданылады.)
Бірклеткалылар немесе қарапайымдылар олар ағзаны жүйелейтін, денесі бір жасушадан тұратын эукариотты ағзалар .Кейде қарапайымдылар колония түзеді.Қарапайымдылар дүниесі – қарапайымдылардың денесі сыртқы ортадан плазмалық мембрана арқылы бөлінген. Өсімдік текті қарапайымдылардың ағзасы полисахаридтер — целлюлоза, пектин т.б. мембрананың сыртында тұратын торлы қабатты түзеді. Талшықтылар, инфузориялар мен споровиктер цитоплазманың үстіңгі қабаты белгілі күйде қалыптасқан , мембранаға жақын –пеликуладан тұрады. Егер қабығы немесе пеликуласы болмаса, қарапайымдылардың пішіні тұрақсыз. Қарапайымдылар панцирия немесе маржан тәрізіді сырқы қаңқалар, әртүрлі пішіндегі ішкі қаңқалар түзеді.Қарапайымдылардың цитоплазмасы 2 қабаттан тұрады: сыртқы-ақшыл , тығыз-экзоплазма; ішкі – қоймалжың, түйіршікті-эндоплазма. Цитоплазмада жалпы клеткалық органеллалар шоғырланған:эндоплазмалық тор, Гольджи аппараты, митохондрия, лизосома және қосымша жасуша цисто қаңқалары.Қарапайымдылардың қозғалыс органелла қызметін жалғанаяқтары, талшықтары мен кірпікшелері атқарады. Жалғанаяқтылар денесі уақытша цитоплазмалық өсінділерден тұрады. Талшықтылар мен кірпікшелілер ішкі құрылымы бірдей, негізі белгілі бір тәртіпте орнласып,сыртынан плазмалық мембранамен жабылған микротүтіктер. Талшықтылар мен кірпікшелілер цитоплазмада базальды денелершікмен байланысқан. Қарапайымдылардың денесінің мембраналы органелласына жиырылғыш және пуьсирлеу вакуольдері жатады. Әр түрінде саны 1-ден 20-ға дейін аралықта артады. Жиырылғыш вакуольдің негізгі қызметі -осмос қысымын реттеу. Автотрофты қарапайымдылардың цитоплазмасында ,бөлек топтардан саны мен пішіні қатты ерешеленетін хлоропластар болады. Гетеротрофтылар мен миксотрофтылар өкілдерінде асқорыту вакуольі түзіледі. Жалғанаяқтылар көмегімен- фагоцитозда немесе пиноцитозда- ұсақ мембрана көпіршіктерінен вакуоль түзіледі. Паразитті қарапайымдылардың көпшілігі осмотрофты қоректенеді. Қорытылмаған астың қалдықтары сыртқы ортаға клетка мембранасы арқылы шығарылады.Қарапайымдыларда ядро болады. Жасушада бір ядро болса, диплоидты немесе гаплоидты болуы мүмкін.Көп ядролы қарапайымдылар да болады мысалы, кірпікшелілер денесінде көп ядро бар, бірақ олардың барлығы бірдей плойдты. Инфузорияда кем дегенде екі түрлі плойдты ядро болады. Үлкен ядро –полиплоидты, организм тіршілігіне жауап беріп, вегетативті деп аталады. Кіші ядро-диплоидты, жыныстық процесіне қатысады.
Саңырауқұлақтар дүниесі. Ботаниктер саңырауқұлақтарды төменгі сатылы өсімдіктерге жатқызып келді. Алайда олардың екі түрлі қасиеті бар. Бірінші қасиеті өсімдіктерге тән. Саңырауқұлақтар орнынан қозғалып жүрмейді. Жасушасы тығыз қабықшамен (жасунықпен) қапталады. Витаминдер синтездей алады. Екінші қасиеті жануарларға тән. Даяр ағзалық заттармен қоректенеді. Жасушасы хитин қабықшамен қапталады. Ағзалық заттарды қорға жинайды. Сондықтан бұлар өз алдына жеке дүниеге жіктеледі.
Өсімдіктер дүниесі. Бұған балдырлар, мүк, плаун (қылшабуын), қырықбуын, қырықжапырақтектестер, ашық тұқымды және жабық тұқымды өсімдіктер жатады.
Жануарлар дүниесі. Бұлар біржасушалы және көпжасушалы жануарлардан құралады. Біржасушалы жануарлардың барлығы және көпжасушалы жануарлардың кейбір түрлері жәндіктер деп аталады. Демек амебадан бастап, қандауыршаға дейінгі омыртқа жотасы жоқ жануарлар жәндіктер болып саналады. Ал балықтар, қосмекенділер, жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілерге жататын өкілдердің барлығы – жануарлар. Өйткені бұлардың арқасында бойлай созылған желісі немесе омыртқа жотасы болады.
Тірі ағзаның негізгі қасиеттері: зат алмасу; қоректену; тынысалу; қажетсіз заттарды бөлу (зәршығару); тітіркенгіштік; қозғалып жүре алу; көбею; өсу; даму және тіршілігін жою. Жануарлар дүниесіне жататын ағзаларда осы қасиеттердің барлығы байқалады.
Тірі ағзалардың барлығына тән қасиет – жасушадан құралады. Жасушада ядроның болуы да, болмауы да мүмкін. Мысалы, вируста жасуша да, ядро да жоқ. Бытыранықта (бактерияда) жасуша бар, бірақ ядросы жоқ. Бұлардың тіршілік әрекеті өсімдікке де, жануарға да ұқсас емес. Сондықтан ғалымдар саңырауқұлақтар дүниесі тәрізді, бытыранықтар мен вирустарды өз алдына жеке дүние етіп топтастырды.
Жануарлардың көпшілігі еркін қозғала алады, ал өсімдіктерде бұл құбылыс сирек байқалады. Біржасушалы балдырлар және бактериялардың да қозғалатыны мәлім. Сондай-ақ желдің әсерінен кейбір өсімдіктер мен өсімдік тұқымдары алыс аумақтарға таралады. Қалай болғанмен де бұлардың қозғалып жүретін арнаулы мүшесі – аяғы жоқ. Дегенмен өсімдіктер мен жануарлар – өзара ұқсастықтары және айырмашылықтары бар тірі ағзаның екі тобы. Олар – табиғаттың біртұтас құрамдас бөлігі.
Қозғалып жүретін мүшелері жоқ жәндіктер де, жануарлар да бар. Оған құрттарды, жыландарды мысал етуге болады. Ал теңіз түбінде мекендейтін көпаяқты маржан бекінген орнынан қозғалып жүрмей-ақ өмір сүреді. Актиниялар теңіз түбінде «табанын» бүгіп-жазып, баяу қозғалады. Медузалар мен каракатицалар реактивті қозғалыс жасап, аяқсыз-ақ шапшаң жүреді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?