Тірі ағзалардың алуантүрлілігі. Біржасушалы және көпжасушалы ағзалар. Жаратылыстану, 5 сынып, дидактикалық материал.
Жануарлар дүниесі біржасушалы және көпжасушалы болып екі тармаққа жіктеледі.
Біржасушалылар мен көпжасушалылардың айырмашылығы
Біржасушалы жәндіктер – денесі бір ғана жасушадан (клеткадан) тұратын, көпшілігі микроскоп арқылы ғана көрінетін ағзалар. Оларды қарапайымдар деп те атайды. Бұл топқа прокариоттар немесе ядросыздар және эукариоттар немесе ядролылар кіреді. Ядросы бар ағзаларға кәдімгі амеба, жасыл эвглена, кірпікшелі-кебісше жатады. Ядросыз ағзалардан ең кең таралаған бактериялар және архейлер. Біржасушалы ағзалар коллониялар түзеді, олар түрдің тіршілігін сақтап қалу мүмкіндігін арттырады. Жай көзге көрінбейтін қарапайым жәндіктердің бар екені ХVІІ ғасырға дейін ғылымда белгісіз болды. 1665 жылы өзі жасаған микроскоппен голландиялық ғалым Антони ван Левенгук (1632-1723) аталық жыныс жасушасын зерттегеннен кейін ғана қарапайым жәндіктердің түрлері ашыла бастады.
Қазіргі кезеңде қарапайымдардың 70 мыңға жуық түрі белгілі.
Біржасушалыларда, жасушаның ішкі құрамын ұстайтын қабықшасы болады. Ядролыларда жақсы қалыптасқан ядросы болады. Ядросыздарда-ДНҚ ірі молекуласы генетикалық ақпаратты сақтайды.
Құрылысы қарапайым сияқты болғанымен, бір жасушаның ішінде асқорыту, тынысалу, заталмасу, қозғалу, көбею, сыртқы әсерлерге жауап беру сияқты кез келген тіршілік иесіне тән тіршілік белгілері үздіксіз жүріп жатады. Қарапайымдардың көптеген түрлері жаңбырдан пайда болатын іркінді су, шалшықтан бастап, көл, теңіз, мұхитқа дейінгі су қоймаларында кездеседі. Топырақта мекендейтіндері де аз емес. Жануарлар мен адамның ішкі мүшелерінде (қанда, ішекте, бауырда және т. б.) паразиттік тіршілік ететіндері де бар.
Біржасушалылардың «қозғалыс мүшелері» - талшықтар, жалғанаяқтар, кірпікшелер немесе газды вакуольдер. Әр бір жасушаның құрамында митохондриалар болады. Олар органикалық заттарды тотықтырып босатылған энергияны жасушада болатын барлық процесстерге жұмсайды. Цитоплазмада жұп вакуольдер болады. Олар асты қорытуға, зәр шығаруға немесе қозғалуға қатысады. Гольджи аппараты ақуыздарды (нәруыздарды) бақылайды, везикулдарда қор заттар сақталады.
Біржасушалы ағзалар, Дарвиннің эволюциялық теориясына теориясына сүйенсек, ғаламшаларда ең алғаш пайда болған ағзалар. Бұл топта біріншіден ядросыздар, ал тек 1,5-2 миллиард жыл бұрын ядролы жасушалар пайда болды
Біржасушалылар негізінен дайын органикалық заттармен (нәруыз, көмірсулар және май тәрізді заттар) қоректенеді. Сондай-ақ олардың ішінде фотосинтез тәсілімен де қоректенетіндері бар. Жарық жоқ көлеңке немесе қараңғы жерлерде эвгленаның жасыл түсі жойылады. Ол жануар тәрізді дайын органикалық заттармен қоректенеді. Ол органикалық заттардың түйіршіктерін жұтпайды. Заттардың судағы ерітінділерін цитоплазманың сыртқы тығыздалған жарғақшасы арқылы сіңіреді.
1-сурет. Амебаның қоректенуі.
Тыныс алуы. Біржасушалы қарапайымдар суда еріген оттегімен тыныс алады. Ол жасуша цитоплазмасына қабықша арқылы өтеді. Оттегінің әсерімен күрделі органикалық заттар (астың қорытылуы) жай заттарға ыдырайды. Мұның нәтижесінде қуат (энергия) бөлініп шығады. Ол ағзаның тіршілік әрекеттеріне жұмсалады.
Зиянды қалдық заттардың сыртқа шығарылуы
Біржасушалы қарапайымдардың цитоплазмасында бір-екі жиырылғыш вакуольдер болады. Бұл вакуольдерде зиянды қалдық заттардың ерітіндісі жиналады. Вакуоль осындай ерітіндіге толған соң жасуша жарғақшасына жылжып келеді де жиырылады. Сол арқылы ішіндегі ерітінді сыртқа шығады. Біржасушалылардың қабықшасы арқылы цитоплазмаға сырттан үнемі өтіп келетін судың артық мөлшері де жиырылғыш вакуольдер арқылы сыртқа бөлінеді. Жасушада түзілген көмірқышқыл газы дененің қабықшасы арқылы тікелей сыртқа шығарылады.
Көбеюі. Біржасушалылардың көпшілігі жыныссыз жолмен көбейеді. Жыныссыз көбею жәндік жасушасының екіге тең бөлінуі арқылы жүреді. Мысалы, эвглена мен амебада ядро екіге бөлінеді. Бөлінгеннен пайда болған ядролар жасушаның екі жағына барып орналасады. Тек осыдан соң ғана жасуша бөліне бастайды. Эвгленаның бұрынғы талшығының қатарында екінші талшық өсіп шығады. Сөйтіп ұзынынан тік бөлінудің нәтижесінде екі жас эвглена пайда болады. Амеба да дәл осылай бөлінеді. Тек онда бөліну процесі көлденеңінен жүреді.
Қарапайымдардың тіршілігін сақтауға бейімделуі. Судың температурасы төмендеген немесе су қоймасының суы кеуіп, құрғап кеткен жағдайларда эвглена талшығын тастап, амеба мен кебісше қозғалысын тоқтатады да денелері жұмырланады. Сыртын қалың қабық қаптайды, сөйтіп тыныштық күйге көшеді. Қолайсыз жағдайлардан қорғайтын бұл қабықшаны циста дейді (грекше: «цистис» – қаптама). Цистаға оранып жатқан кезде олар желмен ұшып немесе басқа жануарлардың денесіне жабысып таралады. Қолайлы жағдай туғанда жәндік цистадан шығып, тіршілігін одан әрі жалғастырады.
Қорытынды. Сонымен қатар біржасушалы жәндіктердің өз ішінде де аз да болса біртіндеп күрделену байқалады. Мысалы, амеба жалған аяқпен қозғалса, кебісшенің «аяғы» – тұрақты кірпікшелер; немесе, кебісшеде ауыз, жұтқыншақ сияқты тұрақты қоректену, асқорыту мүшелерінің бастауы бар. Ендеше, кебісшенің құрылысы күрделірек және дамуы жоғарырақ деңгейде екен, деп қорытуға болады.
Еркін жүріп тіршілік ететін біржасушалылардың табиғатта және адам өмірінде зор маңызы бар. Біржасушалылардың көп түрлері бактериялармен қоректеніп, суды тазартады. Өздері тұщы су шаяндарына, ұсақшаяндарға және балықтар мен шабақтарға, т. б. су жәндіктеріне қорек болады.
Ал теңіздер мен мұхиттарда күн сайын, тіпті сағат сайын қаншама бақалшақты біржасушалы жәндіктер өліп, су түбіндегі шөгіндіні құрайды десеңдерші. Геологтар ондай шөгінділер бар жерлерде мұнайдың мол қоры болатынын анықтады. Біржасушалылардың топырақ түзуде де рөлі бар.
Қарапайымдардың ішінде адам мен жануарлардың әр түрлі мүшелерінде паразиттік тіршілік етіп, түрлі ауру тудыратындары да көп. Солардың бірі – дизентерия амебасы.
Паразиттік тіршілік ететін біржасушалылардың ішінде адамда, жануарларда қауіпті аурулар туғызатындары көп. Оларды жұқтырмау үшін ең бастысы тазалықты сақтау керек. Ол үшін үйді, төсек-орын, киімді, ыдыс-аяқты, азық-түлікті таза ұстап, қолды жуғаннан кейін ғана тамақ ішкен жөн. Паразиттік тіршілік ететін, ауру тудыратын қарапайымдардың көбейіп, таралуына мүмкіндік беретін табиғи ошақтарды үнемі құртып отыру керек.
Көпжасушалы ағзалар – бұл денесі көптеген жасушалардан тұратын индивидумдар. Оларға саңырауқұлақтар, көптеген өсімдіктер мен жануарлар жатады. Олардың ағзалары арнайы жасушалары ұлпаларға, ұлпалар мүшелерге, мүшелер мүшелер жүйелеріне біріккен. Сол арада жүйеге кіретін әрбір жасуша құрамында келесі органоидтар жиынтығы болады: ядро, Гольджи жиынтығы, митохондриялар, вакуольдер, цитоқаңқа, ядро қабықшасы.
Кез келген көпжасушалы ағзаның тіршілігі бір жасушадан, зиготадан басталады. Ол екі ата-ананың жасушаларының қосылуынан түзіледі. Бұндай ағзаның тікелей дамуы немесе онтогенезінің басталуы, көпжасушалылар, біржасушалылардан пайда болғанын дәлелдейді.
Біржасушалы және көпжасушалы ағзалардың айырмашылығы:
- Ең маңызы айырмашылығы денені құрайтын жасушалар саны.
- Жер бетінше алғашқы пайда болған біржасушалылар, ал олардан эволюция бойынша көпжасушалылылар түзілген.
- Біржасушалылардың құрылым деңгейі қарапайым. Көпжасушалылар – құрылыс күрделілек ағзалар
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?