Тірі ағзалардың алуантүрлілігі. Біржасушалы және көпжасушалы ағзалар. Жаратылыстану, 5 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақмерзімді жоспар бөлімі: 5.4 Экология және тұрақты даму | Мектеп: НЗМ ФМБ Кокшетау қ. | |||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Шахметова Ж.Т. | |||||||||||
Сынып: 5 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||||
Сабақ тақырыбы | Тірі ағзалардың алуантүрлілігі. Біржасушалы және көпжасушалы ағзалар. | |||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
| |||||||||||
Сабақ мақсаты |
| |||||||||||
Бағалау критерийлері | Оқушы оқу мақсатына жетеді егер,..
| |||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушы жасай алады:
Пәндік лексика және терминология: Дүние, бактериялар,протистер, саңырауқұлақтар, өсімдіктер, жануарлар, омыртқасыздар, омыртқалылар Диалог/жазу үшін пайдалы сөз тіркестерінің топтамасы Бұл өсімдік немесе протиста болуы мүмкін. Ол қозғала ала ма/қорегін таба ала ма/ омыртқа жотасы бар ма/…? Бұл…болуы мүмкін. Жануарлар қоректі алады және … Бактериялар бір жасушалы ағзалар, оларда жоқ … Протисталар бір жасушалы ағзалар, оларда бар ... Саңырауқұлақтар жасыл емес, себебі … Өсімдіктер… өздері түзеді. Біржасушалы ағза-ұсақ/қарапайым/көзге көрінбейді. Көпжасушалы ағза - үлкен/күрделі/ көзге көрінеді/ Біржасушалы ағзаның бір ғана жасушасы болады. Көпжасушалы ағзада әртүрлі мүшелері бар/көпжасушалы/мүшелері бар | |||||||||||
Құндылықтарды дамыту | Сыйластыққа, бірлестікке, академиялық адалдыққа, үздіксіз оқуға ұмтылыстарын дамыту. | |||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Биология. География. | |||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Қажетті ақапаратты табу, интернет ресурстарын қолдану. Ноутбук немесе планшеттерді ақапаратты табу үшін қолдану. | |||||||||||
Бастапқы білім | Оқушылар ағзаларды топтарға біріктіреді, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтайды. (3 сынып). 2 сынып бағдарламасынан «омыртқалы» және «омыртқасыз» терминдерінің мағынасын түсінеді. Өз аймағының жануарларын анықтайды. (4 сынып) | |||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||
Сабақтың басы 1 мин 2 мин | Ұйымдастыру кезеңі. Оқуға жағымды атмосфера қалыптастыру. Салеметсіздерме! Бүгін өзіңізді қалай сезінесіз? Жаңа тақырыпты меңгеруге дайынсыз ба? Мотивация. Бүгін бізде ерекше сабақ. Оның тақырыбы “Ағзалардың алуантүрлілігі. Біржасушалы және көпжасушалы ағзалар.”. Оқушылармен бірге сабақтың мақсаты мен жетістік критерийлерін анықтау. | |||||||||||
3 мин 3 мин 2 мин 6 мин Сабақтың ортасы 3 мин 4 мин 10 мин 2 мин | Мұғалімнің кіріспе сөзі Starter. Бір жасушаны тірі деп атауға бола ма? (оқушылардың жауаптары мен мұғалімнің түсіндіруі) Жаңа тақырыпты түсіндіру (С) Сіздердің алдарында екі ағзаның суреті. Оларға қарап, айырмашылығын анықтаңыз? Интеррактивті тақтада біржасушалы және көпжасушалы ағзаның суреттері көрсетіледі. Оқушылар олардың айырмашылығын атайды. (Ж) Оқушылар жұпта мұғалімнің көмегімен карточкаларды құрастырады. Біреуінде біржасушалы мен көпжасушалы ағзалардың атаулары, екіншісінде олардың айырмашылық белгілері жазылады. Оқушылармен бірге жұптық жұмыс критерийлері құрастырылады. Сол жұптық жұмыс критерийлер бойынша оқушылар бір бірін бағалай алады. Критерийлер тақтаға жазылады. Бағалау критерийлері:
(Б) Топтар карточкалармен алмасады және олардың дұрыстыңын тексереді. (Т) Сынып топтарға бөлінеді: топта біржасушалы және көпжасушалы ағзалар туралы қысқаша жазылған ақпаратты пайдаланып диаграмма немесе кластер құрастырады. Ақпараттық парағында осы екі ағзалар типтерінің негізгі ерекшеліктері туралы ақпарат болады. Мысалы: бір немесе бірнеше жасушадан тұрады, құрылысы қарапайым немесе күрделі, және амеба, жасыл эвглена, кірпікшелі-кебісше және гидра сияқты мысалдары болады. Кері байланыс оқушы-оқушы, оқушы-мұғалім, бағалау- өзара бағалау мен сыныптастарын критерийлер бойынша бағалау. | Презентация Біржасушалы және көпжасушалы ағзалардың салыстырмасы: http://biology.tutorvista.com/cell/unicellular-and-multicellular-organisms.html http://biology.kiev.ua/tablicy/10-class-tab/kletochnoe-stroenie-jivih-organismov/sravnitelnaya-xarakteristika-odnokletochnyx-i-mnogokletochnyx-organizmov/ Ақпараттық парақтары. | ||||||||||
Сабақтың соңы 3 мин 1 мин | Рефлексия «Жетістіктер баспалдағы» - не білдім, нені үйрендім - не түсініксіз қалды - немен әлі жұмыс жасау қажет Үй жұмысы: Әр бір ағзалар тобына сәйкес 2 сипаттама және 2 мысал келтіретін салыстырмалы кестесін толтыру. Сау болыңыз! Сабақ аяқталды. Назарларыңызға рахмет! | |||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||
Дифференциация белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижеде көрінеді, оқушыға жеке көмек көрсетуде, оқушылардың дағдыларына сәйкес оқу материалын таңдауда, (Гарднер бойынша көптік интеллект теориясы). Барлық оқушылар: біржасушалылар мен көпжасушалы ағзаларға сипаттама береді Көпшілік оқушылар: біржасушалылар мен көпжасушалы ағзалардың ерекшелік белгілерін түсіндіреді; Кейбір оқушылар: біржасушалылар мен көпжасушалы ағзалардың салыстырмалы кестесін жасай алады. | Ауызша- сұрақтарға жауап беруі бойынша, талқылауға қатысуы; Жазбаша –кесте толтыруы бойынша | Денсаулық сақтау технологиялары. Көз гигиенасы мен сымбаттың бұзылмауын қадағалау. Осы сабақта қауіпсіздік ережелерін сақтау. | ||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?