Тірі ағзалардың биоалуантүрлілігі. Жаратылыстану, 5 сынып, сабақ жоспары.


Жаратылыстану пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары

5.4A.Экология және тұрақты даму.

Тірі ағзалардың биоалуантүрлілігі.

Мектеп: Қостанай қаласындағы физика – математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 5

Оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Тірі ағзалардың биоалуантүрлілігі

Сабақ мақсаты

Тірі ағзалардың биоалуантүрлілігін білу.

Бағалау критерийлері:

Оқушы оқу мақсатына жетеді егер

  • «Биологиялық алуантүрлілік» ұғымын біледі;
  • Жануарлар мен өсімдіктерді топтарға қарай жіктей алады;
  • Тірі ағзалардың биоалуантүрлілігін анықтайды.

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:

Алдымен ауызша «биологиялық алуантүрлілік» ұғымын түсіндіру.

Содан кейін жануарлар мен өсімдіктердің топтарын анықтау.

Соңында материктерде мекендейтін жауарлар мен өсімдіктер түрлерін анықтап, постер әзірлеу, сыныпта қорғау, өзара талқылау.

Пәнге қатысты арнайы лексика мен терминология:

Биогеография, биоалуантүрлілік, флора, фауна, тіршілік формасы

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

«Биоалуантүрлілік» дегеніміз …

Өсімдіктер … топтарға бөлінеді.

Жануарлар … топтарға бөлінеді.

Жер бетінде тірі ағзалардың … түрлері кездеседі

Өсімдіктер таралады…..

Қалыптастыратын құндылықтар

Оқушылар бір-бірін құрметтеуге, ынтымақтастыққа, бойында академиялық шындықты дамыту.

Алдыңғы меңгерілген білім

Экожүйе туралы ұғым. Жер бетінде өсімдіктер мен жануарлардың климатқа байланысты атаралтының біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері

Сабақта орындалатын іс-әрекеттер

Оқыту ресурстары

0 - 5

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу,сыныпты түгендеу. Сыныпты жануарлар мен өсімдіктердің суреттері бойынша 4 топқа бөлу. Сабақ басында жағымды орта қалыптастыру. Оқушылардың зейінін шоғырландыру:

- Жаңа сабақта жаңа білім алуға дайынсыңдар ма?

Оқушылардың көңіл-күйлерін сұрау.

ІІ. Сабақ мақсатымен және бағалау критерийлермен таныстыру.

PowerPoint немесе фотосуреттер

5 - 7

7 – 12

12 – 20

ІІІ.Жаңа сабақты меңгеру

«Ой қозғау»

1. Оқушылар жануарлар мен өсімдіктердің қандай түрлерін білесіздер?

2. Жер шарында алғашқы ағзалар қайда және қашан пайда болды деп ойлайсыздар?

(Осындай сұрақтар қою арқылы сабақтың тақырыбына шығуға болады. Сонымен қатар, оқушылар жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін атау арқылы «биоалуантүрлілік» терминінің ұғымын түсінеді).

Бейнеролик «Ағзалардың алуантүрлілігі»

https://www.youtube.com/watch?v=oGkeHyzr-YA

Бейнеролик негізгі идеясы қандай?

«Биоалуантүрлілік» қалай түсінесіздер?

Мұғалімнің түсіндірме бөлігі:

Оқушыларға алғашқы ағзалардың қашан және қайда болғанын айту, терминдерді түсіндіру.

Биогеография – өсімдіктердің, жануарлардың және микроағзалардың, сондай-ақ олардың бірлестіктері – биоценоаздардың географиялық таралу заңдылықтарын зерттейді.

Ағзалардың алуантүрлілігі – біздің ғаламшарымыздағы тірі ағзалардың түрлері (жануарлар, өсімдіктер, экожүйелер) және олардың жіктелуі. Алғаш бұл терминді Г.Бейтс 1892 жылы енгізді.

Флора – өсімдіктер әлемі

Фауна – жануарлар әлемі

22 мамыр – Дүниежүзілік биологиялық алуантүрліліктің күні. 1992 жылдан бері аталып келеді. Басты міндеті: қоғамның зейінін ғаламшарымыздағы жоғалып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктерге аудару.

Халықаралық ұйымдар:

Дүниежүзілік жануарларды қорғау ұйымы;

PowerPoint

үлестірмелі материалдар

бейнеролик

«Ағзалардың алуантүрлілігі»

https://www.youtube.com/watch?v=oGkeHyzr-YA

20 – 25

25 – 40

Тапсырма № 1 (Жеке жұмыс)

Оқушылар суреттер бойынша жануарлар мен өсімідіктерді дәптерлеріне жазбаша жіктейді:

Мәселен келесі суреттерді беруге болады:

Бағалау критерийлері:

Дескрипторлар

Оқушы:

«Биологиялық алуантүрлілік» ұғымын біледі

Жануарлар мен өсімдіктерді топтарға қарай жіктей алады

Өсімдіктер дүниесінің топтарын анықтайды.

Жануарлар дүниесінің топтарын анықтайды.

Тапсырма №2 (Топтық жұмыс)

Картаның көмегімен дүниежүзіндегі ағзалардың алуантүрлілігін анықтау

1 топ: Оңтүстік Американың жануарлары мен өсімдіктері

2 топ: Еуразияның жануарлары мен өсімдіктері

3 топ: Аустралияның жануарлары мен өсімдіктері

4 топ: Африканың жануарлары мен өсімдіктері

Қажетті ресурстар: жануарлар мен өсімдіктер картасы, плакат, түрлі-түсті маркерлер, әр материктің жануарлары мен өсімдіктерінің суреттері. Жұмыс нәтижесін сыныпқа таныстыру. Топтарға өзара бағалау жүргізу. Бағалау критерийлерін оқушылардың өздеріне әзірлетуге болады немесе келесі критерийлерді ұсынуға болады:

Бағалау критерийлері:

1. Мазмұны;

2. Безендірілуі;

3. Топ мүшелерінің толық қатысуы;

4. Регламент.

Бағалау критерийлері:

Дескрипторлар

Оқушы:

Тірі ағзалардың алуантүрлілігін анықтайды.

Әр материктерде мекендейтін жануарларды анықтай алады

Әр материктерде өсетін өсімдіктерді анықтай алады

Материктедегі биоалуантүрлілікті сипаттай алады

PowerPoint

суреттер

сызбалар

А4 қағазы 4 дана

түрлі-түсті маркерлер

қайшы

40 – 45

IV. Қорытынды жасау.

Рефлексия

Үй тапсырмасы: Терминдерді жаттау, мәтінді оқу. Дәптерге қызыл кітапқа енген жануарлардың тізімін құрастыру.

PowerPoint

стикерлер

Қосымша ақпарат

Дифференциациялап оқыту – Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың білімін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-ны қолдану

Барлық оқушылар: тапсырмаларды орындайды.

Төмен қабілетті оқушылар: тапсырмаларды орындауда мұғалімнің көмегіне жүгінеді. Көбірек қолдау көрсету үшін пікірімен келісу.

Қабілеті жоғары оқушылар: Сыни тұрғыдан ойлауға бағытталған тапсырмаларға нақты мысалдар келтіре отырып өз ойларын еркін жеткізеді. Қосымша мәліметтер келтіре алады.

Сабақ үстіндегі талқылаулар және бақылаулар түрінде өтеді.

Оқушылар жұмыстарының нәтижелерін сыныпқа ұсынады, сынып алдында қорғайды. Бағалау критерийлеріне сәйкес өзара бағалау жүргізіледі. Сонымен қатар мұғалім тарапынан кері байланыс беріледі.

Пәнаралық байланыстар – тақырып биология, экология пәндерімен байланысты.

АКТ – Тірі ағзалардың алуантүрлігін көріп-білу үшін қажет.

Денсаулықты және қауіпсіздікті тексеру – Оқушыларға практикалық сабақтар кезінде сыныпта тәртіп сақтау қажеттілігі жөнінде ескерту керек.

Ой толғау

Сабақтың мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Оқушылар бүгін нені білді? Оқу атмосферасы қандай болды? Мен дайындаған дифференциялық жұмыс ойдағыдай болды ма? Мен белгіленген уақытты сақтадым ба? Мен жоспарға қандай өзгерістер және неліктен енгіздім?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты деген сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу