Қозғалыстың маңызы. Қаңқа түрлері. Қозғалыс себебі. Жаратылыстану, 5 сынып, дидактикалық материал.


Қаңқа түрлері

 Қаңқа немесе скелет – адам мен жануарлар денесіне тірек және оны сыртқы зақымнан қорғайтын қатты тіндерден құралған, бір-бірімен байланысқан дене сүйектерінің жиынтығы. Қаңқа организмде тірек, қимыл және қорғаныш қызметтерін атқарады; минералдық заттар алмасуына қатынасып, кальцийфосфор, т.б. тұздардың жиналатын қоры болып табылады. Сондай-ақ организмдегі қан түзілуі процесі де осында өтеді. Қаңқаның тірек қызметі: бұлшық еттершандырлар, ішкі органдар сүйектерге бекітіледі. Қаңқа сүйектері ұзын және қысқа рычагтар қызметін атқарып, бұлшық еттердің жиырылуы нәтижесінде қозғалысқа келеді. Қаңқа органдарды сыртқы әсерлерден қорғайды. Мысалы, бас сүйек қуысы – миды, омыртқа бағанасы өзегі – жұлынды, кеуде торы– жүректі, өкпені, ірі тамырларды қорғайды, ал жамбас астауы – несеп және жыныс мүшелеріне қорғаныш болады.

Жануарларда сыртқы және ішкі қаңқа болады. Сыртқы қаңқа, әдетте омыртқасыз жануарларға, ал ішкі қаңқа омыртқалы жануарларға тән. Көптеген біржасушалылардың сыртқы қаңқасы бақалшақтан құралған. Буынаяқтылардың қаңқасы ерекше зат – хитиннен, шаянтәрізділердің қаңқасы қатты сауыттан, жәндіктерде бірнеше хитин қабатынан тұрады. Кейбір омыртқасыздарда сыртқы қаңқамен қатар ішкі қаңқа болады. Омыртқалы жануарлардың кейбір түрінде сыртқы қаңқа болады. Мысалы, тасбақаларда, қолтырауында – сыртқы сүйек қалқаншалары, балықта – қабыршағы. Ішкі қаңқа дәнекер тінді (бас сүйексіз омыртқалыларда), шеміршекті (төменгі сатыдағы балықтарда) және сүйекті қаңқа ғана жануарларға судан құрлыққа шығып, өз денесін жер үстінде көтеріп, берік ұстауға мүмкіндік береді. Сөйтіп, филогенез процесінде қоршаған ортаға бейімделу барысында біртіндеп қаңқаның дамуының үш сатысы:

  • дәнекер тінді
  • шеміршекті
  • сүйекті қаңқа. Бұл ауысу адам онтогенезі процесінде де қайталанады.

Қаңқаның қызметтері

  • механикалық қызмет;
  • тіректік (ішкі мүшелер, бұлшықет және бүкіл денеге тірек);
  • қорғау (ішкі мүшелерді сыртқы механикалық әсерлерден қорғайды);
  • қозғалыс (сүйектер арасындағы байламдар қозғалысы арқасында);
  • амортизациялаушы (қимылдарды, соққыларды жұмсарту);
  • дене пішінін ұстау;

Биологиялық қызметі

  • қан түзуші (қызыл кемігі);
  • Минералды заттардың депосы (мүшелер мен қанда олардың жетіспеушілігінде олар сүйектен алынады)
  • Адамның тірек-қимыл жүйесінің бөлімдері:
  • Енжар қозғалыс аппараты – сүйекті жүйе (скелет)

Жануарларда қаңқаның 3 типі бар:

  • гидростатикалық қаңқа;
  • Ішкі қаңқа (эндоскелет);
  • Сыртқы қаңқа (экзоскелет).

Гидростатикалық қаңқа көбінесе жұмсақ денелі ағзаларға тән. Дене қуысы сұйықтықпен толтырылып, бұлшықет қабырғасына қысым түсіреді. Осы сұйықтық және қарсы түсірілген қысым іс-қимылға келтіріп, жануарлардың бұлшықетінің жиырылуына, дене пішінін ұстап тұруға көмектеседі. Қаңқаның бұл түрі ішекқуыстыларда, сақиналы құрттарда болады.

Ішкі қаңқа (эндоскелет) кейбір қарапайымдарға тән (кремнийлі құрылым), басаяқты ұлуларда (ішкі бақалшақ), омыртқалыларда (сүйекті және шеміршекті ұлпа). Эндоскелет тірі жасушалардан тұрады және денесімен бірге үздіксіз өседі. Қаңқаның бұл түрі барлық омыртқалыларда ( балықтар, қосмекенділер,жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілер), басаяқты ұлуларда кездеседі.

Фораминиферлердің қаңқасы

Сыртқы қаңқа (экзоскелет) денесінде хитині бар буынаяқтыларға тән. Буынаяқтылардың экзоскелеті – пластинка мен түтікті құрылымнан тұратын қатты, жасушалық емес сыртқы жабын. Түтікті құрылысы шағын қалыңдықта болғанмен елеулі сыртқы орта әсерлеріне төтеп береді. Осылайша, буынды аяқтарының құрылысы жәндіктерді бір мезгілде қорғануын және қозғалуын қамтамасыз етеді. Темірдей мықты эпидермисінің жасушалары ағзаны құрғап кетуден сақтайтын арнайы өңезді қабық – эпикутикула бөліп шығарады. Қаңқаның бұл типі буынаяқтыларда, қарапайымдарда, бауыраяқты және қосжақтаулы ұлуларда болады,

Жәндіктердің зкзоскелеті

Экзоскелеттің өсуі тек дернәсіл кезінде ғана.Белгілі бір уақыттан соң хитинді жамылғысы түсіп, оның орнына жұмсақ жаңасы пайда болады. Осы уақытқа дейін жұмсақ жамылғысы қатайғанша жәндік өсе алады. Бұл кезде жәндіктерді қабілетсіз жұмсақ қаңқасы жыртқыш жауларынан қорғай алмайды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу