Қозғалыстың маңызы. Қаңқа түрлері. Қозғалыс себебі. Жаратылыстану, 5 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Тарау: 5.3D Күш және қозғалыс

ФМБ НЗМ, Шымкент қаласы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Байменова С.Ж.

Сынып: 5

Қатысушылар саны: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Қозғалыстың маңызы. Қаңқа түрлері. Қозғалыс себебі.

Оқу мақсаттары

- тірі және өлі табиғатта қозғалыстың маңыздылығына мысалдар келтіру және түсіндіреді

- әртүрлі жануарлардың қаңқа түрлерінің ерекшеліктерін зерттейді

- денелер қозғалысының себебін анықтайды

Сабақтың мақсаттары

Оқушыларға қозғалыстың маңыздылығын, себебін түсінуге ықпал ету. Қаңқа түрлерін ажырату дағдысын қалыптастыру

Бағалау критерийлері

Қозғалыстың маңызын біледі. Қозғалыстың себебін түсіндіреді. Өлі және тірі табиғаттағы қозғалысты ажыратады. Қаңқа түрлерін ажыратады. Қаңқа түрлерін сипаттауда ағза өкілдерін атайды.

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика және терминология

гидростатикалық қаңқалар, сыртқы қаңқалар, ішкі қаңқалар, қозғалыс, омырқасыздар, омыртқалылар, координация, тітіркендіргіштер, реакция

Диалогқа/жазуға қажетті сөз тіркестері

Гидростатикалық қаңқаларды …байқауға болады

Қаңқалар қозғалуы үшін сыртқы қаңқалы жануарларға және ішкі қаңқалы жануарларға …қажет. Омыртқасыздарда ...... қаңқа. Омыртқалылардың барлығында ... бар

Құндылықтарды дарыту

Өмір бойы оқу. Ашықтық. Ынтымақтастық.

Пәнаралық байланыстар

Физика пәндерінің кейбір элементтері

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақтаны бейнебаян және презентация көру үшін пайдаланады.

Алдыңғы білім

Үйкеліс күшінің дененің қозғалыс жылдамдығына әсерін біледі.

Тірі табиғат пен өлі табиғат нысандарын ажырата алады.

Сабақ барысы

Сабақ қезеңдері

Жоспарланған іс-шаралар

Оқыту ресурстары

Басы

2 минут

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

8 минут

ІІ Жана тақырыпқа шығу жолы.

Жаңа тақырыппен, оқу мақсаттарымен, бағалау критерийлерімен таныстыру

Жұпта талқылау.

Тірі және өлі табиғатты атау. Тірі және өлі табиғатта болатын қозғалысты анықтау.

Оқушылармен талқылау жүргізу.

ИТ презентация

Ортасы

10 мин

Жеке жұмыс.

Оқушыларға таратпалар таратылады. Әр таратпада кез келген қозғалыс бейнелену немесе жазылуы тиіс, мысалы, доптың құлауы, шардын тегіс және бұдыр жерде қозғалысы, тығынның судың бетінде қалқуы және т.б.. Оқушы таратпада көрсетілген қозғалыстың себебін түсіндіруі қажет

Талқылай келе оқушылар әрбір дененің қозғалуына ауырлық күші себеп болатынын түсінуі қажет.

15 мин

Топтық жұмыс.

Оқушылар 3 топқа бірігіп, қозғалыстың маңызын анықтауда Венн диаграммасын толтырады

5 мин

Бағалау

Жаңа тақырып бойынша ашық сұрақтар қою

Сабақтың қорытындысын шығару.

7 мин

10 мин

10 мин

Жаңа сабақты түсіндіру

Оқушыларды тақырыппен, оқу мақсатымен, бағалау критерийлерімен таныстыру.

Бейнеақпарат көру (тірі ағзалардағы қозғалыс)

Талқылау жүргізу.

Қаңқа түрлерімен таныстыру мақсатында оқушылар 3 топқа бірігеді.

  • Топ гидрокаңқаны зерттейді.
  • Топ ішкі қаңқаны зерттейді.
  • Топ сыртқы қаңқаны зерттейді.

«Джигсо» әдісі. Оқушылар қаңқа түрлеріне зерттеулер жүргізеді де әрбір топтан бір топ мүшесі келесі топқа зерттеулерімен таныстырады, осылай әр бір топ барлық қаңқа түрлерімен танысуы тиіс.

https://www.youtube.com/watch?v=L_yb7UY-HPk

10 мин

Бағалау

Оқушылар зерттеулер нәтижесін пайдалана отырып кесте толтыруы қажет. Кесте толтыру нәтижесімен оқушылар бағалау критерийлеріне сәйкес бірін-бірі бағалайды.

Cоңы

3 мин

«Таңдау» әдісі.1. Мен сабақты ____________ болды деп ойлаймын.2. Мен сабақта ____________ үйрендім3. Мен басқаларды _____________ тыңдадым.4. Мен сабақтағы өз жетістіктеріме______________.

Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Денсаулық және қауіпсіздік ережелері

Қабілеті жоғары оқушылар қабілеті төмен оқушыларға көмек көрсетеді. Қабілеті жоғары оқушыға қосымша тапсырмалар дайындау

Жеке, сұрақтарға жауап беру арқылы бағалау. Мұғалімнің қорытынды шығаруы арқылы бағалауы. Оқушылардың бірін-бірі бағалауы.

Партада дұрыс отыру ережесі ескертіледі. Биология кабинетінде қауіпсіздік ережелерін сақтау, 3-4 немесе 7-8 сабақтарда көзге жаттығу жасау.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/ оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болдыма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды?Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге астыма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

1:

2:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу