Қозғалыс. Жаратылыстану, 5 сынып, қосымша материал.
Қосымша 2
Қаңқа немесе скелет – адам мен жануарлар денесіне тірек және оны сыртқы зақымнан қорғайтын қатты тіндерден құралған, бір-бірімен байланысқан дене сүйектерінің жиынтығы. Қаңқа организмде тірек, қимыл және қорғаныш қызметтерін атқарады; минералдық заттар алмасуына қатынасып, кальций, фосфор, т.б. тұздардың жиналатын қоры болып табылады. Сондай-ақ организмдегі қан түзілуі процесі де осында өтеді. Қанның тірек қызметі: бұлшық еттер, шандырлар, ішкі органдар сүйектерге бекітіледі. Қаңқа сүйектері ұзын және қысқа рычагтар қызметін атқарып, бұлшық еттердің жиырылуы нәтижесінде қозғалысқа келеді. Қаңқа органдарды сыртқы әсерлерден қорғайды. Мысалы, бас сүйек қуысы – миды, омыртқа бағанасы өзегі – жұлынды, кеуде торы – жүректі, өкпені, ірі тамырларды қорғайды, ал жамбас астауы – несеп және жыныс мүшелеріне қорғаныш болады.
Қаңқа 200-ден аса сүйектерден тұрады, оның 33 – 34-і сыңар, қалғандары жұп сүйектер; 29 сүйек – бас сүйекті, 26-сы – омыртқа бағанасын, 25 сүйек қабырғалар мен тісті түзеді, қолда – 64, аяқта 62 сүйек болады. Майын арылтып, кептіріп, арнайы өңделген сүйектер бір-бірімен біріктіріліп, жоғары оқу орындарында оқу-тәжірибелік мақсатта пайдаланылады. Мұндай қаңқаның салмағы 5 – 6 кг, дене масасының 8 – 10%-ын құрайды. Тірі адамның сүйектері ауыр болады, олардың салмағы дене массасының 1/5 – 1/7 бөлігін түзеді. Құрылымы мен химиялық құрамы күрделі болатын қаңқа және оны түзетін сүйектер аса беріктілігімен ерекшеленеді. Жануарларда сыртқы және ішкі қаңқа болады. Сыртқы қаңқа, әдетте омыртқасыз жануарларға, ал ішкі қаңқа омыртқалы жануарларға тән. Көптеген бір клеткалылардың сыртқы қаңқасы бақалшақтан құралған. Буынаяқтылардың қаңқасы ерекше зат – хитиннен, шаянтәрізділердің қаңқасы қатты сауыттан, жәндіктерде бірнеше хитин қабатынан тұрады. Кейбір омыртқасыздарда сыртқы қаңқамен қатар ішкі қаңқа болады. Омыртқалы жануарлардың кейбір түрінде сыртқы қаңқа болады. Мысалы, тасбақаларда, қолтырауында – сыртқы сүйек қалқаншалары, балықта – қабыршағы. Ішкі қаңқа дәнекер тінді (бас сүйексіз омыртқалыларда), шеміршекті (төменгі сатыдағы балықтарда) және сүйекті қаңқа ғана жануарларға судан құрлыққа шығып, өз денесін жер үстінде көтеріп, берік ұстауға мүмкіндік береді. Сөйтіп, филогенез процесінде қоршаған ортаға бейімделу барысында біртіндеп қаңқаның дамуының үш сатысы:
- дәнекер тінді
- шеміршекті
- сүйекті қаңқа. Бұл ауысу адам онтогенезі процесінде де қайталанады.[1]
Қаңқаның қызметтері
- механикалық қызмет;
- тіректік (ішкі мүшелер, бұлшықет және бүкіл денеге тірек);
- қорғау (ішкі мүшелерді сыртқы механикалық әсерлерден қорғайды);
- қозғалыс (сүйектер арасындағы байламдар қозғалысы арқасында);
- амортизациялаушы (қимылдарды, соққылардыжұмсарту);
- дене пішінін ұстау;
Биологиялық қызметі
- қантүзуші (қызылкемігі);
- Минералды заттардың депосы (мүшелер мен қанда олардың жетіспеушілігінде олар сүйектен алынады)
- Адамның тірек-қимыл жүйесінің бөлімдері:
- Енжар қозғалыс аппараты – сүйекті жүйе (скелет)
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?