Фотосинтез. Жаратылыстану, 5 сынып, презентация.
Тақырып: Фотосинтез
Оқыту мақсаты: фотосинтездің жүруі үшін қажетті жағдайларды зерттеу;
Бағалау критерийлері:
- Фотосинтезге қажетті жағдайдарды сипаттай алады.
- Фотосинтезге қажетті әр түрлі жағдайдарды зерттейді.
- Экперимент нәтижелерін талдайды, қорытынды жасайды және - - фотосинтезге қажетті жағдайлардың мысалдарын келтіреді
1 топ оқушыларына арналған зерттеу:
Топ оқушылары жапырақта крахмалдың бар-жоқтығын алдымен оны қайнап жатқан суға салады
Сосын ыстық су құйылған химиялық стаканға салынған спирті бар қайнап
жатқан түтікшеге салып тексереді.
Бірнеше минут өткен соң жапырақ ақ түске енеді. Жапырақты жұмсарту үшін
ыстық суға салады.
Сосын жапырақты ақ тақташаға қойып, бетіне йод ерітіндісін құяды.
Нәтижені саралайды, дәптерлеріне жазады
Крахмалдың қажеттілігі:
http://biolicey2vrn.ru/index/obrazovanie_krakhmala_v_listjakh/0-355
2 топ оқушыларына арналған зерттеу:
Оқушылар алдын-ала қара қағазбен жабылған жапырақ пен кәдімгі жапырақты салыстырады.
Жапыраққа жарықтың қажеттігін көрсету үшін оқушылар қара қағазбен жартылай жабылған жапырақтарды пайдаланады.
Жапырақта теңбіл дақтың болуы хлорофиллдің қажеттілігін дәлелдейді.
Нәтижені саралайды, дәптерлеріне жазады
Натрий әгі бар(күйдіргіш натр мен сөндірілген әк ерітіндісі (NaOH + Ca (OH)2 ) пластик пакетпен жабылған өсімдіктер көміртектің қос тотығының қажеттілігін көрсететінін анықтау.
Нәтижені саралайды, дәптерлеріне жазады
Көмірқышқыл газының қажеттілігі:
http://biolicey2vrn.ru/index/neobkhodimost_uglekislogo_gaza/0-357
3 топ оқушыларына арналған зерттеу:
Электронды сайт көмегімен әр түрлі түстердің фотосинтезге әсерін зерттеп,
нәтижесін талқылайды.
http://www.glencoe.com/sites/common_assets/science/virtual_labs/LS12/LS12.html
4 топ оқушыларына арналған зерттеу:
5 топ оқушыларына арналған зерттеу:
Электронды сайт көмегімен әр түрлі факторлардың әсерінің фотосинтезге әсерін
зерттеп, нәтижесін талқылайды.
http://www.kscience.co.uk/animations/photolab.swf
1 топ зерттеу жұмысының қорытындысы:
Жапырақтағы қара қағаздағы жазу боялды, себебі йод крахмалды күлгін түске бояйды.
2 топ зерттеу жұмысының қорытындысы:
Жапырақта фотосинтез процесі жүруі үшін міндетті түрде күн сәулесі қажет, онсыз фотосинтез процесі өсімдіктерде жүрмейді.
3 топ зерттеу жұмысының қорытындысы:
Өсімдік жапырағын йод ерітіндісі бояй алмады, себебі өсімдік жапырағына қажетті крахмал түзілмеді. Органикалық заттар (крахмал) – тек қана көмірқышқыл газы мен су болғанда ғана түзіледі.
4 топ зерттеу жұмысының қорытындысы:
Күн сәулесі әр түрлі түстерді шағылыстыру арқылы фотосинтез процесі үшін түстердің де әсері бар. Мысалы, қызыл және көк түстерді хлорофилл жақсы сіңірсе, ал сары, жасыл түстерді шағылыстырады.
5 топ зерттеу жұмысының қорытындысы:
Қолайлы температура – 25 °С
Көмірқышқыл газының болуы – жоғары деңгейде (бірақ ұзақ уақыт жоғары болып тұруы емес)
Жарық – орташа
Талқылау
1. Фотосинтез үрдісі үшін кажетті қандай жағдайларды тәжірибе жүзінде көрдіңдер?
2.Жапырақта крахмалдың қызметі қандай?
3.Фотосинтез процесінде жарықтың маңыздылығы неде?
4.Тәжірибелік бөлімде не ұғындыңдар?
5. Қара қағазбен жабылған жапырақ неліктен ақ түсті?
6.Жапыраққа неліктен йод тамыздың? Бұл көрініс нені білдіреді?
Кері байланыс
Үйге тапсырма: сайт сілтемесі бойынша ақпаратпен танысып, тапсырамасын орындау
http://www.bilimmedia.kz/upload/content/lesson/14717/media/d3aed05e2ac992a51cc926040377342e/scorm-emt.html?sco=content%2Fscript_00003.emt.xml&title=%E2%84%9628.+%D0%A4%D0%BE%D1%82%D0%BE%D1%81%D0%B8%D0%BD%D1%82%D0%B5%D0%B7%D0%B3%D0%B5+%D1%8B%D2%9B%D0%BF%D0%B0%D0%BB+%D0%B5%D1%82%D0%B5%D1%82%D1%96%D0%BD+%D1%84%D0%B0%D0%BA%D1%82%D0%BE%D1%80%D0%BB%D0%B0%D1%80&api=13
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?