Микроскоппен жұмыс. Жаратылыстану, 5 сынып, қосымша материал.


1 Мәтін: Микроскоппен жұмыс істеу тәртібі

  • Микроскоппен отырып қана жұмыс істеу керек. Оны үстелдің шетіне (5-8 см қашықтықта) орнықты етіп қояды. Жұмыс істеп болғанша микроскопты орнынан қозғамайды.
  • Қарайтын заттың дайын препаратын микроскоптың зат үстелшесі ортасындағы тесікке дәл келтіріп орналастырады
  • Қозғалмалы айна арқылы заттық үстелшедегі препаратқа жарық түсірілуі тиіс (жарықтың түскен-түспегенін окулярға қарап бақылайды).

4. Бұрандамен зат анық көрінгенше көру түтігін ептеп қана жоғары немесе төмен қозғайды. Объективпен көретін заттың ара қашықтығы мөлшермен 1 см-дей болғанда, зат анық көріне бастайды.

5. Жұмыс істеп болған соң микроскопты қабына салу қажет. 6. Микроскопты түрлі химиялық реактивтермен қатар қоюға болмайды, бөлек таза шкафта сақталады.

Микроскоптан басқа майда затты (3-5 есе) сәл үлкейтіп көрсететін, құрылысы қарапайым құрал – ұлғайтқыш қол әйнегі (лупа). Оның негізгі бөлімі – екі жағы бірдей дөңес шыны (линза). Пайдалануға ыңғайлы болу үшін шынының айналасы құрсауланған, қолмен ұстайтын сабы бар. Ұлғайтқыш әйнектің сабынан ұстап, заттың бейнесі анық көрінгенше затқа біресе жақындатып, біресе алыстатып қарайды.

Ұлғайтқыш қол әйнегінен күрделірек тұтқалы ұлғайтқыш әйнек болады. Ол затты 10-25 есе үлкейтеді. Тұтқалы ұлғайтқыш әйнектің де табаны (микроскоптікіндей), зат қоятын үстелшесі (тұтас тұнық әйнектен жасалған), қозғалмалы айнасы бар. Көру түтігін қозғайтын бұрандасы болады. Қарапайым көру түтігінің бір жағы – окуляр, екінші жағы – объективі. Затты көру тәртібі микроскоптағыдай.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу