Тірі табиғаттағы үдеріс. Жаратылыстану, 5 сынып, презентация.


Сабақтың мақсаттары

5.4.2.1. Тірі ағзалардың қасиеттерін сипаттайды және

5.4.2.2. Тірі ағзалардың құрылымдық деңгейлерін сипаттау

Сабақтың тақырыбы:

Тірі табиғаттағы үдеріс

Зат және энергия алмасу

бұл тіршілікті қолдау негізіне жататын барлық тірілік атаулының жалпы қасиеті. Тірі ағзалар қоршаған ортадан белгілі заттарды сіңіре алады. Оларды басқа түрге айналдырады да, солардың өзгеруі есебінен энергия алады. Осы заттардың қажетсіз қалдықтарын қоршаған ортаға бөліп шығара алады. Зат алмасу энергетикалық (катаболизм, диссимиляция – заттардың ыдырауы) және икемді (анаболизм, ассимиляция - синтез, қор заттары) алмасу болып бөлінеді. Оның үстіне тірі ағзалар денесін құрайтын өзіне тиесілі заттар синтезінде энергия шығындайды. Ол икемді алмасудың (анаболизм) бөлігі болып табылады.

Тітіркенгіштік - тірі жүйелердің сыртқы және ішкі әсерге (өзгерістерге) жауап қайтара алу қасиеті. Адам ағзасындағы тітіркенгіштік көбінесе жүйке, бұлшықет және безді ұлпалардың қасиеттеріне байланысты болады. Бұлар жүйке серпілісі, бұлшықет жиырылуы немесе заттар секрециясы (сілекей, гормондар, т. б.) түріндегі әрекетке жауап қайтару арқылы жүзеге асады. Жүйке жүйесі жоқ тірі ағзаларда тітіркенгіштік қозғалыс кезінде көрініс береді. Мәселен, амебалар немесе домаланғылар (вольвокс) концентрациясы жоғары тұзды қолайсыз ерітіндіден кетіп қалады. Ал өсімдіктер жарықты молырақ сіңіру үшін өркенінің қалпын өзгертеді (жарыққа ұмтылады).

Қозғалыс (қимыл) - орын ауыстыра алу қасиеті. Бұл да тірі нәрсеге ортақ қасиет, дегенмен бір қарағанда бекініп орныққан ағзалар қозғала алмайтын тәрізді болып көрінеді. Кез келген тірі ядролы (эукариотты) жасушада цитоплазма қозғалыста болады. Тіпті бекініп орныққан жануарлар әдетте аздап қозғалыс жасайды. Өсімдіктерге «өсу» қимылы тән қасиет, ол жасушалар саны мен мөлшерінің ұлғаюы есебінен жүзеге асады

Көбею - тірі ағзаларға ортақ қасиет, ол тіршіліктің ұрпақтар қатарында, яғни тарихи ұласуын қамтамасыз етеді. Бұл өзін-өзі көшірмелеудің қарапайым ғана қасиеті емес. Көбею барысында бастапқы аналық (ататек) ағзаның қасиеттері мен белгілері сақталады. Сонымен бірге өзгергіштік те пайда болады. Көпжасушалы ағзада жасушалар өсу негізінде көбейеді. Біржасушалылар зат алмасу, сондай-ақ цитоплазмалар көлемі мен органоидтар санын арттыру есебінен өседі.

Даму - жаратылым (организация) деңгейінің барлығына тән қасиет. Тірі жүйелер - молекулалық және жасушалық жүйеден биосфераға дейін ғаламшарымыздағы ағзаларды біртұтас алғанда - өз кезінде өзгере, дами және әбден жетіле алады. Бұл өзгерістер белгілі заңдылық сипатта болады. Өлі жүйелер де дамиды. Мысалы, тау жүйелері түзіледі, өседі, «ескіреді», бүлінеді. Тек тірі нәрсе ғана жаратылым деңгейін арттырып, дами алады. Мұны жасушалы деңгейден де бақылап отыруға болады

1Молекулалық деңгей

2Жасушалық деңгей

3Ұлпалық деңгей

4Мүшелік деңгей

5Организмдік деңгей

6Популяциялық-түрлік деңгей

7Биогеоценоздық деңгей

8Биосфералық деңгей

Тірі ағзалардың құрылымдық деңгейлерін сипаттау

Молекулалық деңгей

Бұл тіршілікке тән бастапқы ең қарапайым деңгей. Кез келген тірі организм құрылысының қарапайымдылығына немесе күрделілігіне қарамай, оның бәрі де біркелкі молекулалық қосылыстардан тұрады.Оған мысал ретінде, нуклеин қышқылдарын, нәруыздардың, көмірсулардың және т.б органикалық және бейорганикалық заттардың күрделі молекулалар жиынтығын атауға болады.

Жасушалық деңгей

Жер бетіндегі тірі организмдердің көпшілігінің құрылымдық және қызметтік бірлігі жасушадан тұрады. Жасушалық деңгейде оның құрамындағы жеке органоидтердің өзіне тән құрылысы болады және олар жасушада белгілі бір қызмет атқарады.Жасушадағы жеке органоидтердің атқаратын қызметі өзара бір бірімен тығыз байланысып жасушадағы біртұтас тіршілік процестерін жүзеге асырады.

Ұлпалық деңгей

Ұлпалық деңгей тек көп жасушалық организмдерге тәне қасиет. Жеке ұлпаларда өз алдына тұтас организм бола алмайды.Мысалы, өсімдік мүшелеріндегі ұлпалар түзуші, жабын, тірек, өткізгіш және бөліп шығарушы деп аталады.

Мүшелік деңгей

Көп жасушалы мүшелік деңгей көп жасушалы организмдерде шығу тегі, құрылысы және атқаратын қызметі біркелкі ұлпалар жиналып мүшелік деңгейді құрайды.Әрбір мүшенің құрамында бірнеше ұлпа кездеседі және бір ұлпа ғана басым болып келеді. Әрбір жеке мүшеде тұтас организм бола алмайды. Құрылысы мен атқаратын қызметі ұқсас бірнеше мүшелер бірігіп жеке мүшелер жүйесін құрайды

Организмдік деңгей

Денесі бір ғана жасушадан тұратын өсімдіктер мен жануарлар өз алдына жеке организм. Ал көп жасушалы организмдердің жеке бір дарасы жеке организм деп есептеледі. Жеке организм денесінде тірі организмдерге тән барлық тіршілік процестері: қоректену, тыныс алу, зат алмасу, тітіркену, көбею және т.б процестер жүреді.

Популяциялық-түрлік деңгей

Өзіне тән табиғи орта жағдайында бір түрге жататын белгілі бір аймақта таралған даралардың жиынтығы популияцияны құрайды. Популияциялық деңгейде ғана алғаш рет қарапайым эволюциялық өзгерістер байқалады, бірте бірте жаңа түрдің пайда болуына септігін тигізеді

Биогеоценоздық деңгей

Биогеоценоздық деңгей - құрылымдық деңгейі әр түрлі бір табиғи орта жағдайында ғана тіршілік етуге ғана бейімделген көп түрлі организмдердің жиынтығы. Оны кейде табиғи бірлестік деп те атайды. Биогеоценоздың құрамында бейорганикалық және органикалық қосылыстар және тірі организмдер болады.

Биосфералық деңгей

Биосфералық деңгей - жер ғаламшарындағы барлық тірі организмдер мен олардың тіршілік ететін жалпы табиғи орта жағдайларының жиынтығы.Биосфералық деңгейде бүкіл жер бетіндегі заттар мен энергияның айналымы биосферадағы барлық тірі организмдердің тікелей қатысуы арқылы жүріп отырады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу