Тірі және өлі табиғаттағы процесстер. Жаратылыстану, 5 сынып, дидактикалық материал.
Тірі организімдердің негізгі қасиеттері және тіршілік деңгейлері.
Тіршілік дегеніміз- құрлымы нәруыздармен нуклеи қышқылдарының күрделі биологиялық полимерлерінен тұратын , өзін өзі реттейтін , өзінен кейін өзі тектес ұрпақ қалдырып отыратын тірі организімдер жиынтығының ашық жүйесі .
Өлі табиғаттан тірі организімдерді өздеріне тән негізгі қасиеттері арқылы бірден ажыратуға болады. Тірі организімдерге тән негізгі қасиеттер :
- Тірі организімдердің химиялық құрлымының біркелкі болуы.
Тірі организімдердің құрамында табиғатта кездесетін 70 тен астам химиялық элемеіттер болады. Тірі организімдер құрамындаы органикалық молекулалардың өздеріне тән ерекшеліктері бар және олар тірі организімдерде белгілі қызымет атқарады. Осы органикалық қосылыстардың негізгі тобына нуклеин қышқылдары және нәруыздар жатады.
- Тірі организімдердегі заттар мен энергияның алмасуы.
Қоршаған ортамен тірі организім арасында үнемі заттармен энергия алмасуы жүреді. Зат алмасу кезінде тірі организімдер өздеріне тән қоректік заттарды сіңіріп тіршілік әрекетінен пайда болған ыдырау өнімдерін сыртқа шығарады.
- Тірі организімдердің тұқы қуалаушылығы
Тұқым қуалаушылық арқылы тірі организімдер өздерінің белгілерін , қасиеттерін және ерекшеліктерін ұрпақтарына беріп отрады.
Тұқым қуалаушылық қасиет арнайы құрлымы бар заттардың генетикалық коды арқылы беріледі.
- Тірі организімдердің өсуімен дамуы
Тірі организімдерге тән қасиеттердің бірі –олардың өсуімен дамуы. Организімдер өскен кезде жасушалар санының артуыынан жеке мүшелері ұлғаяды, жас даралар бірте –бірте үлкейеді. Даму арқылы жаңа қасиеттер пайда болады.
- Тірі организімдердің тітіркендіргіштігі
Кез келген тірі организім сыртқы орта жағдайларымен және басқада организімдермен өзара тығыз байланыста болады. Тірі организімдер қоршаған орта жағдайларының әртүрлі тітіркендіргіштеріне түрліше жауап қайтарады.
Тірі организімдердің тіршілік деңгейлері
Табиғаттағы барлық тірі организімдер бір-біріне ұқсас біркелкі құрлымдық деңгейлерден тұрады, бұл жалпы тірі организімдердің бәріне тән биологиялық заңдылық болып саналады.
- Молекулалық – генетикалық деңгей
Бұл тіршілікке тән бастапқы қарапайым деңгей , кез келген тірі организім құрлысының қарапайымдылығына немесе күрделілігіне қарамай оның бәрі де біркелкі молекулалық деңгейден тұрады. Оларды кейде макромолекула депте атайды.
- Жасушалық деңгей
Жер бетіндегі тірі организімдердің көпшілігінің құрлымдық және қызыметтік бірлігі – жасушадан тұрады. Жасушалық деңгейде оның құрамындағы және органоидтардың өзіне тән құрлысы болады және олар белгілі бір қызмет атқарады.
- Ұлпалық деңгей
Шығу тегі , құрлысы және атқаратын қызыметі бірдей жасушалармен жасуша аралық зааттардың жиынтығынан ұлпа түзіледі. Ұлпалық деңгей тек көп жасушалы организімдерге тән .
- Мүшелік деңгей
Көп жасушалы организімдерде шығу тегі және атқаратын қызыметі бірдей ұлпалар жиналып мүшелік деңгейді құрайды. Әрбір мүшенің құрамында бірнеше ұлпа кездеседі және бір ұлпа ғана басым болып келеді.
- Органиімдік деңгей
Денесі бір ғана жасушадан тұратын өсімдіктер мен жануарлар өз алдына жеке организім болып табылады. Ол көп жасушалы организімдердің жеке бір дарасы .
- Популяциялық түрлік деңгей
Бір түрге жататын өзіне тән табиғи орта жағдайында , белгілі бір аймақта таралған даралардың жиынтығы популяцияны құрайды.
Популяция дегеніміз – бір түрдің жеке өз алдына оқшауланған әрі көптеген даралардан тұратын тобы .
- Биосфералық деңгей
Жер ғаламшарындағы барлық тірі организімдер мен олардың тіршілік ететін жалпы табиғи орта жағдайларының жиынтығы биосфералық деңгейді құрайды. Биосфералық деңгейде бүкіл жер бетіндегі заттар мен энергияның айналымы биосферадағы барлық тірі организімдердің тікелей қатсуы арқылы жүріп отрады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?