Қатты, сұйық және газтектес заттардың құрылысы. Жаратылыстану, 5 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.2A Заттардың кұрылысы мен қасиеттері. | Мектеп: | ||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||
Сынып: 5 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||
Сабақ тақырыбы | Қатты, сұйық және газтектес заттардың құрылысы | ||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 5.3.1.1 бөлшектердің сұйық және газтектес заттарда таралуын түсіндіреді 5.3.1.2. заттардың қатты, сұйық және газ күйіндегі құрылымын бөлшектер теориясына сәйкес түсіндіреді | ||||||||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар білуі керек: - газдар мен сұйықтарда бөлшектердің таралуын түсіндіреді Көптеген оқушылар мынаны жасай алуы керек: - бөлшектер теориясына байланысты газ, сұйық және қатты заттардың құрылысын түсіндіреді | ||||||||||
Бағалау критерийлері | Оқушылар оқу мақсатына жетеді, егер - сұйықтар мен газдарда бөлшектердің таралуын түсіндірсе - бөлшектердің теориясы тұрғысынан қатты, сұйық және газ тектес заттардың құрылымын түсіндіреді | ||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Пәнге қатысты лексика және терминология: заттың агрегаттық күйі, өзгеріс, физикалық құбылыс, химиялық құбылыс Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:
Егер зат судың бетіне ………, оның тығыздығы судың тығыздығынан … | ||||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Топ жұмысы – ұжымшылдық, ортақ істің нәтижесіне жауапкершілік; Өмір бойы білім алу,температурасына сәйкес заттардың фазалық өту ұғымдарың дамыту. Заттардың қасиеттері туралы білімнің мәнін түсіну | ||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Дүние тану – заттардың әртүрлі агрегаттық күйлері ретінде мысал:таулар, өзендер,теңіз және мұхиттар, ауа. | ||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Power Point презентациямен жұмыс немесе интернет арқылы видео көрілім.. | ||||||||||
Бастапқы білім | Заттарды агрегат күйіне қарай жіктеу және оларды сипаттау. | ||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||
Сабақтың басы | Мұғалім: - Балалар, берілген тәжірибеге көңіл аударындар. Мұғалім ыдыстағы суға бірнеше тамшы бояғыш заттан тамызады. -Сендер не көрдіндер? - Өз бақылауларынды сипаттаңдар. -Бақылаған тәжірибелеріне қорытынды жасандар. (Оқушылар бояғыш заттардың бөлшектері қозғалып және су бөлшектерінің арасында таралатынына қорытынды жасау керек.) Ары қарай мұғалім хош иісті заты бар шөлмектің қақпағын ашады. Кейбір оқушылар хош иісті сезгеннен кейін. - Балалар, сендер не байқадындар? (Заттын исі бөлмеге таратылды.) - Бұл қалай болды және неліктен? (Себебі хош иісті бөлшектер бөлмеге таралады. ) - Сендер калай ойлайсындар, заттың қандай күйінде (газ немесе сұйық ) молекулаларының таралуы тез өтеді? Неліктен, түсіндіріндер? (Сұйықта бояу баяу таралады, ал иіс бөлмеде тез таралады) және оқушылардан болған өзгерістерді түсіндірулерін сұраныз. Диффузия ұғымын түсіндіреді. - Алдыңғы тәжірибені негізге ала отырып болжандар, газдар мен сұйықтарда бөлшектер қалай орналасқан? Қалай ойлайсындар, бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаты қандай? Сабақтың тақырыбы:Заттардың кұрылысы мен қасиеттері. Оқу мақсаты: - бөлшектердің сұйық және газтектес заттарда таралуын түсіндіреді - заттардың қатты, сұйық және газ күйіндегі құрылымын бөлшектер теориясына сәйкес түсіндіреді | Бөлшектер теориясы түсінігі https://www.le.ac.uk/se/centres/sci/selfstudy/particle01.html Бөлшектердің орнын визуалдау үшін интернеттегі компьютерлік моделдеуді пайдалануға болады. http://demonstrations.wolfram.com/MolecularMotionInSolidsLiquidsAndGases/ https://www.youtube.com/watch?v=MvXYmqr1HZ | |||||||||
Сабақтың ортасы
| – Қатты, сұйық және газдардың құрылысы қандай,сол жайлы ойланып көріндерші. Оқушыларға қатты денені сығып көруге берініз және көлемі өзгермитінің байқасын, әр түрлі пішіндегі контейнерлерге суды құйғандағы өзгерістерді бақыландар, ауа толтырылған шардағы газбен ойнау және т.б. Суреттің көмегімен қатты,сұйық және газдардағы бөлшектердің орналасуы жайлы болжамдарынызды жұппен талданыздар. Оқушылар қағазға немесе мини тақташаларында әртүрлі заттардағы бөлшектердің орналасуын салуға болады. Сұрақтарды қою арқылы, оқушыларды талқылауға тартыңыз. Нәтижесінде оқушыларды заттар ұсақ бөлшектерден тұрады және олардың орналасуына заттардың агрегаттық күйлері тәуелді деген қорытындыға жеткізіңіз. Қатты, сұйық және газ күйіндегі заттардағы бөлшектердің орналасуын бөлшектер теориясы тұрғысынан түсіндіріңіз. (С) Оқушылардытоптарға бөліп рөлдік ойынға қатыстырыңыз. 1 топ – газдарда бөлшектер қалай орналасқаның көрсетеді; 2 топ – сұйықта бөлшектер қалай орналасқаның көрсетеді; 3 топ – қатты заттарда бөлшектер қалай орналасқаның көрсетеді. Басқа топтардың жұмысын бағалауға мұғалімі критерийлерін береді немесе өздері құрастырады, мысалы: Әр критерии 1 ден 3 ұпай аралығында бағаланады. 1.Ойындар идеясы (ойынның мақсаты мазмұнын сәйкес); 2.Артизмі; 3.Топтың жұмысының үйлесімдігі; | Тақырыптық материалдар 1 және 2 Қатты,сұйық және газ күйіндегі денелердің құрылысы http://class-fizika.spb.ru/index.php/10-11cl/894-td2 http://structuresubstan.narod.ru/6.htm http://school-collection.edu.ru/catalog/res/5ae9b7f4-71b9-4af7-a9dc-ff58a82694fa/ http://lib.convdocs.org/docs/index-88698.html http://edu.dvgups.ru/METDOC/ENF/HIMIJ/HIMIJ/METOD/UP/frame/8.htm http://www.tepka.ru/fizika_6/24.html Бағалау түрі: Топ жұмысын өзара бағалау | |||||||||
Сабақтың соңы | Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: - нені білдім, нені үйрендім? - нені толық түсінбедім? - немен жұмысты жалғастыру қажет? | ||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады | Тақырыпты оқу барысында сұрақтарға берілген жауаптар бойынша мұғалімнің сабақтың басында және ортасында ауызша бағалауы жүргізіледі. Рөлдік ойынды бағалау топтардың бір-бірін өзара бағалауы арқылы жүргізіледі. | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | |||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды