Жер туралы жалпы мағлұматтар. Жаратылыстану, 5 сынып, дидактикалық материал.


Жердің пайда болуы туралы болжамдар

Ғылыми деректер бойынша Күн жүйесіне жататын Жер ғаламшары бұдан 4,5—5 млрд жыл бұрын газды-шаңды тұманнан пайда болған. Мұндай газды- шаңды материя қазіргі кезде жұлдызаралық кеңістікте де кездеседі. Жердің жаратылысын және оның алғашқы даму сатысының өзіндік ерекшеліктерін дұрыс түсіну үшін, космогониялық зерттеу жұмыстарының маңызы ерекше зор. Жердің жаратылысы туралы проблема, жерді зерттейтін ғылым-дардың алғашқы қалыптасу сағатынан бастап, осы уақытқа дейін жалпы Күн жүйесінің пайда болу проблемасымен тікелей байланысты түрде бірге қарастырылып келді. Ол жайында көптеген болжамдармен көзқарастар бар.

И.Кант алғаш рет планеталардың қозғалу заңдылығына Космогония тұрғысынан түсінік берді. Ол планеталар жүйесі орталық дене – Күнді бірыңғай айналатын шашыранды материядан түзілген деген болжам жасады. Бұл болжам Канттың «Жалпы жаратылыстану тарихы және аспан тарихы» (1775) деген кітабында жарияланған. Канттың болжамы бойынша: Бүкіл әлем — өте ұсақ бөлшектерден құралған ең алғашқы материядан тұрады; жұлдыздардың, Күннің және т. б. ғарыштық денелердің құралуы — дүниежүзілік тартылыс заңы бойынша, суық күйдегі алғашқы ұсақ бөлшектердің ретсіз (хаостық) қозғалысы жағдайында, жеке бөлшектердің бір-біріне тартылып, ірі денелер түрінде бірігуімен байланысты; ірілі-ұсақты ғарыштық денелер бір-бірімен әр түрлі жылдамдықпен соқтығысып, соның нәтижесінде олар кейінірек біртіндеп белгілі бір жүйе бойынша орталық денені айнала қозғалату болады.

Қырық бір жылдан кейін француз ғалымы — математик С. Лаплас (1796 ж.) Күн жүйесіне карасты планета-лардын, жаратылысын өзінше түсіндіреді: ыстық күйдегі алғашқы газ-тозаңды тұмандықтар бүкіл дүниежүзілік тартылыс заңы бойынша белгілі бір орталық денені айнала қозғалуларының нәтижесінде біртіндеп тығыздала келе әр түрлі денелерге жіктеледі. Ондай тұмандықтың орталық бөлігінде ядролық дене қалыптасады. .Лаплас Күн жүйесінің пайда болуы туралы Кант болжамына ұқсас өз болжамын ұсынды. Алайда Лаплас болжамы бұрын тез айналып, орталықтан тепкіш күштің әсерінен жеке заттар бөліп шығарған Күннің қазір жай айналатындығын түсіндіре алмады.

Ж.Бюффон (1707-1788) өз шығармаларында Жердің қалдықтардан пайда болғандығын зерттейді, ол кометаның соғуынан Күннен алшақтап кеткен деп ойлаған. Ж.Бюффон Жердің суу салдарынан атмосфера буларының конденсациясы нәтижесінде жер Әлемдік мұхитпен қапталды. Материяның тірі бөлшектерінен аздаған жануарлар мен өсімдіктердің формалары түзілген, олардан климаттың, қоректің және гибридизацияның өзгерістері салдарынан қалған түрлер пайда болған. Африка және Оңтүстік Американың кейбір жануарлары арасындағы ұқсастықтарды Ж.Бюффон ол материктер ертеректе бір бүтін болуымен түсіндіреді, ол қазіргі замандағы материктер дрейфі теориясына бастама берген. Ол сонымен қатар, омыртқалы жануарлардың, сондай-ақ адамның құрылыстарының бірдейлігіне назар аударады, адам және маймылдар құрылыстары бір деген қорытындыға келеді.

18 ғасырдың соңына қарай В.Гершель жұлдыздық аспанды өзі жасаған телескоппен бақылап, пішіні сопақ тұмандықты ашты, оның орталық ядросына жақындаған сайын қоюлана түсіп, тығыздығы артатындығын байқады. Осыдан тұмандықтың «қоюлануы» арқылы жұлдыздардың пайда болатындығы туралы болжам келіп шықты. Гершельдің осы бақылауына және планеталардың қозғалу заңдылығына сүйеніп, 20 ғасырдың 20–30-жылдарында ағылшын физигі және астрофизигі Дж.Джинс болжамы көпке танылды. Бұл болжам бойынша, планеталар басқа бір шомбал жұлдыздың Күн маңайынан өтуі кезінде Күннен бөлініп шыққан ыстық заттан пайда болған деп есептелді.

Шмидт – Фесенков, Ғарышты зерттеген ғалымдардың соңғы деректері бойынша аспан денелері бұдан 4,5—5 млрд жыл бұрын пайда болған. Жер шары алғаш пайда болғанда оның құрамында оксидтер, карбонаттар, металл карбидтері және жанартаулардың (вулкандардың) атқылауынан түзілген газдар басым орын алған. Жер бетінде температураның көтерілуіне радиоактивті қосылыстардың ыдырауы және Күннің ультракүлгін сәулелерінің көптеп түсуі де әсер еткен. Бұл кезде Жер шарындағы су бу күйінде ғана таралған. Ауаның жоғары қабаттарындағы өте салқын кеңістіктерде, су булары жинақтала келе бұлтқа айналған. Одан жауған нөсер жаңбыр жер бетіндегі ыстық тастарға түсіп, қайта буға айналып, қайтадан атмосфераға қосылып отырған.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу