Материктер мен дүние бөліктері. Жаратылыстану, 5 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Қысқа мерзімді жоспар:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Материктер мен дүние бөліктері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.2.6.1 материктерді және жер шары бөліктерін игереді және зерттеу тарихын сипаттайды

 Сабақ мақсаттары

•материктер мен жер шары бөліктерін игеру тарихын сипаттай алады;

 Бағалау критерийлері

Оқушылар материктер мен мұхиттарды біледі. Картадан көрсете алады. зерттеу тарихымен танысады.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

•мәтіндік материалдармен (оқу) жұмыс істей алады;

•материктерді ашу, зерттеу және игерудің маңызды кезеңдерін, фактілерін, себептерін және салдарларын айқындай алады (функционалды оқу);

•топтарда жауаптардың нұсқаларын талқылай алады (сөйлеу және тыңдау);

•зерттеу нәтижелерін бүкіл сыныпқа көрсете алады (сөйлеу және тыңдау)

 Құндылықтарды дарыту

Жұптық және жеке жұмыс жасау барысында бір - біріне құрмет көрсету.

 Пәнаралық байланыстар

Тарих

 АКТ қолдану дағдылары

Қажетті интернет ресурстьарымен жұмыс жасай алады.

Бастапқы білім

Бастауыш сыныптардағы жаратылыстану курстарының негізінде алған білім

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Сәлемдесу. Сабаққа дайындық жаңа тақырыппен оқушыларды таныстыру. Сыныпты топтарға бөлу. Әр топқа өз атауы мен ұранын таңдатқызуға болады. (С) Оқушылар "материк" және "жер шарының бөлігі" ұғымдарымен танысады.

(Жж) Кескін картада материктер мен жер шары бөліктерінің атаулары жазылады.

(Т) Презентацияның төртінші слайдындағы мәліметпен таныстырыңыз қысқаша конспект жасатуға болады.

(М) Жоспар бойынша материктер мен жер шарының бөліктері карта бойынша сипатталады.

Сабақтың ортасы

Материктің географиялық орналасуын сипаттау жоспары

1. Материктің ауданы және оның басқа материктер арасында алатын орны.

2. Материктің жер шарында орналасуы.

3. Жағалаулары кескінінің сипаты.

4. Климаттық белдеулерде орналасуы.

5. Материкті шаятын мұхиттар, теңіздер.

6. Басқа материктермен салыстырғандағы орналасуы.

Жер шарының бөліктерін сипаттау жоспары:

1. Атауының шыққан тегі;

2. Табиғатының ерекшелігі;

3. Шекаралары;

4. Халықтары;

5. Мемлекеттер.

Оқушылар ойларын қорытындылап, материк және дүние бөліктері терминдеріне өз анықтамаларын береді.

Сабақтың соңы

Әрбір топ жекелеген материктің және жер шары бөлігінің игерілу және қоныстану тарихын зерттейді.

Зерттеу нәтижелері графикалық нысанда өзінің таңдауы бойынша көрсетіледі: коллаж, постер, инфографика, презентация.

Қалыптастырушы бағалау жасап, Кері байланыс жасаңыз

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу