Мұхиттар және оның құрамдас бөліктері. Жаратылыстану, 5 сынып, презентация.


бүгінгі тақырып:

« Әлем мұхиттары» деп аталады.

Оқу мақсаты

5.2.6.2- мұхиттарды зерттеу тарихын сипаттау

Бағалау критерийлері

*мұхиттарды зерттеу тарихын сипаттау

Мұхит (Әлемдік мұхит) - гидросфераның негізгі бөлігі. Мұхит, Дүниежүзілік мұхит (гр. okeanosмұхит, Жерді қоршап жатқан ұлы өзен).

Дүниежүзілік мұхит 4 бөліктен тұрады.

Тынық мұхит-Жер шарындағы ең үлкен әрі ең терең мұхит. 1520-1521 жылдары Ф.Магеллан дүние жүзін айналу саяхаты кезінде осы мұхитты алғаш рет жүзіп өтті. Жүзу кезінде ешқандай дауылға ұшырамағандықтан, саяхатшылар оған «Тынық мұхит» деген ат берді. Ең терең жері-Мариан шұңғымасы бар. Оның тереңдігі 11022м.

Атлант мұхиты- Тынық мұхитынан екі есе кіші. Солтүстік және Оңтүстік Американың шығысынан бастап Еуразия мен Африканың батысына және Антарктидаға дейін барады. Ол солтүстік полярлық аймақтан оңтүстік полярлық аймаққа дейін созылып кетеді. Атлант мұхиты арқылы батыс және шығыс жарты шарда орналасқан елдерді бір-бірінен жалғастыратын аса маңызды кеме жолдары өтеді. Мұхит кеме қатынасына игерілген.

Үнді мұхиты- Оңтүстік жарты шардың едәуір бөлігін алып жатыр. Үнді мұхиты суының таза, көгілдірлігімен де көзге түседі.

Солтүстік Мұзды мұхит-мұхиттардың ішіндегі ең шағыны. Ол Солтүстік Америка және Еуразия жағалауларымен шектеледі. Оның көпшілік бөлігін жыл бойы мұз басып жатады.

Тынық мұхиты ең терең, ең жылы, ең үлкен, аралдары көп мұхиты ретінде белгілі.

ТЫНЫҚ МҰХИТЫ

Мұхиттарды зерттеу теңіз саяхаттарынан басталған. Бастапқы да ол тек жаңа жерлерді ашумен және оларды картаға түсрумен шектелсе кейінгі уақыттарда мұхиттың түбіндегі тіршілігі ғылыми түрде зерттелуде

Ал балалар біз бүгін сабақта не туралы білдік?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу