Жануарлар арасындағы бәсекелестік. Жаратылыстану, 5 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2-бөлім. Жанды табиғат.

Жануарлар

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жануарлар арасындағы бәсекелестік.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.2.2.1 - жануарлар арасындағы бәсекелестіктің себептерін түсіндіру

 Сабақ мақсаттары

Жануарлар арасындағы бәсекелестік ұғымын танып біледі.

 Бағалау критерийлері

Білу және түсіну:

  • табиғаттағы барлық жануарлар қоршаған орта жағдайымен,бір-бірімен байланыста тіршілік ететін түсінеді;

Қолдану:

  • түрлі суреттерді қолданып, бәсекелестік ұғымына қатысты зерттеулер жүргізеді;

Сын тұрғысынан ойлау:

  • Бәсекелестікке өз мысалдарын келтіреді.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылардың орындай алады:

өз зерттеуін жоспарлау кезеңдерін ауызша және жазбаша нысанда талқылай алады.

Өз идеяларын тәжірибе түрінде көрсете алады.Тәжірибені сараптап,ғылыми қорытынды жасай алады;

Пәнге тән лексика мен терминология:

Жыртқыштар, жануарлар, өсімдіктер, қорек, мекен ету ортасы.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Менің зерттеуімнің кезеңдері … болады деп ойлаймын.

Бұлай айтуға … негіз болды.

Бұл … түсіндіріледі.

Менің түсіндіруім...

 Құндылықтарды дарыту

Адамгершілік, бір-бірінің пікірін тыңдау,оқушы мен мұғалім арасындағы оңтайлы қарым-қатынас,ынтымақтастық орта, өмір бойы білім алу;

 Пәнаралық байланыстар

биология

 АКТ

Бейнефильм, презентация

Бастапқы білім

Ғылыми жаңалықтардың айқындаушы рөлін және олардың адамның күнделікті өміріне әсерін, ақпарат көздерінің түрлерін және зерттеу әдістерін: бақылау және тәжірибені біледі.

Тәжірибе жүргізу жоспарын құрастыруды, қоршаған әлемге бақылау жүргізуді және диаграммалар түрінде құрастырылған жоспар бойынша жүргізілген тәжірибе нәтижелерін белгілеуді, қорытындылар тұжырымдауды біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушымен амандасып, оқушының зейінін сабаққа аударады.

(Ұ) «Бәсеке» ұғымына ассоциация айту, талдау

Сабақтың ортасы

Табиғаттағы барлық жануарлар қоршаған орта жағдайымен ,бір-бірімен байланыста тіршілік етеді.

Байланыс бейбіт жағдайда немесе керісінше болу мүмкін. Бір жерде тіршілік ететін жануарлар арасында азық,ұя салу үшін бәсекелестік те туындап тұрады.

Мысалға,Африка саванналарында әр түрлі тұяқтылар үйірі мекен етеді. Барлығы да шөппен қоректенгенімен ,басты қорек ететін шөп түрлері бір –біріне ұқсамайды.

Жануарлар тіршілігіндегі байланыстардың бірнеше түріне мысал келтіріңдер.

Соның бірі бәсекелестік болып табылады.

(МК) Оқушыларға жануарлар арасындағы бәсекелестік туралы бейнеролик көрсету.

(Ұ) Сабақта келесілерді талқылауды ұсыну:

Жануарлар не үшін өзара бәсекелеседі?

Тізімін құру (мекен (ұя, ін); қорек; жұп құру)

(Т,ОТ) Топтарға түрлі жануарлардың суреттерін таратып, түрлі себептермен өзара бәсекелес бола алатын жануарлар жұбын құрыңдар.

Оқушылар зерттеу жоспарын құрады. Ақпарат көздерін дайындап қою. Топтар жұмысын орындалу жолымен таныстырады. Нәтижесін жазбаша қорыту жолдарын ұсынады.

(Ұ) Оқушыларға «Позицияны ұстан» жаттығуын орындаңдар. Кабинеттің екі бір-біріне қарама-қарсы қабырғаларына «Иә» және «Жоқ» көрсеткіштері орналастырылады.

Оқытушы жануарлар арасындағы қатынастарды зерттейтін пікірлерді есепке алады (суреттер көрсетеді). Оқушылар таңдауларын түсіндіре отырып, өз жауаптарына сай келетін позицияларды ұстанады.

М; - екі қасқыр арасындағы қорек үшін бәсекелестік;

- құстар арасындағы ұя үшін бәсекелестік

- бұғы мен бұлан арасындағы шөп өсетін мекен үшін бәсекелестік және т.б.

Сабақтың соңы

Рефлексия: «Аргумент»

Бугінгі сабақта менің көңіл –күйім болды ..................................,себебі....................................

Сабақта мен ............................................. жұмыс жасадым, себебі................................................

Сабақтағы мен үшін ........................................, себебі.......................................................................

Үйге тапсырма

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалауоқушылардыңматериалдымеңгерудеңгейінқалайтексерудіжоспарлайсыз?

Денсаулықжәнеқауіпсіздіктехникасыныңсақталуы

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу