Деректерді талдау. Жаратылыстану, 5 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.1А Ғылым әлемі

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 5

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Деректерді талдау

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

  • қайталанған өлшеулер кезіндегі арифметикалық орташа шаманы есептейді және тенденцияларын анықтайды

 Сабақ мақсаттары

  • өлшеуіш құралдардың мағынасын білу;
  • өлшеуді жүзеге асыру және мәліметтерді кестеге енгізу;
  • барлық өлшеулердің орташа арифметикалық өлшемін есептеу;
  • алынған мәліметтерді талдау;
  • өлшеу үрдісін түсіндіру

 Жетістік критерийлері

  • өлшеуіш құралдардың мағынасын біледі;
  • өлшеуді жүзеге асырады және мәліметтерді кестеге енгізеді;
  • барлық өлшеулердің орташа арифметикалық өлшемін есептейді;
  • қайта өлшеу барысындағы өлшеу үрдісін түсіндіреді

 Тілдік мақсаттар

 

Өздерінің зерттеулерін жоспарлау сатыларын ауызша және жазбаша түрде талқылау. Өздерінің көрсеткіштерін кестеде көрсету. Одан кейін оқушылар барлық өлшеулердің орташа арифметикалық өлшемін және олардың тенденциясын анықтайды.

Пәндік лексика және терминология

Өлшеу таспасы, секунд бағдары бар сағат, тенденция ……

Диалог/хат үшін пайдалы фразалар тізімі

Топтың барлық мүшелерінің бір минуттағы жүректің соғу жиілігін өлшеу

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Сабақта құрметті қалыптастыру төмендегілерді қамтиды:

  • өз уақытын дұрыс ұйымдастыру;
  • жұппен, топта, командада жұмыс істей білу, қоршаған адамдардың пікіріне құрмет көрсету және өзінің басқалардың алдындағы міндетін түсіну – мұның барлығы тұлғааралық құзыреттерді дамытуға мүмкіндік береді;
  • қоршаған адамдардың мәселелерін көре білу және түсіну, әр тұлғаның пікірін ескеру және әр идеяны бағалау.

 Пәнаралық байланыстар

Математика (өлшеу, орташа арифметикалық өлшем), биология (жүрек соғы жиілігі, бой, де малу және дем шығару)

 АКТ қолдану дағдылары

Power Point

Бастапқы білім

Ғылыми жаңалықтардың айқындаушы рөлін және олардың адамның күнделікті өміріне әсерін, ақпарат көздерінің түрлерін және зерттеу әдістерін: бақылау және тәжірибені біледі.

Тәжірибе жүргізу жоспарын құрастыруды, қоршаған әлемге бақылау жүргізуді және диаграммалар түрінде құрастырылған жоспар бойынша жүргізілген тәжірибе нәтижелерін белгілеуді, қорытындылар тұжырымдауды біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақтын түрі: жаңа тақырыпты зерттеу

Мультфильм көру «38 тотықұс»: https://www.youtube.com/watch?v=WmhtNS1oC6Q

  • Кейіпкерлер не істегісі келді?
  • Мультфильм кейіпкерлері айдаһар жыланның ұзындығын өлшеу үшін өлшеудің қандай әдістерін пайдаланды?

Осы тапсырма мұғалімге осы тақырып бойынша оқушылардың бастапқы білімдерін тексеруге мүмкіндік береді.

Мұғалім оқушыларды сабақтың тақырыбына – «Мәліметтерді талдау» итермелейді. Оқушыларға сабақта не туралы айтылады екенін болжау ұсынылады.

Сабақтың зерттеу сұрағы

Слайдқа назар аударыңыз

Егер біз қоймадағы барлық аяқ киімдерді түсі бойынша ретімен орналастырсақ, онда ең көп сатылатын түс сән болады. Неге?

https://www.youtube.com/watch?v=WmhtNS1oC6Q

Сабақтың ортасы

«38 тотықұс» мультфильміндегі кейіпкерлер бойынша 4 топқа бөліну (маймыл, піл, тотықұс және айдаһар жылан).

(Э) Оқушылар топтарда өлшеулермен айналысады, нәтижелерін естелерге енгізеді.

1 топ (маймыл)– Топтың барлық қатысушыларының бойын өлшеу

2 топ (піл) – Топтың барлық қатысушылары үшін минутына жүрек соғысының жиілігін өлшеу

3 топ (тотықұс) – Топтың барлық қатысушылары үшін минутына дем алу санын өлшеу.

4 топ (айдаһар жылан)– Сынып бөлмесінің ұзындығын қадаммен өлшеу.

Мәліметтер кестесі

Тәжірибе №

Өлшеудің атауы

Өлшеудің нәтижесі

1

2

3

4

Топ жұмысын келесі критерийлер бойынша өзара бағалау:

1. Топ мүшелері барлық өлшеулерді дұрыс өлшеді

2. Өлшеу мәліметтерін кестеге енгізді

3. Топтың барлық мүшелерінің қатысуы

Тапсырманы орындағаннан кейін әр топ зерттеу сұрағының жауабын бір-біріне айтады.

(С) Өлшеулер аяқталғаннан кейін топтар нәтижелері туралы жариялайды және «Өлшем нәтижелері неге әр түрлі болады?» деген сұрақққа жауап береді.

Берілген тапсырмалар келесі дағдыларды дамытады: білімді қолдану және зерттеу.

(И) (О) Материалды бекіту

А деңгейі.

Осы құралдармен нені өлшеуге болады?

В деңгейі.

Өлшеу кестесіндегі мәліметтерді қолдана отырып, жазылып алынған мәндердің санына бөлінген барлық жазылып алынған мәндердің сомасы ретінде орташа арифметикалық өлшемді есептеңіз.

С деңгейі.

Өлшеу кестесіндегі мәліметтерді қолдана отырып қайта өлшеулер барысындағы тенденцияны түсіндіріңіз.

Бағалау критерийі:

  • өлшеуіш құралдардың мағынасын білу;
  • аталған өлшеулердің орташа арифметикалық өлшемін есептеу;
  • қайта өлшеулер барысында тенденцияны түсіндіру және алынған мәліметтердің талдауын жасау.

Жазбаша формативтік бағалау

Мұғалім бағалайды

Оқушылар зерттеу сұрақтарына жауап береді

Осы тапсырма мұғалімге оқушылар алынған өлшеулерді қалай талдай алатынын тексеруге мүмкіндік береді.

Оқушылардың қызметін бағалау

Үй жұмысы

Талдауға арналған шығармашылық тапсырма:

1. «Жеті лақ» ертегісінде ана-ешкі қандай амалды жеткіліксіз жақсы жүзеге асырды және лақтар жазым бола жаздады? Ана-ешкі кетпестен бұрын не істеу керек еді?

2. Қарама-қайшылықтарды құрастыруды аяқтаңыз.

Егер қолшатыр үлкен болса, онда …, бірақ…. Егер қолшатыр кішкентай болса, онда …, бірақ…

3. Сіз кез-келген затты жетілдіруге болады дегенмен келісесіз бе? Осыдан, біз негізінде жетілмеген әлемде өмір сүретініміз шығады. Бұл жақсы ма әлде жаман ба?

Power Point

Өлшеу таспасы,

секундомер

Сабақтың соңы

Рефлексия:

-Мен білдім….

Мен үйрендім….

Маған ұнады….

Мен қиналдым….

Менің көңіл-күйім….

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу