Электроскоп не үшін қажет? Жаратылыстану, 4 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Жаратылыстану Сынып: 4 Табиғат физикасы. | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар саны: Қатыспаған оқушылар: | |||||||
Күні | ||||||||
Тақырыбы | Электроскоп не үшін қажет? | |||||||
Оқу мақсаты |
| |||||||
Сабақтың мақсаты | Барлық оқушы: Денені қалай зарядтауға болатындығын білу; Заряд түрлерін білу; Оқушылардың көбі: Берілген нұсқаулықты пайдалана отырып, электроскоп моделін жасау; Оқушылардың кейбірі: Жасаған зерттеу жұмысын қорытындылай алау; Ойлануға берілген сұрақтарға дұрыс жауап бере алу; | |||||||
Бағалау критерийі | Денені қалай зарядтауға болатындығын білуі; Заряд түрлерін біліу; Берілген нұсқаулықты пайдалана отырып, электроскоп моделін жасай алуы; Жасаған зерттеу жұмысын қорытындылай алуы; Ойлануға берілген сұрақтарға дұрыс жауап бере алуы; | |||||||
Тілдік мақсат |
| |||||||
Құндылықтар | Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау, қарым-қатынас мәдениеті, тіршілік қауіпсіздігін сақтау | |||||||
Пәнаралық байланыс | Дүниетану, көркем еңбек | |||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | 3-сыныпта өткен «Электр» тақырыбы | |||||||
Сабақ барысы | ||||||||
Жоспарланған уақыт | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||
Сабақтың басы 10 минут | Бөлімге кіріспе. Эксперименттік тапсырма орындайды 1. Үрленген шарлар немесе теннис шарын жіпке байлап екі оқушы бір-біріне жақын етіп орналастырады. 2. Үшінші оқушы шашын тарақпен тарап, бір оқушының шарына тигізеді. 3. Қалған оқушылар не байқағандарын айтады. 4. Енді үшінші оқушы шашын тарақпен тарап, екінші шарға жақындатады. 5. Қалған оқушылар не байқағандарын айтады. (бірінші жағдайда екі шар бір-біріне қарай тартылады, екінші жағдайда шарлар бір-бірінен ажырауға тырысып тебіледі.) Оқушылардан шарлар неге тебілді? немесе шарлар бір-біріне неліктен тартылды? деген сұрақтар қою арқылы олардың теледидер немес энциклопедиялардан білетін «заряд» ұғымына шығамын. Зарядтың неше түрі болады деп ойлайсыңдар? Егер екі шар да бірдей «+» немесе «-» таңбалы болса, шарлар не істейді? Егер екі шардың бірі «+» бірі «-» болса, шарлар не істейді? Сабақтың мақсатын және тақырыбын анықтау. Сабақ тақырыбы: Электроскоп не үшін қажет? Сабақ мақсаттары: Денелерді қалай зарядтауға болатындығын біледі; Заряд түрлерін біледі; Денедегі зарядтың бар немесе жоқ екендігін электроскоп көмегімен анықтауды біледі; Қандай денелер зарядтарды жақсы өткізетінін және өткізбейтіндігін анықтайды; Модель жаса. Эектроскоп 1. фольганы умаждап екі шар жасаңдар. 2. жасаған әр шарларыңа иілген сымды бекітіңдер. 3. саңылауы бар қақпаққа суреттегідей орналастырыңдар. 4. иілген сым басына фольгадан жасалған тілше қағазды суретте берілгендей етіп, іліңдер. 5. қақпақты берілген банкаға ақырындап кигізіңдер. ҚБ. Мұғалімнің ауызша кері байланысы. | үрленген, жіп байланған 3 шар; Электроскоп моделін жасау үшін әр топқа:
| ||||||
Сабақтың ортасы 25 минут | Зерттеу жұмысы «Қандай денелер өз бойынан заряд өткізеді?». Зерттеу жұмысын бастамас бұрын сыныпты шағын топтарға бөліп аламын. Бөлінген топтар зерттеу жұмыстарын жасайды және алған нәтижелерін өз араларында қорытындылайды. Зерттеу сұрағы: «Электроскоп құралы не үшін қолданылады?» «Дененің зарядталғандығын немес зарядталмағандығын электроскоп көмегімен қалай бақылауға болады? 1. дайын болған электроскоптың біріне тарақты немес қаламды шашыңа үйкеп электроскоп шарына жақынтатыңдар. 2. неліктен тілшелер екі жаққа ажырады? Сипаттап жазыңдар. 3. екі электроскопты бір-біріне жақын орналастырыңыз және бір электроскоп шарына шашқа үйкелген тарақ немес қаламды жақындатыңыз. 4. шыны түтікшені жібінен ұстап, зарядталған электроскоп пен зарядталмаған электроскоптың шарларына ақырындап тигізіңдер. Бақылаңдар және нәтижені тіркеңдер. 5. пластмасса сызғышты жібінен ұстап, зарядталған электроскоп пен зарядталмаған электроскоптың шарларына ақырындап тигізіңдер. Бақылаңдар және нәтижені тіркеңдер. 6. Ағаш сызғышты жібінен ұстап, зарядталған электроскоп пен зарядталмаған электроскоптың шарларына ақырындап тигізіңдер. Бақылаңдар және нәтижені тіркеңдер. 7. Металл сымды жібінен ұстап, зарядталған электроскоп пен зарядталмаған электроскоптың шарларына ақырындап тигізіңдер. Бақылаңдар және нәтижені тіркеңдер. 8. Қорытынды жасайды. Ойлан. Бір электроскопты алып оның шарына шашқа үйкелген қаламды жақындат. Не байқадың? Бір қолыңмен ақырындап осы зарядталған электроскоп шарына тигізіңіз. Не байқадың? Неліктен? Адам денесі зарядты жақсы өткізеді.) Жануарлардың денесінен электр заряды өте ме деген сұраққа оқушылар адам денесінен заряд өтуімен салыстыра отырып, өткізеді деп жауап бере алады. Жануарлар, аңдардың барлығының денесі өткізгіш болып табылады. Себебі барлық жануарлардың денесінде қан, лимфа және жұлын сұйықтықтары бар. Ал сүйек, май қабаттары нашар өткізгіш болып табылады. Сен білесің бе? Заряд өткізетін денелерді іздеуді жалғастырамыз деп айтыңыз. Сұйықтар заряд өткізе ме деп сұраңыз. Оқушылар пікірлерін білдіреді. Таза су электр зарядын өткізбейтінін айтыңыз. Бірақ сол суға тұз салса, ол жақсы өткізгіштің рөлін атқаратынын айтыңыз. Таза суға тек тұз ғана емес, кесілген лимон, ас содасын салса да су жақсы өткізгіш болып табылатынын айтыңыз. Өзіндік жұмыс. 16-жұмыс парағы. ҚБ. Мұғалімнің жазбаша кері байланысы. | Зерттеу жүргізу әр топқа1 литрлік (0,75 литрлік не одан кіші) банка, ортасы тесілген банка қақпағы, металл сым (екі ұшы иілген), фольга. Жіпке ілінген, ағаш, пластмас сызғыштар, шыны түтікшелер, темір сымдар (алюминий, темір, мыс, т.б) | ||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Рефлексиялық кезең. Кері байланыс. ҚБ мұғалімнің кері байланысы |
| ||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||
Сабақта саралау сұрақтар қою, тапсырмаларды орындау барысында жүргізіледі. | Мұғалімнің ауызша кері байланысы. Мұғалімнің жазбаша кері байланысы. Мадақтау, қолдау көрсету. | Қауіпсіздік ережелерін сақтау Сабақтағы іс-әрекет түрін жиі ауыстыру |
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылар оқу мақсаттарына қол жеткізді ме? Оқу мақсаттарына қол жеткізілмесе себебі неде? Ынтымақтастыққа қол жеткізілді ме? Саралау бойынша жұмыстар дұрыс жүргізілді ме? Уақыт кезеңдері дұрыс сақталды ма? Жоспардан ауытқулар орын алды ма? Неліктен? | |
Қорытындылау Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды жетілдіруге не көмектесетін білдім? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?