Жылуөткізгіштік деген не? Жаратылыстану, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Жаратылыстану

Сынып: 4

Табиғат физикасы.

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Күні

Тақырыбы

Жылуөткізгіштік деген не?

Оқу мақсаты

  • түрлі материалдардың жылуөткізгіштігін зерттеу;
  • зерттеу әдісін (бақылау мен эксперимент) таңдау себебін оның артықшылығы мен кемшілігіне байланысты негіздеу;
  • алынған нәтижені оқушы таңдаған формада ұсыну.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушы:

Температураны өлшейтін құрал термометр екендігін біледі;

Адамның қалыпты жағдайдағы температурасы 36.6о С екендігін біледі;

Оқушылардың көбі:

Температураны термометрдің көмегінсіз ақ анықтауға болатындығын біледі;

Оқушылардың кейбірі:

Жасаған зерттеу жұмысын қорытындылай алады;

Ойлануға берілген сұрақтарға дұрыс жауап бере алады;

Бағалау критерийі

Температураны өлшейтін құрал термометр екендігін білуі;

Адамның қалыпты жағдайдағы температурасы 36.6о С екендігін білуі;

Температураны термометрдің көмегінсіз ақ анықтауға болатындығын білуі;

Жасаған зерттеу жұмысын қорытындылай алуы;

Ойлануға берілген сұрақтарға дұрыс жауап бере алуы;

Тілдік мақсат

Тақырып бойынша әңгімелегенде, жауап бергенде терминдерді пайдаланады.

Пәндік терминология мен тірек сөздер

  • жылуөткізгіштік
  • жылуоқшаулағыш

Құндылықтар

Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау, қарым-қатынас мәдениеті, тіршілік қауіпсіздігін сақтау

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, көркем еңбек

Алдыңғы меңгерілген білім

Күнделікті өмірде кездестіретін жылу, температура

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут

Бөлімге кіріспе.

Температураны термометр көмегінсіз анықтауға бола ма?

Оқушылардың жауабын тыңдап болғанан кейін олардың жауаптарының дұрыс немесе қате екендігін анықтату үшін қолдарына қағаз қыстырғыш пен 5 теңгелік монеталарды таратып беріп, біраз алақандарында қысып отыра тұруларын сұраймын.

Қолдарыңдағы қағаз қыстырғыш немесе тиынның температурасы қандай?

(бірі білмейміз, бірі адам температурасымен бірдей деп айтуы мүмкін.)

Егер жауапқа дәл шықпасақ ары қарай «Адамның қалыпты температурасы қандай?» - деген сұрақ қоямын.

Онда сенің қолыңдағы дененің температурасы қандай?

Енді қолдарындағы қағаз қыстырғыш пен 5 теңгелік монетаны парта үстіне қойыңдар.

Қағаз қыстырғыш пен 5 теңгелік монетаның температурасы енді қандай болды?

(Алдында айтылғандардың мағынасын ұққан оқушы сынып бөлмесінен термометр іздейді)

Бөлме температурасы қанша? Термомет көрсеткішін қараңыз.

Онда қағаз қыстырғышпен 5 теңгелік монетаның да температурасы бірдей болады себебі жанасқан денелердің температуралары теңеседі.

Неге әртүрлі?

Бір қолыңмен партаның ағаш бетін екінші қолыңмен партаның темірін ұста?

Не байқадың?

Неге ағашқа қарағанда темір суығырақ?

(себебі ағашқа қарағанда темір өз бойындағы жылуын келесі денеге өткізе салады.)

Сабақтың мақсатын және тақырыбын анықтау.

Сабақ тақырыбы:

Жылуөткізгіштік деген не?

Сабақ мақсаттары:

қандай денелер жылуды жақсы өткізетінін білу;

жылуөткізгіштік сөзінің мағынасын білу;

жылуоқшауландырғыш дегеніміз не екендігін білу;

жылуоқшаландырғыш сөзінің мағынасын білу;

ҚБ. Мұғалімнің ауызша кері байланысы.

Қағаз қыстырғыш, 5 теңгелік монеталар.

Сабақтың ортасы

25 минут

Зерттеу жұмысы

«Қатты денелер жылуды қалай өткізеді?».

Зерттеу жұмысын бастамас бұрын сыныпты шағын топтарға бөліп аламын.

Бөлінген топтар зерттеу жұмыстарын жасайды және алған нәтижелерін өз араларында қорытындылайды.

Зерттеу сұрағы:

«Қай дененің жылуөткізгіштігі жоғары?»

1. Алдарыңа қойылған заттарды жылуөткізгіштігіне байланысты өсу ретімен болжап орналастырыңдар және жазыңдар.

2. Әр қасықтың сабына ермексаз жапсырыңдар. Ермексазға қағаз қыстырғышты бекітіңдер.

3. Қағаз қыстырғыш жапсырылған қасықтарды стақанға салыңдар.

4. Стақанға ыстық су құйдыртып алыңдар.(ыстық су құйылғаннан кейін стаканға жоламай шеттен бақылау жүргізіңдер).

5. Қағаз қыстырғыштар қай қасықтан бастап түсетінін бақылып жазыңдар.

6. Жасаған зерттеу жұмыстарыңа қорытынды жасаңдар.

Ойлан.

Суретте не бейнеленген?

Екі суреттегі адам да қалың киім киген?

Неліктен?

Сен білесің бе?

Қандай агрегаттық күйлерді білуші едіңдер?

Қаты, сұйық, газ және вакумды жылуөткізгіштігіне қарай өсу ретімен болжам жасай отырып орналастыр.

Неге бұлай орналастырдың ойыңды жеткіз.

Өзіндік жұмыс. 11-жұмыс парағы.

ҚБ. Мұғалімнің жазбаша кері байланысы.

Ермексаз, алюминий, ағаш, пластмаса, күміс қасықтар, қағаз қыстырғыштар.

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексиялық кезең.

Кері байланыс.

ҚБ мұғалімнің кері байланысы

Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақта саралау сұрақтар қою, тапсырмаларды орындау барысында жүргізіледі.

Мұғалімнің ауызша кері байланысы.

Мұғалімнің жазбаша кері байланысы.

Мадақтау, қолдау көрсету.

Қауіпсіздік ережелерін сақтау

Сабақтағы іс-әрекет түрін жиі ауыстыру

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылар оқу мақсаттарына қол жеткізді ме?

Оқу мақсаттарына қол жеткізілмесе себебі неде?

Ынтымақтастыққа қол жеткізілді ме?

Саралау бойынша жұмыстар дұрыс жүргізілді ме?

Уақыт кезеңдері дұрыс сақталды ма?

Жоспардан ауытқулар орын алды ма? Неліктен?

Қорытындылау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды жетілдіруге не көмектесетін білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу