Көлеңкені өзгертуге бола ма? Жаратылыстану, 4 сынып, дидактикалық материал.
Көлеңкесін тап
Зерттеу тақырыбы: «Көлеңкенің өлшемі қандай шамаларға тәуелді?»
1) Зерттеу сұрағын даярлаңыз
.....................................................................................................................................

Зерттеу жұмысын жүргізуге нұсқаулық:
1. Экраннан 50 см, 100 см, 150 см қашықтықты метрмен өлшеп белеңдер.
2. Бір бала 150 см белгіленген жерде қолшам жағып тұруы қажет.
3. Екінші оқушы жіппен байланған кішкентай допты (теннис добы) экран алдына ұстауы қажет.
4. Қолшам ұстап тұрған бала допқа қарай жарықты бағыттауы қажет.
5. Басқа зерттеушілер экранға түскен көлеңкенің диаметрін (шамамен) сызғыштың көмегімен анықтаңдар.
6. Осы экспериментті 100 см, 50 см қашықтықта қайталап жасаңдар.
7. Нәтижелерді келесі кестеге толтырыңдар.
Жарық көзі мен теннис добының арасындағы арақашықтық | Көлеңкенің диаметрі |
150 см | |
100 см | |
50 см |
Зерттеу нәтижесінің қорытындысы:
.....................................................................................................................................
.....................................................................................................................................
.....................................................................................................................................
.....................................................................................................................................
.....................................................................................................................................
.....................................................................................................................................
Зерттеу тақырыбы: «Көлеңкенің өлшемі қандай шамаларға тәуелді?»
1) Зерттеу сұрағын даярлаңыз
.....................................................................................................................................
.....................................................................................................................................
.....................................................................................................................................
Зерттеу жұмысын жүргізуге нұсқаулық:
1. Допты немесе үрленген әуе шарын үстел үстіне қойып, сызғыш арқылы суреттегідей, шар немесе доптың диаметрін анықтаңдар.
2. Экраннан 50 см, 100 см қашықтықты метрмен өлшеп белгілеңдер.
3. Бірінші оқушы экран алдына 50 см белгісінде жібінен кішкентай допты ұстап тұруы қажет.
4. Екінші оқушы 100 см белгіленген жерде қолшамын жағып, допқа қарай жарық сәулесін бағыттауы керек..
5. Экранға түскен доптан көлеңкенің диаметрін басқа оқушылар сызғышпен (шамамен) өлшеңдер.
6. Бірінші оқушы экран алдындағы сол орнында (50 см белгісінде) жібінен әуе шарын ұстап тұруы қажет.
7. Екінші оқушы 100 см белгіленген жерде (сол орнында) қолшамды жағып, әуе шарына қарай жарық сәулесін бағыттауы керек.
8. Экранға түскен әуе шарынаның көлеңкесінің диаметрін басқа оқушылар сызғышпен (шамамен) өлшеңдер.
9. Нәтижелерді келесі кестеге толтырыңдар.
Дене атауы | Дене диаметрі | Көлеңке диаметрі |
Теннис добы | ||
Үрленген шар |
Зерттеу нәтижесінің қорытындысы:
.....................................................................................................................................
.....................................................................................................................................
.....................................................................................................................................
.....................................................................................................................................
.....................................................................................................................................
.....................................................................................................................................
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?