Кері итеруші күш деген не? Жаратылыстану, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Жаратылыстану

Сынып: 4

Табиғат физикасы.

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Күні

Тақырыбы

Кері итеруші күш деген не?

Оқу мақсаты

  • судағы әр түрлі денелерге әсер ететін Архимед күшін бақылау және болжау;
  • зерттеу әдісін (бақылау мен эксперимент) таңдау себебін оның артықшылығы мен кемшілігіне байланысты негіздеу;
  • алынған нәтижені оқушы таңдаған формада ұсыну.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушы:

Суретте көрсетілген денелерге әсер ететін күштерді сипаттау;

Оқушылардың көбі:

Денелерге су ішінде ауырлық күші әрекет ететіндігін білу;

Оқушылардың кейбірі:

Неліктен кейбір денелер суға батпайтындығын дұрыс сипаттау;

Жасаған зерттеу жұмысын қорытындылай алу;

Ойлануға берілген сұрақтарға дұрыс жауап бере алу;

Бағалау критерийі

Суретте көрсетілген денелерге әсер ететін күштерді дұрыс сипаттайды;

Денелерге су ішінде ауырлық күші әрекет ететіндігін біледі;

Неліктен кейбір денелер суға батпайтындығын дұрыс сипаттайды;

Жасаған зерттеу жұмысын қорытындылай алады;

Ойлануға берілген сұрақтарға дұрыс жауап бере алады;

Тілдік мақсат

Тақырып бойынша әңгімелегенде, жауап бергенде терминдерді пайдаланады.

Пәндік терминология мен тірек сөздер

  • кері итеруші күш
  • Архимед күші

Құндылықтар

Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау, қарым-қатынас мәдениеті, тіршілік қауіпсіздігін сақтау

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, көркем еңбек

Алдыңғы меңгерілген білім

«Архимед заңы қалай ашылды?» тақырыбы

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут

Бөлімге кіріспе.

Суретте көрсетілген денелерге қандай күштер әсер етеді?

Денелерге су ішінде ауырлық күші әсер ете ме?

Қандай денелер суға батады?

Неліктен кейбір денелер суға батпайды?

Жұбыңмен бірігіп зерттеу жасаңдар.

Суретте көрсетілген барлық денелерді стакандағы суға салу арқылы жасаған болжамдарыңды дәлелдеңдер.

Қорытынды жасаңдар.

Сабақтың мақсатын және тақырыбын анықтау.

Сабақ тақырыбы:

Кері итеруші күш деген не?

Сабақ мақсаттары:

кері итеруші күштің не екенін және оның қалай әсер ететінін білу

ҚБ. Мұғалімнің ауызша кері байланысы.

ішіне су құйылған пластмасса стақандар; шеге; шыны; ағаш кесек; өшіргіш; тастар.

Сабақтың ортасы

25 минут

Кім күшті?

Жаздыгүні кім өзен, көл, теңізге барып көрді?

Кім суда жүзе алады?

Кім белуардан суға еніп көрді?

Белден асатын суға кірген кезде қандай сезімде болдың?

Суретте не бейнеленген?

Үлкен тасты кім көтереді?

Зерттеу жұмысы

«Кері итеруші күш қалай әсер етеді?».

Зерттеу жұмысын бастамас бұрын сыныпты шағын топтарға бөліп аламын.

Бөлінген топтар зерттеу жұмыстарын жасайды және алған нәтижелерін өз араларында қорытындылайды.

Зерттеу сұрағы:

«Суға салған дене массасы неге жеңілдейді?»

1. Резеңке жіптің бір ұшын қарындашқа іле салатындай ілмек жасаңдар.

2. Ермексаздан домалақтап шар жасаңдар.

3. Резеңке жіптің екінші ұшына ермексаздан жасалған шарды бекітіңдер.

4. Резеңкенің ілмегінен ауада ұстап тұрып, келесі ұшына бекітілген шардың резеңкені қаншалықты созатынын сызғышпен өлшеңдер.

5. Резеңкеге бекітілген шарды толығымен суға батырса, не болатынына болжам жасаңдар.

6. Резеңкенің бір ұшынан ұстап тұрып, бекітілген шарды толығымен суға батырыңдар (бірақ түбіне жеткізбеңдер). Резеңкенің созылуын сызғышпен өлшеңдер.

7. Екі жағдайдағы резеңке жіптің созылу нәтижесін бақылап, қорытынды жасаңдар.

Ойлан.

Су астында жатқан тастарды басып жүргенге қарағанда жағалауда жатқан тастардың үстімен жүрген кезде тастар табанға батып, аяқты неліктен ауыртады?

Сен білесің бе?

Кеме қандай материалдардан жасалады деп ойлайсыңдар?

Кеме неліктен суға батып кетпейді?

Өзіндік жұмыс. 57-жұмыс парағы.

ҚБ. Мұғалімнің жазбаша кері байланысы.

  • резеңке жіп;
  • ермексаз;
  • су құйылған стақан;
  • сызғыш.

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексиялық кезең.

Кері байланыс.

ҚБ мұғалімнің кері байланысы

Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақта саралау сұрақтар қою, тапсырмаларды орындау барысында жүргізіледі.

Мұғалімнің ауызша кері байланысы.

Мұғалімнің жазбаша кері байланысы.

Мадақтау, қолдау көрсету.

Қауіпсіздік ережелерін сақтау

Сабақтағы іс-әрекет түрін жиі ауыстыру

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылар оқу мақсаттарына қол жеткізді ме?

Оқу мақсаттарына қол жеткізілмесе себебі неде?

Ынтымақтастыққа қол жеткізілді ме?

Саралау бойынша жұмыстар дұрыс жүргізілді ме?

Уақыт кезеңдері дұрыс сақталды ма?

Жоспардан ауытқулар орын алды ма? Неліктен?

Қорытындылау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды жетілдіруге не көмектесетін білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу