Ғарышта не бар? Жаратылыстану, 4 сынып, дидактикалық материал.
Дидактикалық материалдар
Жүргізуге арналған нұсқаулық
• шаблон арқылы сары картоннан диаметрі 15 см дөңгелек қиып алады.
Қызыл түсті қағаздан кішірек дөңгелек не сопақ пішін қиып алады.
Ұзындығы 10 см 5 бөлік жіп қиып алады. Жылтыр қағаздан ұсақ түрлі пішіндегі жұлдыз қиып дайындайды.
• Картон дөңгелектің дәл ортасына қызыл дөңгелекті жапсырады. Жіптерді бір ұшынан қызыл дөңгелектің шетіне скотчпен бекітіп, қалған бөлігін дөңгелек бойымен спираль тәрізді орналастырады. Әр жерінен скотчпен бекітеді. Жіптердің үстіне,арасына жұлдыздарды жапсырады.
• Картон дөңгелектің дәл ортасын тесіп, оған қарындашты кіргізеді.
• Қарындаштан ұстап, моделді айналдырады.
Оқушылар қорытынды жасайды.
Айлы түннің бұлтсыз аспанында солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жатқан ақ жолақ көрініп тұрады. Ол Құсжолы деп аталады. Оған Күн жүйесі және тағы осындай бірнеше жұлдыздар жүйесі кіреді. Құсжолы күз айларында жақсы көрінеді. Жыл құстары көктемде келгенде және күзде жылы өлкеге қайтқанда осы жолдың бағытымен ұшады екен.
Құсжолы - Әлемдегі миллиондаған галактикалардың біреуі. «Галактика» сөзі ежелгі мысырлық «гала» - «сүт» деген сөзден шыққан. Бұл галактика «Сүтжолы» немесе «Құсжолы» ретінде әйгілі.
Құсжолы Галактикасы 200 миллиардқа жуық жұлдыз, жұлдыздар шоғыры, газ бен тозаң тұмандықтарынан құралған. Олар әртүрлі бағытта өте жылдам қозғалады. Алайда кеңістікте жұлдыздар бір- бірінен алшақ орналасқан. Сондықтан да олар бір- бірімен ешқашан соқтығыспайды.
Құсжолы әртүрлі болып көрінеді. Спиральді Галактиканың екі жеңіне қарағанда ядросында жұлдыздар тығыз орналасқан.
Дифференциациялық тапсырмалар.
Оқушының аты-жөні:__________________________________
Сөздерді анықтамалармен сәйкестендір.
№ | Сөз | Анықтама |
1 | Галактика | Күн Жүйесі мен Жер ғаламшары орналасқан галактика |
2 | Жер ғаламшары | Жұлдыздардан, ғарыш, шаң-тозаңнан тұратын орасан зор ғарыш жүйелері |
3 | Құс жолы | Күн жүйесінің мұздан тұратын, жарқыраған құйрығы бар кіші ғарыш денесі. |
4 | Комета | Материк пен құрлықтардан тұратын шар тәрізді ғаламшар |
Сөздерді анықтамасын жаз
№ | Сөз | Анықтама |
1 | Галактика | |
2 | Жер ғаламшары | |
3 | Құс жолы | |
4 | Комета |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?