Ғарышта не бар? Жаратылыстану, 4 сынып, сабақ жоспары.
Қысқамерзімді жоспар
Пән: Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі 4 бөлім Ғарышқа саяхат | Мектеп: Талдықорған қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні:.ИманбаеваН.З. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 4А. | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Ғарышта не бар? | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 4.4.2.1 - Күн жүйесі ғаламшарларының қозғалысын сипаттау; 4.1.2.1 - зерттеу әдістерін (бақылау мен эксперимент) таңдау себебін артықшылығы мен кемшілігіне байланысты негіздеу; 4.1.2.2 - нәтижені оқушы таңдауымен графикалық түрде ұсыну; | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | • жекелеген ғарыш денелерін сипаттау; • зерттеу әдісін (бақылау мен эксперимент) таңдау себебін оның артықшылығы мен кемшілігіне байланысты негіздеу; • алынған нәтижені оқушы таңдаған формада ұсыну | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Адам тіршілігінің түрлі саласында ауаны қолдану жолдарын анықтау; | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Галактика • Құс жолы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Миссия және пайымдау | Алған білімдерін өмірде қолдана алады. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жаһандық азаматтық | Тақырыпты түсінбеген сыныптастарына түсіндіру, көмек беру. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Достыққа тәрбиелеу, басқаны құрметтеу және бәсекелестікке дайын болу. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Өнер, АКТ пәндерімен байланыстыру. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | ережелер | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 5 минут | І.Ұйымдастыру бөлімі. Сабаққа психологиялық дайындық | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 32 минут | https://www.youtube.com/watch?v=kEQB1ddDusA Жедел сұрақ (2 минут) Ғарышта не бар? Асанды түнде бақылап көрдің ба? Аспандағы ақ күміс түсті жолақты байқадыңдар ма? Олар қалай аталады? құс жолы Білетін балалар оның жұлдыздардың шоғыры екенін айтуы мүмкін. Ол не болуы мүмкін? Біздің галактика қандай пішінде? Біздің галактика (2 минут) Оқушылардың бір тобына диск, екінші тобына вертушка немесе спираль тәрізді қиылған қағаз таратып беру. Әр топқа галактика осы затқа ұқсайды деп айтыңыз. Әр топтан бір-бір бала өз заты бойынша галактиканы сипаттайды. Біздің галактика осы заттарға ұқсайды. Ендеше жер ғаламшары орналасқан галактиканы сипаттайық
Галактикадағы біздің орнымыз қайда? (Шетінде болуымыз керек) Балалардың пікірін тыңдаңыз. https://www.youtube.com/watch?v=fvCmciSySXo Галактика ( 3, 37 минут) Бейнефильмнен қандай ісер алдыңдар? Біздің Жер шары мен Күн жүйесінің бұл кеңістіктегі орны қайда? Галактика ортасында не бар? Мәтінмен таныстыру. 2 мин Ғаламды галактикалар құрайды. Олар орасан зор өлшемді жұлдыз жүйелері. Ғаламның галактикалары эллипстік, (сопақ) спираль және бұрыс пішінді галактикалар болып ажыратылады. Галактикалардың барлығы қозғалыс үстінде дамиды, өзгереді, өшеді, пайда болады. Біздің Галактикамыз спираль тәрізді галактикаларға жатады. Құрамына 100 миллиардтан астам жұлдыз, магнит өрісі, ғарыш сәулелері, сәулелену (фотондар), жұлдызаралық заттар (шаң-тозаң, газ) кіреді Галактика ортасы дөңес диск тәріздес болады. Бұл дөңес ядро деп аталады. Галактика басқа галактикалар сияқты ғарыш кеңістігінде айнала қозғалады. Оның ядросын айнала қозғалған тармақтар галактиканы спиральді отшашуды еске түсіреді. Күн жүйесі осы тармақтардың бірінде орналасады. Біздің Галактиканың ені 100 000 жарық жылын, ал диск қалыңдығы 3000 жарық жылын құрайды. Күн Орион тармағында орналасқан. Күн жүйесіне Галактиканы бір рет айналып өту үшін 225–250 миллион жыл қажет екен. Біздің Галактика Құс жолы деп аталады. Жер ғаламшары - Құсжолының жеңдерінің бірінде, Галактиканың шетіне қарай орналасқан Ойлан! (5 минут) Неліктен ғарыш денелері негізінен шар тәрізді болады? Ойлан. Бірнеше аспан денелерінің суреттерін көрсетіңіз (Ай, Күн, ғаламшарлар). Олардың формасы қандай ? Олардың шар тәрізді екенін айтады. Олар неліктен шар тәрізді деп ойлайсыңдар? Әр жұптың жауабын комментарий жасамай тыңдаңыз. Енді әр жұпқа мақта, жүн, ермексаз беріңіз. Затты алақандарына салып айналдыруды өтініңіз. Сәлден соң балалар нәтижесін көрсетеді. Барлығы шар тәрізді формадаға затқа айналады. Оған не әсер етті? Оқушылар айналдыру деп айтады. Бұл әлемдік тартылыс күші –гравитация әсері екенін айтып беріңіз. Бұл күш барлық денелер бір біріне тартылады. Дене неғұрлым үлкен болған сайын ол шар тәрізді бола бастайды. Модель жаса. (7 минут) Оқушыларды шағын топтарға біріктіру. 3 –тен Қажет ресурстарды: қызыл түсті қағаз, қарындаш, сары түсті картон қағаз, дөңгелектің шаблоны, қайшы, желім, скотч, тоқуға арналған жіп, өзі жабысатын жылтыр қағаз. Модельдеу жұмысында оқушылар Галактикадағы Жердің немесе Күн жүйесінің орнын түйсінеді. Жүргізуге арналған нұсқаулық • шаблон арқылы сары картоннан диаметрі 15 см дөңгелек қиып алады. Қызыл түсті қағаздан кішірек дөңгелек не сопақ пішін қиып алады. Ұзындығы 10 см 5 бөлік жіп қиып алады. Жылтыр қағаздан ұсақ түрлі пішіндегі жұлдыз қиып дайындайды. • Картон дөңгелектің дәл ортасына қызыл дөңгелекті жапсырады. Жіптерді бір ұшынан қызыл дөңгелектің шетіне скотчпен бекітіп, қалған бөлігін дөңгелек бойымен спираль тәрізді орналастырады. Әр жерінен скотчпен бекітеді. Жіптердің үстіне,арасына жұлдыздарды жапсырады. • Картон дөңгелектің дәл ортасын тесіп, оған қарындашты кіргізеді. • Қарындаштан ұстап, моделді айналдырады. Оқушылар қорытынды жасайды. Біріншіден галактика спираль тәрізді айнала қозғалатынын түсінеді. Екіншіден, бұл Галактикадағы Күн жүйесінің орнын көрсетеді, яғни бұл Галактиканың орасан зор үлкендігін ұғынады, оның құрамына кіретін Күн жүйесінің, сәйкесінше Жер ғаламшарының көлемін салыстырмалы түрде елестете алады. Біз қандай жұмыс жасадық? Осы жұмысты қандай әдіспен орындадық деп сұраңыз. Оқушылар модель жасағандарын айтады. Қандай зерттеу жұмысын жүргіздік? Күн жүйесінің суретін салып модельге жапсырып айналдырып көрді – бұл эксперимент. Бақылау элементтері болды ма? Болды . Модельді айналдырғанда оның бөлшектерінің спираль тәрізді қозғалғанын бақылады. Зерттеу нәтижесін қалай тіркедік ? Оқушылар зерттеу нәтижесін тіркеу модельдеу болғанын айтады. Дифференциациялық тапсырма (5 минут)
Мекенжай ауызша (3минут) Бұл біздің аспан әлемінде тұратын Галактика деп айтыңыз. (Пойызға отырғанда вагон терезесінен қарап, пойыздың басын немесе соңындағы вагондарды көргендерін естеріне түсіріңдер деп айтыңыз. Сол кезде біз өзіміз отырған қозғалып бара жатқан көлікті көре аламыз. Міне, дәл осылай түнгі аспанға қарағанда, өз жеріміз құрамына кіретін Галактиканың басқа бөліктерін көреміз деп түсіндіріңіз). Ол неліктен Құс жолы деп аталған? Жауабы: Талдықорған-Алматы облысы-Қазақстан -Евразия материгі-Жер- Күн Жүйесі- құс жолы галактикасы- әлем зор үлкен. Жерден қараған бақылаушыға жеке жеке жұлдыздар көп болғандықтан жол сияқты көрінеді. Сондықтан құстар ұшатын жол деп аталған. Анықтама. (5 минут) «Неден құралады?» деген сұраққа жауап бер Болжалды жауабы Ғалам- галактикалардан құралады Галактика -жүйелерден құралады Күн жүйесі- Күннен, сегіз ғаламшардан, олардың серіктерінен, ергежейлі ғаламшарлардан, астероидтар, кометалар, шаң-тозаң, газдар тұрады. Өзінің орбитасы бар. Ғаламшар орбитасы, серіктері, жылдамдығы, осі болады. Жер ғаламшары орбитасы, көлбеу осі, атмосферасы, серігі, бедері, мұхитары мен құрлықтары бар | 3 минут Оқулық. 2-бөлім: «Ғарышта не бар?», 56–57 б. Жұмыс дәптері. 2-бөлім: 43-жұмыс парағы. «Галактика», 46-б. 44-жұмыс парағы. «Ғарышта не бар?», 47-б Түнгі аспан, Құс жолы, вагондары көп ұзын пойыз, спираль тәрізді галактика, ғаламшарлар, Күн, Ай суреттері • диск, вертушка немесе спираль тәрізді қиылған қағаз • мақта, жүн, ермексаз Әр топқа: • қызыл түсті қағаз, қарындаш, сары түсті картон қағаз, дөңгелектің шаблоны (диаметрі 15 см), сызғыш, қайшы, скотч, тоқуға арналған жіп, өзі жабысатын жылтыр қағаз, желім. Интернет-ресурстар Түнгі аспан анимациясы Біздің Галактикамыз бейнефильмі | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 3 минут | Кері байланыс.(5 минут) Бағдаршам көздері арқылы меңгергенін анықтау. Қызыл түс-нашар жұмыс істедім. Сары түс –орташа жұмыс істедім. Жасыл түс-өте жақсы жұмыс істедім. Бүгінгі сабақта не қиын болды? –Не қызықты болды? –Не маңызды болды? | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Дифференциация –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар үшін тапсырманы күрделендіру: Қабілеті жоғары оқушылар ойлауға берілген мәтіндік есептерді өз бетінше оқып, шеше алады. | Оқушылардың жеке жұмыстарын бағалаймын. | Сергіту сәттерінде, белсенді жұмыс түрлерін өткізуде қауіпсіздік техникасын сақтау |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?