Пайдалы қазбалар жана ма? Жаратылыстану, 4 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
|
| ||||||||||
| |||||||||||
|
| ||||||||||
Оқу мақсаты: | 4.3.4.1 - кейбір пайдалы қазбалардың (бор, тұз, әктас, саз, мұнай, гранит, көмір, табиғи газ) қолданылу саласын анықтау;4.3.4.2 - Қазақстанның негізгі пайдалы қазбалары өндірілетін кен орындарын картадан көрсету; 4.1.2.1 - зерттеу әдістерінің (бақылау мен эксперимент) артықшылықтары және кемшіліктері негізінде таңдау себебін түсіндіру;4.1.2.2 - алынған нәтижелерді білім алушы таңдаған формада ұсыну | ||||||||||
Сабақтың мақсаты: | Жанғыш пайдалы қазбалардың пайда болатынын түсінеді. | ||||||||||
Бағалау критерийі | Пайдалы қазбалардың жанатынын түсінеді. Жанғыш пайдалы қазбалардың түрлерін біледі. Жанғыш пайдалы қазбалардың пайдасын түсінеді. | ||||||||||
Тілдік мақсат |
| ||||||||||
Құндылықтар | Оқушыларды өзара құрмет көрсетуге, бір біріне түсіністікпен қарауға тәрбиелеу. | ||||||||||
Пәнаралық байланыс | Қазақ тілі, көркем еңбек. | ||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Таныстырылыммен жұмыс | ||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Пайдалы қазбалардың қалай пайда болатынын біледі. Тау жыныстарының магмалық және шөгінді екенін түсінеді. | ||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||
Жоспарланған уақыт | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||
Сабақтың басы 2минут 3минут | Ұйымдастыру кезеңі. «Тілек ағашы» ойыны. Оқушылар бір-біріне тілек айтып, тілектерін стикерге жазып, ағашқа жабыстырады. Жақсылық тілеуге, армандауға үйренеді: Сәттілік біздер тілейік: Мен саған, сен маған, Күндей күліп жүрейік. Күннің нұрын төгейік: Мен саған, сен маған. Топқа бірігу. «Түстер ассоциациясы» стратегиясы бойынша топқа бірігу. 1-топ – көк түс. Көк түсті көргенде қандай ассоциация болады? (мөлдір су). 2-топ – сары түс (күн, жарық, шөл дала). 3-топ – ақ түс (тазалықтың белгісі, адалдық). Оқушылар топ болып орындарына отырып, топ ережелерін құрастырады. | Тілек ағашы, стикер Слайд №1,2 | |||||||||
Сабақтың ортасы 4 минут
1 минут 5 минут 2 минут 4 минут 1 минут 3 минут 4 минут 2 минут 1 минут 6 минут | Ұқсастығы неде? Мақсаты: Берілген ресурстардың айырмашылығы мен ұқсастықтарын анықтап, салыстыру. Оқулықта берілген фотосуреттерге қарап, олардың ортақ қасиеттерін анықтау. тапсырманы «Т-критерийі» стратегиясы арқылы орындау.
ҚБ. Мұғалімнің ауызша «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы қалыптастырушы бағалауы. Зерттеу жұмысы. Мақсаты: Көмірге сипаттама беру. Оқушылар топтаса отырып, көмірдің қандай зат екендігін анықтайды. Ресурстарды тарату. Әр зерттеуші топқа көмірдің кесектерін немесе суреттерін, плакат, ұлғайтқыш шыны, стақан мен су және балға тарату. Зерттеудің жоспары: - Көмірдің кесектерін пйдалана отырып, оның түрін, түсін, иісін анықтау. - Көмірдің сынғыштығын дәлелдеу. - Көмірдің суда ерімейтінін анықтау. Зерттеу жұмысын орындау барысында оқушылар кесте толтыра отырып, көмір туралы білімдерін кеңейтеді. Саралау: Ынтасы жоғары оқушыға немесе оқушылар тобына көмірдің қандай пайдасы бар екендігін сұрауға болады. «Мен зерттеушімін» бөлімін жүзеге асыру. -Зерттеу жұмысы барысында қандай дереккөздер пайдаландыңдар? -Алынған нәтижелерді қандай формада ұсыну тиімдірек деп ойлайсыңдар? Зерттеу жұмысын қорытындылау. Әр топ өз жауаптарын белгілі бір формада көрсетіп, басқа топтардың жауаптарын тыңдап, салыстырады. ҚБ. Мұғалімнің «Бес саусақ» стратегиясы арқылы қалыптастырушы бағалауы. Көмір. Мақсаты: Көмірдің қалай пайда болатынын түсіну. Оқулықтағы суреттерді пайдалана отырып, оқушылар көмірдің қалай пайда болатынын «Менің ойымша» ойыны арқылы түсіндіреді. Оқулықта берілген ақпаратпен таныса отырып, «Постер» құру ұсынылады. Жетекші сұрақтар арқылы тапсырманы орындау. Сұрақтар:
ҚБ. Мұғалімнің «Бес саусақ» стратегиясы арқылы қалыптастырушы бағалауы. Ойлан. Оқушылар еліміздегі мұнай мен газ өндірілетін жерлерді анықтайды. Шартты белгілер. Тапсырманы оқушылар топпен орындайды. Көмір, мұнай және газдың шартты белгілерімен таныса отырып, әр топ картаның үстіне шартты белгілерді жабыстыру керек. картаға жабыстырылған шартты белгілерді тақтаға іледі. ҚБ. Мұғалімнің «Галереяны шаралау» стратегиясы арқылы қалыптастырушы бағалауы. Сергіту сәті. Көз бұлшықеттерін арналған жаттығулар орындау. Сұрақтар:
Жеке жұмысқа дәптермен жұмыс ұсынылады. 21-жұмыс парағы. «Пайдалы қазбалар жана ма?», 23-б. Жанғыш пайдалы қазбалар. Берілген ресурстардан жанғыш пайдалы қазбаларды белгілеу. Бағалау. Дескриптор: Оқушылар: -Көмірдің жанатынын біледі; - Мұнайдың жанатынын біледі.- Газдың жанатынын түсінеді. Пайдалы қазбалардың қасиеті. Пайдалы қазбалардың қасиеттеріне қарап, оның қандай зат екендігін анықтау. Бағалау. Дескриптор: Оқушылар: -Көмірдің қасиетін біледі; - Мұнайдың қасиетін біледі.- Газдың қасиетін түсінеді. 22-жұмыс парағы. «Жанғыш пайдалы қазбалардың таралуы», 24-б. Картаға түсір. Қазақстанның кесткін картасына мұнай, газ көмір кен орындарын белгілеу. Бағалау. Дескриптор: Оқушылар: - Шартты белгілерді ажырата алады. - Шартты белгілерді дұрыс орналастырады. Қорытынды жаз. Оқушылар алған білімдеріне сүйене отырып, қорытынды жазады. Сәйкестендір. Мұнайдан алынатын өнімдерді пайдалануына қарай сәйкестендіру. Өзара бағалау. «Дәптер алмасу» ойыны арқылы оқушылар бір-бірінің дәптерлерін тексереді. ҚБ. Мұғалімнің жазбаша қалыптастырушы бағалауы. | Оқулықпен жұмыс Слайд №3 Кесте толтыру Слайд №4 Көмірдің кесектері немесе суреттері, плакат, ұлғайтқыш шыны, стақан мен су және балға Оқулықпен жұмыс Қазақстанның физикалық картасы, шартты белгілердің қимасы, желім Слайд №5, 6
Дәптермен жұмыс Слайд №7 | |||||||||
| Кері байланыс. «Жетістік баспалдағы».
| Слайд №8 | |||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||
-Ынтасы жоғары оқушыларға жанатын пайдалы қазбалардың маңызы туралы эссе жазуды тапсыру. -Ынтасы жоғары оқушылар тобы (жұбы немесе жеке оқушы) алынған мәліметті диаграммаға орналастыра алады
-Материалдарды игеру деңгейлерінде оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында ақпаратты қабылдаудың әр түрін ескеру. -Оқушылардың ақпаратты қабылдауына байланысты тапсырмалар ұйымдастыру. | Қалыптастырушы бағалау құралдары: -мұғалімнің ауызша кері байланысы (мадақтау, қолдау сөздер айту); - өзара бағалау: «Дәптер алмасу», «Бес саусақ» бойынша бағалау - мұғалімнің жазбаша кері байланысы -оқушылардың жауаптарын, іс-әрекеттеріне бақылау жүргізіп, түртіп алу арқылы бағалау; -«Жетістік баспалдағы» | -Сергіту жаттығуын орындау - әрекеттерді жиі ауыстыру - қауіпсіздік ережелерін сақтау |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?