Кенді пайдалы қазбалар деген не? Жаратылыстану, 4 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Жаратылыстану Сынып: 4 Тарау: Заттар және олардың қасиеттері. Табиғат ресурстары. | Мектеп: Модератор: Данабаева М.А. Қатысқандар саны: Қатыспаған оқушылар: | |||||||
Күні: | ||||||||
Тақырыбы: | Кенді пайдалы қазбалар деген не? | |||||||
Оқу мақсаты: | 4.3.4.1 - кейбір пайдалы қазбалардың (бор, тұз, әктас, саз, мұнай, гранит, көмір, табиғи газ) қолданылу саласын анықтау; 4.1.2.2 - алынған нәтижелерді білім алушы таңдаған формада ұсыну. | |||||||
Сабақтың мақсаты: | Кенді пайдалы қазбаларды ажырату. | |||||||
Бағалау критерийі | Кен ұғымын түсінеді. Кенді пайдалы қазбалардың пайда болуын біледі. | |||||||
Тілдік мақсат |
| |||||||
Құндылықтар | Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуін тәрбиелеу | |||||||
Пәнаралық байланыс | Қазақ тілі, математика, көркем еңбек. | |||||||
АКТ қолдану дағдылары | Таныстырылыммен жұмыс | |||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Кейбір пайдалы қазбалардың жанатынын біледі. | |||||||
Сабақ барысы | ||||||||
Жоспарланған уақыт | Сабақта жоспарланғаніс-әрекет | Ресурстар | ||||||
Сабақтың басы 2 минут 3 минут | Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылар бір-бірімен қол алысып, жылы тілектер айтады. «Ертеңгілік шеңбер» Қайырлы күн, көздерім! Ояндыңдар ма? (қабақтарын сипайды)Қайырлы күн, құлақтарым! Ояндыңдар ма? (құлақтарын сипайды)Қайырлы күн, қолдарым! Ояндыңдар ма? (қолдарын шапалақтайды)Қайырлы күн, аяқтарым! Ояндыңдар ма? (аяқпен жерді топылдатады).Қайырлы күн, мұғалім! Мен ояндым! (күлімсіреп, мұғалімге қолдарын созады) Жедел жауап . Жетекші сұрақтар арқылы тақырыпты ашу. Сұрақтар:
ҚБ. Мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы. | Көңілді әуен қосып қою. Слайд №1 Слайд №2 | ||||||
Сабақтың ортасы 4 минут 1 минут 4 минут 1 минут 4 минут 1 минут 2 минут 7 минут 1 минут 1 минут 1 минут 5 минут | Неден жасалған? Тапсырманың мақсаты: Металдарды әртүрлі жерде қолданылатыны туралы түсіну. Оқулықтағы суреттерге қарап, олардың ортақ қасиеттерін табады. Мәшине, ұшақ, трактор, жылыту батареясы, темір ыдыстар мен алтын сағатта металдың қолданылғанын түсінеді. Оқушылар жұптасып, «Кластер» жасайды. Әр жұпқа металдан, ағаштан, т.б. жасалған заттардың суреттерін пайдаланып, тек металдан жасалғанын анықтаулары керек. ҚБ. Мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы. Кен қалай өндіріледі? Мақсаты: Кеннің қалай өндірілетінін түсінеді. «Орнын тап» ойыны арқылы оқушылар кенді қалай өндіретінін табу керек. Топқа біріктіру. Пайдалы қазбалардың түрлеріне байланысты бірнеше топтарға біріктіру ұсынылады. Әр топқа кен өдіру үрдісі көрсетілген бірнеше суреттер таратылады. Оқушылар суреттерді ретімен орналастырулары керек. ҚБ. Мұғалімнің «Бес саусақ» әдісі бойынша ауызша қалыптастырушы бағалауы. Металл қалай алынады? Оқулықтағы ақпаратпен таныса отырып, әр топ металл өнімдерін қалай алынатынын анықтайды. Жетекші сұрақтар:
ҚБ. Мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы. Сен білесің бе? Оқушылар домна пештерінің температурасы 1500˚С-тан жоғары болатыны туралы біледі.Қазақстандағы ең ірі домна пеші Теміртауда орналасқанын біледі. Зертте. Зерттеудің мақсаты: Қаңылтыр қалбырдың, темір шегенің және сымның қасиеттерін анықтау. Зерттеудің жоспарын құру:
Ресурстар. Әр топқа дайын кесте, қаңылтыр қалбыр, темір шеге және сым тарату.. Талқыланатын сұрақтар: -Кестеден қандай мәлімет алуға болады? -Қандай металл түрлері берілген? Саралау. Ынтасы жоғары оқушыларға металдардың басқа қандай қасиеттері бар екендігін сұрау. Ойларын тыңдау. Зерттеу жұмысын қорытындылау. Зерттеудің жоспары мен оның барысын салыстырып, қорытынды шығару. ҚБ. Мұғалімнің «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша ауызша қалыптастырушы бағалауы. Ойлан. Ғарышта ғарыш кемесіне өте көп күш әсер ететіндіктен оны жасайтын материалдар мықты болуы керектігін түсінеді. Ғарыш кемелерінің тетіктерін түрлі металдардың қосылысынан жасайтынын біледі. Оған алюминий, темір, мыс, күміс, титан сияқты металдар жиі пайдаланылады. Сергіту сәті. Бейнежазба әуенімен қимылдау. Жеке жұмысқа дәптерде берілген тапсырмаларды орындау ұсынылады. 23-жұмыс парағы. «Кенді пайдалы қазбалар деген не?», 25-б. Аңыз. Аңызды оқып жауап беру. Қандай әдіспен? Оқушылар бос ұяшықтарға кенді қазбаларды өңдеудің әдістерін жазады. Бағалау. Дескриптор: Оқушылар: -Кенді байыту әдісін біледі; -Кенді балқыту әдісін біледі.. 24-жұмыс парағы. «Металдардың түрлері», 26-б. Сөзжұмбақ. Оқушылар сөзжұмбақты шеше отырып, «кен» деген сөзді табады. Бағалау. Дескриптор: Оқушылар: -Ашық әдіспен пайдалы қазба өндірілетін жерді біледі; - Құрамында бірнеше металдар кездесетін кенді жазады; -Металды балқытатын пештін атауын біледі. Кен өндіру. Кеннен металды айырып алу жолын сипаттайтын сөздерді тауып, сөйлем құрайды. Бағалау. Дескриптор: Оқушылар: -Кеннен металды айырып алу жолдарын біледі; -Сөйлем құрастырып жазады. ҚБ. Мұғалімнің жазбаша қалыптастырушы бағалауы. | Оқулықпен жұмыс Слайд №3, Плакат, суреттер, маркер, желім Слайд №4
Пайдалы қазбалардың суреттері
Оқулықпен жұмыс Слайд №5,6 Кесте, қаңылтыр қалбыр, темір шеге және сым https://www.youtube.com/watch?v=9sNv1wcpWAw Дәптермен жұмыс | ||||||
Сабақтың соңы 3 минут | Кері байланыс. Сабақтағы өз жұмысына баға беру.
| Бағалау парағы Слайд №7 | ||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||
Саралау –оқушыларғақалайкөбірекқолдаукөрсетудіжоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз? | Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||
Материалдарды игеру деңгейлерінде оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында ақпаратты қабылдаудың әр түрін ескеру. Оқушылардың ақпаратты қабылдауына байланысты тапсырмалар ұйымдастыру. | Сабақ барысында -мадақтау, қолдау сөздер айту арқылы бағалау. -оқушылардың жауаптарын, іс-әрекеттеріне бақылау жүргізіп, түртіп алу арқылы бағалау. | Сергіту жаттығуларын орындағанда, тақтаның алдында топтық жұмыс жасаған кезде оқушылар сынып ішінде жүргенде қауіпсіздік ережелерін сақтау. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?