Айналамыздағы пайдалы қазбалар. Жаратылыстану, 4 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Жаратылыстану Сынып: 4 Бөлім: Заттар және олардың қасиеттері. Табиғат ресурстары. | Мектеп: Модератор: Данабаева М.А. Қатысқандар саны: Қатыспаған оқушылар: | ||
Күні: | |||
Тақырыбы: | Айналамыздағы пайдалы қазбалар | ||
Оқу мақсаты: | 4.3.4.1 кейбір пайдалы қазбалардың (бор, тұз, әктас, саз, мұнай, гранит, көмір, табиғи газ) қолданылу саласын анықтау; 4.1.2.2 алынған нәтижені оқушы таңдаған формада ұсыну. | ||
Сабақтың мақсаты: | Пайдалы қазбаларды қолдану туралы түсіндіру. | ||
Бағалау критерийі | Пайдалы қазбаларды қолдану туралы біледі; Пайдалы қазбалардың топтарын біледі; Пайдалы қазбаларды тиімді пайдалану жолдарын ұсынады. | ||
Тілдік мақсат |
| ||
Құндылықтар | Оқушыларды өзара құрмет көрсетуге, бір біріне түсіністікпен қарауға тәрбиелеу. | ||
Пәнаралық байланыс | Дүниетану, математика. | ||
АКТ қолдану дағдылары | Таныстырылыммен жұмыс | ||
Алдыңғы меңгерілген білім | Пайдалы қазбалардың зияны мен пайдасын біледі. |
Сабақ барысы | ||||
Жоспарланған уақыт | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||
Сабақтың басы 2 минут 3 минут | Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында төмендегі өлең жолдарын хормен айтады. Сабаққа келдік оқу үшін, Ерінуге емес, еңбектену үшін. Мұғалімді мұқият тыңдаймыз, Ынтамен жұмыс жасаймыз. Кіріспе тапсырма. «Мозайка» ойыны арқылы оқушылардан пайдалы қазбалар туралы білетіндерін еске түсіру. Мозайканың әрбір бөлігіне сұрақ жазу. Жетекші сұрақтар:
ҚБ. Мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы. | Алақан суреті Слайд №1 Слайд №2 | ||
Сабақтың ортасы 3 минут 1 минут 4минут 1 минут 3 минут 1 минут 6 минут 1 минут 4 минут 1 минут 7 минут | Геолог. Оқушылар оқулықпен жұмыс жасай отырып, геолог маманның қызметімен танысады. Бірнеше сұрақтар қойып геологтың пайдалы қазбаларды іздейтін маман екендігін түсінеді. Жетекші сұрақтар:
ҚБ. Мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы. Пайдалы қазбалардың топтары. Мақсаты: Пайдалы қазбаларды топтастыру. Пайдалы қазбалардың атауына сәйкес оқушыларды топтарға біріктіру. «Сиқырлы қорапша» ойыны арқылы әр топқа мұнай, темір, құм, асбест, алюминий, газ, әктас, тұз, көмір, фосфор, мыс, граниттің суреттерін таратып беру ұсынылады. Әр топтың мақсаты таратылып берілген суреттерді белгілі бір белгілеріне сәйкес топтастырады. Мысалы, магмалық тау жыныстары, кенді немесе кенсіз пайдалы қазбалар, жанғыш т.б. Топта ынтымақтаса отырып, өз жауаптарын кез-келген формада айтып, ұсынады. ҚБ. Мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы. Ғажайып өзгеру. Оқулықта берілген суреттерді зерделей келе, олардың байланысын анықтай отырып, бірнеше сұрақтарға жауап беру. Сұрақтар:
ҚБ. Мұғалімнің «Смайликтер» арқылы қалыптастырушы бағалауы. Жоба жаса. Мақсаты: Пайдалы қазбаларды тиімді пайдалану жолдарын ұсыну. Ресурстарды таратып беру. Әр жұпқа пайдалы қазбалардың суреттері, желім, қайшы, стикерлер, түрлі-түсті қаламдар мен қағаздар, энциклопедия, пайдалы қазбалар туралы кітапта, ватман. Жобаның басты сұрағы: Пайдалы қазбаны қалай тиімді пайдалануға болады? Жоспар:
Саралау: Ынтасы жоғары оқушыларға пайдалы қазбалардың тиімділігін арттыруда қандай құралдарды немесе әдістерді ұсынуды тапсыру. Тапсырманы орындай отырып оқушылар пайдалы қазбаны тиімді пайдалану пайдалы қазбаны үнемдеумен, қорғаумен тығыз байланысты екендігін түсінеді. ҚБ. Мұғалімнің «Смайликтер» арқылы қалыптастырушы бағалауы. Ойлан. Оқушылар жұптасып «Дәуір» сөзінің мағынасын талқылайды. Ол сөздің уақытты білдіретінін және оның ғасырдан да көп екендігін түсінеді. Cергіту сәті. «Күн, жер, су» ойыны. «Күн» дегенде, қолдарын жоғары көтеріп, күнді бейнелейді. «Жер» дегенде, бір орында тұрып, аяқтарын кезек-кезек қозғайды. «Су» дегенде, қолдарымен толқынды бейнелейді. Өзіндік жұмысты ұйымдастыруға арналған ұсыныстар. 37-жұмыс парағы. «Айналамыздағы пайдалы қазбалар», 39-б. Жікте. Филвордтан пайдалы қазбаларды табу. Бағалау. Дескриптор: Оқушылар:
38-жұмыс парағы. «Пайдалы қазбалар туралы не білесің?», 40-41 бб. Өзіңді тексер. Тест сұрақтарына жауап беру. ҚБ. Мұғалімнің жазбаша бағалауы. | Слайд №3 Қорапша Оқулықпен жұмыс Слайд №4 Слайд №5 Пайдалы қазбалардың суреттері, желім, қайшы, стикерлер, түрлі-түсті қаламдар мен қағаздар, энциклопедия, пайдалы қазбалар туралы кітапта, ватман. Дәптермен жұмыс | ||
Сабақтыңсоңы 3минут | Кері байланыс. «Табыс баспалдағы» арқылы өздерін бағалау. | Слайд №6 | ||
Саралау –оқушыларғақалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларғақандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||
Материалдарды игеру деңгейлерінде оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында ақпаратты қабылдаудың әр түрін ескеру. Оқушылардың ақпаратты қабылдауына байланысты тапсырмалар ұйымдастыру. | Қалыптастырушыбағалауқұралдары: -мұғалімнің ауызша кері байланысы (мадақтау, қолдау сөздер айту); - өзара бағалау: «зерттеу бойынша бағалау» - мұғалімнің жазбаша керібайланысы -оқушылардың жауаптарын, іс-әрекеттеріне бақылау жүргізіп, түртіп алу арқылы бағалау; -«Табысбаспалдағы». | Сергіту жаттығуларын орындағанда, тақтаның алдында топтық жұмыс жасаған кезде оқушылар сынып ішінде жүргенде қауіпсіздік ережелерін сақтау. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?