Ауа қалай қозғалады? Жаратылыстану, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Жаратылыстану

Сынып: 4

Бөлім: Заттар және олардың қасиеттері. Ауа мен су.

Мектеп:

Мұғалім:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Күні

Тақырыбы

Ауа қалай қозғалады?

Оқу мақсаты

4.3.2.4 ауаның табиғаттағы орын ауыстыру процесін түсіндіру;

4.1.2.1 зерттеу әдісін (бақылау мен эксперимент) таңдау себебін оның артықшылығы мен кемшілігіне байланысты негіздеу;

4.1.2.2 алынған нәтижені оқушы таңдаған формада ұсыну.

Сабақтың мақсаты

ауаның табиғаттағы орын ауыстыру үдерісін сипаттайды;

ауаның қозғалысына мысал келтіреді.

Бағалау критерийі

Ауаның табиғаттағы орын ауыстыру процесін сипаттайды

Ауа қозғалысына мысал келтіреді.

Тілдік мақсат

Пәндік терминология мен тірек сөздер

 ауа қозғалысы, жел

Құндылықтар

Құрмет, ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылық, ашықтық, өмір бойы білім алу

АКТ қолдану дағдылары

Таныстырылыммен жұмыс

Алдыңғы меңгерілген білім

Ауаның құрамын, оның қасиеттерін біледі.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Кіріспе тапсырма. Жедел жауап.

- Ауа деген не?

- Ауаның құрамын ата.

- Ауаның қандай қасиеттерін білесің?

Шағын топтар немесе жұптарға тапсырма: Ауаның бар екенін қалай дәлелдеу.

Ресурстардан таңдаған заттарды алып, ауаның бар екенін көрсету үшін қарапайым эксперименттер көрсету. Мысалы,

желпуішпен желпу;

целлофан немесе қағаздан жасалған қап ішіне ауа толтыру

шарды үрлеу, түтікшені үрлеу, т.б.

Топтық жұмыс.

Сыныпты екі бағыттағы топқа бөлу, бір бағытқа ауаның қасиеттерін, ал екінші топқа ауаның құрамын сипаттауды тапсыру.

Жұмыс нәтижесін өздері таңдаған формада ұсынады.

Сыныптастарына таныстыру.

Қатты қағаз, шар, целлофан қапшық, түтікше, т.с.с.

Ватман парағы, маркерлер.

Сабақтың ортасы

Топтық жұмыс.

Ауаны не үшін салқындатады?

Желдеткішті ашып көру немесе салқындатқышты қосу.

Оқулықтағы сурет бойынша әңгіме жүргізу.

- Суық ауа қандай бағытта қозғалады? Ол қандай түспен көрсетілген?

- Жылы ауа ше? Ол қандай түспен берілген?

- Салқындатқын неліктен есіктің жоғарғы жағына, ал батарея терезенің астына орналастырылған?

- Салқындатқыш не үшін қолданылады?

Зерттеу жұмысы.

Шағын топтарға біріктіру.

Ресурстар тарату: А4 қағаз, қайшы, жіп, қарындаш, қағаз қыстырғыштар, электрлік жылытқыш құрал (радиатор) немесе майшам, зерттеу нәтижесін тіркейтін парақ пен маркер. Егер сынып бөлмесіндегі радиатор жабық болса немесе электрлік жылытқыш құрал әкелуге мүмкіндік болмаса, майшам қолдануға болады, алайда мұндай жағдайда тәжірибені мұғалімнің басшылығымен жүргізу ұсынылады.

Зерттеу жүргізуге aрнaлғaн нұcқaулықпен таныстыру.

1. А4 парағына үлгі бойынша тұйықталмаған шеңберлерден спираль суретін салу.

2. Спираль суретін қайшымен қиып алу.

3. Спиральдің бір ұшына (шеңбердің ең ортасындағы) жіп тағып, қағаз қыстырғышпен (скрепка) қыстыру не степлермен бекіту.

 4. Спиральді жылу батареясы немесе электрлік жылытқыш құралдың үстіне жібінен ұстау. Сәлден соң қозғала бастаған спиральді бақылау.

 5. Бақылау нәтижесін тіркеу.

 6. Қорытынды жасау.

Зертте бойынша жылы ауа жоғары көтеріледі, пайда болған ауа қозғалысы спиральді де қозғалысқа келтіреді, ауаның жылиды және жылы ауаның жоғары көтеріледі деген қорытынды жасайды.

  • Зерттеу жұмысын қандай әдіс қолданып жүргіздіңдер?
  • Қай жұмыс түрі бақылау болды?
  • Жұмыстың қай түрі эксперимент болады?
  • Қай кезде қай әдіс тиімді болды?

Зерттеу нәтижесін өздері таңдаған формада ұсынады: сызба, сурет немесе кластер, т.с.с.

Жұптық жұмыс

 Жел қалай пайда болады?

Мақсаты – желдің қалай пайда болатынын инфографика арқылы түсіндіру.

Ұсынылатын жұмыс түрлері:

  • инфографиканы өздігінен зерделеп, қорытынды жасау
  • жетекші сұрақтар арқылы түсіндіру

Инфографикамен өздігінен жұмыс істеу үшін екі топқа бөлу. 1 топ - күндізгі, 2 топ - түнгі желдің пайда болуын зерделейді. Инфографикада берілген реті бойынша желдің пайда болуын талқылап, түсіндіруге дайындалады. (Бұл жұмысты сахналау, пантомимо жасау, рөлге бөліп орындау арқылы да орындатуға болады.)

 Сыныппен ортақ жұмыс үшін сұрақтар:

  • Бірінші суреттен не көріп тұрсыңдар?
  • Тәуліктің қай мезгілі?
  • Жалауша қай бағытта желбіреп тұр?
  • Екінші суретте қай мезгіл?
  • Бірінші суреттен қандай айырмашылығы бар? Не өзгерді?

Жылы ауа мен суық ауаның қозғалысынан жел пайда болады деген қорытынды жасалады.

Ықтимал жауаптар

Күндіз

1. Күн сәулесі жер бетін қыздырады.

2. Жылынған құрлық өзіне жақын ауаны жылытады.

3. Жылы ауа жоғары көтеріледі.

4. Су баяу жылынады, сондықтан оның бетіндегі ауа әлі салқын.

5. Жер бетіндегі жылы ауа жоғары көтерілгенде, оның орнына су бетіндегі салқын ауа ауысады. Осылай жел пайда болады. Күндіз жел судан құрлыққа қарай соғады.

Түн

1. Құрлық беті тез суынады.

2. Оның бетіндегі ауа да салқындайды.

3. Ал су әлі жылы (себебі ол баяу салқындайды).

4. Судың бетіндегі ауа да жылы. Ол жоғары көтеріледі.

5. Оның орнына құрлықтағы салқын ауа келеді. Сонымен, түнде жел құрлықтан суға қарай соғады.

Өзіндік жұмыс

46-жұмыс парағы. «Ауа қалай қозғалады?».

Орнын тап. Суреттегі желдің бағытына қарап, оның қандай ауа екенін табу және жылы ауа мен суық ауа көздерінің (радиатор мен желдеткіштің) суретін салу.

Жауабы:

Суреттің сол жақ бөлігіндегі төменгі жиектемеге радиатордың, оң жақ бөлігіндегі жоғарғы жиектемеге желдеткіші ашық терезенің суретін салады.

47-жұмыс парағы. «Жел қалай пайда болады

Анықтама құрастыр. Тиісті сөздерді таңдап алу арқылы желдің анықтамасын құрастыру, тақырып бойынша алған білімін қолдана алу.

Жауабы: Жел дегеніміз – жер бетіндегі ауаның қозғалысы.

ҚБ. Мұғалімнің жазбаша кері байланысы.

/Оқулықтағы сызба/

 

 

 

 

Үлестірме парақшалар,

А4 қағаз, қайшы, жіп, қарындаш, қағаз қыстырғыштар, электрлік жылытқыш құрал (радиатор) немесе майшам, сіріңке

Оқулық

Жұмыс дәптері

Сабақтың соңы

Рефлексиялық кезең.

Кері байланыс.

«Жетістік баспалдағында» өзін-өзі бағалау (Слайдқа немесе баспалдақ суретіне стикер жапсыру)

ҚБ. Мұғалімнің кері байланысы

Кері байланыс парағы

Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Тапсырма бойынша саралау:

Жел қалай пайда болады?

Қалыптастырушы бағалау құралдары:

-мұғалімнің ауызша кері байланысы (мадақтау, қолдау сөздер айту);

- өзін өзі бағалау;

- мұғалімнің жазбаша кері байланысы;

-Сабақ барысында әрекеттер жиі ауыстырылады;

- қауіпсіздік ережелерін сақтауға назар аударылады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылар оқу мақсаттарына қол жеткізді ме?

Оқу мақсаттарына қол жеткізілмесе, себебі неде?

Ынтымақтастыққа қол жеткізілді ме?

Саралау бойынша жұмыс дұрыс жүргізілді ме?

Уақыт кезеңдері дұрыс сақталды ма?

Жоспардан ауытқу орын алды ма? Неліктен?

Қорытындылау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды жетілдіруге не көмектесетін білдім



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу