Заттар қандай болады? Жаратылыстану, 4 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Жаратылыстану Сынып: 4 Бөлім: Заттар және олардың қасиеттері. | Мектеп: Мұғалім: Қатысқандар саны: Қатыспаған оқушылар: | |||||
Күні: | ||||||
Тақырыбы: | Заттар қандай болады? | |||||
Оқу мақсаты: | заттың қасиетіне байланысты қолдану аясын анықтау; алынған нәтижені оқушы таңдаған формада ұсыну. | |||||
Сабақтың мақсаты: | Оқушылардың бәрі: заттың қасиеттерін сипаттау; Оқушылардың көбі: заттың қасиетіне байланысты қайда қолданылатынын анықтау; Оқушылардың кейбірі: өздері мысал келтіру. | |||||
Бағалау критерийі | Заттың қасиеттерін сипаттау; Заттың қасиетіне байланысты қайда қолданылатынын анықтау; Өздері мысал келтіру. | |||||
Тілдік мақсат: | Пәндік терминология мен тірек сөздер таза зат, қоспа, балқу, қайнау | |||||
Құндылықтар: | Өзара сыйластық, ынтымақтастықта жұмыс істеу. Өз денсаулығын күту және саламатты өмір салтын сақтау. | |||||
Пәнаралық байланыс | дене шынықтыру | |||||
АКТ қолдану дағдылары | Таныстырылыммен жұмыс | |||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Заттардың қасиеттерін біледі. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Жоспарланған уақыт | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы | Мотивация.
Сабақтың тақырыбын, мақсатын айқындау. Күнделікті тағам ретінде қолданылытын нанның құрамы қандай? (нан қандай заттардан жасалатынын, құрамы бірнеше заттан тұратынын анықтайды). Бүгінгі сабақ заттар қандай болатынын хабарлау. | Доп | ||||
Сабақтың ортасы | Топтық жұмыс. Құрамын анықта. Оқушылардың назарын суретке аударыңыз. Олар екі ыдыстағы судың құрамын салыстырсын. Екі ыдыстағы судың құрамында қандай ұқсастық пен айырмашылық бар? – деп сұраңыз. Олар айырмашылығы ретінде бірінші ыдыстағы судың құрамы бір ғана заттан, ал екінші ыдыстағы судың құрамы екі түрлі заттан құралғанын және ұқсастығы ретінде екі ыдыстағы заттың құрамында су бар екенін айтуы тиіс. Егер жауап беруге қиналса, жетекші сұрақтар қойыңыз. Суретте бейнеленген заттардың ішінде таза зат – дистильденген (тазартылған) су. Оны алу үшін бірнеше үдеріс жүреді, соның нәтижесінде су құрамындағы заттардан тазарады. Таза зат дегеніміз не? Қоспа дегеніміз не? Білімді аралық бекіту. Оқулықтағы мәтінді оқу. Мәтіндегі ақпаратты зерттеу жұмысы бойынша жасаған қорытындыларымен (әңгімелерімен) салыстыру. ҚБ өзін өзі бағалау. Зертте. Оқушыларды бірнеше шағын топтарға бөліңіз. Ресурстарды (қағаз қыстырғыштар, шегелер, стақандар, магниттер, араластыруға арналған таяқша немесе қасық) және зерттеу нәтижесін тіркейтін парақтар мен маркерлер таратып беріңіз. Оқушыларға алдын ала зерттеу нәтижесін тіркеу түрін өздері таңдайтынын ескертіңіз. Зерттеу жұмысын жүргізуге арналған нұсқаулық • Ресурстарды зерделейді. • Темір сынықтары мен ағаш ұнтағын араластырады. • Құмды немесе топырақты стақандағы суға салады да, таяқшамен немесе қасықпен араластырады. • Нәтижені тіркейді, аралық қорытынды жасайды. • Темір сынықтарын ағаш жаңқаларының арасынан магниттің көмегімен бөліп алады. • Құмды немесе топырақты тұндырады. • Нәтижені тіркейді. • Қорытынды жасайды. Темір мен опилка қатты қоспаларға жатады. Темірді магнитпен тарту арқылы оңай бөліп алуға болады. Топырақ немесе құм сумен араласып, судың түсін өзгертеді. Оларды бір-бірінен бөліп алу үшін суды тұндырады немесе сүзеді. Тәжірибені орындау нәтижесінде оқушылар қоспаның құрамындағы кейбір заттарды бөліп алуға болатыны туралы қорытынды жасайды. Жұптық жұмыс Үдерістер. Оқушыларға темірден жасалған бірнеше затты көрсетіп пішіндері неге әртүрлі екенін және оны қалай жасайтынын сұраңыз. Олар бұл заттардың темірден жасалатынын, оны түрлі пішінге келтіру үшін балқытатынын айтады. Оқулықтағы суреттен олар темірді балқытып, түрлі қатты заттар жасайтынын түсінеді. Келесі суретке назарларын аудартып, ірімшікті қалай жасайтынын сұраңыз. Оқушылар суретке қарап, ашыған сүтті қайнату арқылы алатынын айта алады. Келесі суреттегі балмұздаққа не болды? Оның еріп кеткенін айтады. Суреттің көмегімен сұрақтарға жауап бере отырып, оқушылар түрлі әрекеттің нәтижесінде жаңа заттар алуға болатынын түсінеді. Содан соң, барлық затты балқытуға (ерітуге, қайнатуға) бола ма? Оларға балқитын, еритін, қайнайтын денелерге мысал келтіруді ұсыныңыз. Оқушыларға заттардың балқуы, еруі, қайнауы заттың қасиетіне жататынын түсіндіріңіз. 41-жұмыс парағы. «Заттар қандай болады?» Таза зат пен қоспа. Бұл тапсырма таза зат пен қоспа туралы түсініктерін кеңейтуге және тірек сөздерді есте сақтауға бағытталған. Оқушылар таза зат пен қоспаға бірнеше мысал келтіріп, сызбаны толықтырады.. Ықтимал жауап Таза заттар: дистилденген су, алтын құймасы. Қоспалар: ас содасы, топырақ, сүт, балмұздақ, тосап. Заттардың құрамын анықта. Тапсырма қоспалардың құрамы туралы түсініктерін нығайтуға бағытталған. Оқушылар тапсырманы орындау барысында энциклопедияларды немесе интернет ақпараттарын қосымша пайдалана алады. Жауабы Теңіз суы: су және әртүрлі тұздар. Құрт: ашыған сүт және тұз. Наурызкөже: ет, су, тұз, түрлі жармалар, айран. Артық сөз. Бұл тапсырма таза зат пен қоспа туралы түсініктерін бекітуге және есте сақтауға бағытталған. Оқушылар берілген сөздердің арасынан артық сөзді таба алуы тиіс. Жауабы А) Дистильденген су; Ә) Оттек. ҚБ мұғалімнің жазбаша кері байланысы | / Оқулықтағы сызба/
Дәптермен жұмыс Зерттеу нәтижесін жазуға арналған үлестірме парақшалар, әртүрлі дене үлгілері | ||||
Сабақтың соңы | Рефлексиялық кезең. Кері байланыс. ҚБ мұғалімнің кері байланысы | Кері байланыс парағы Слайд №7 | ||||
Қосымша ақпарат | ||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
-Материалдарды игеру деңгейлерінде оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында ақпаратты қабылдаудың әр түрін ескеру. -Оқушылардың ақпаратты қабылдауына байланысты тапсырмалар ұйымдастыру | Қалыптастырушы бағалау құралдары: -мұғалімнің ауызша кері байланысы (мадақтау, қолдау сөздер айту); - жұптардың эксперимент туралы есебін өзара бағалауы; - өзін өзі бағалау; - мұғалімнің жазбаша кері байланысы; -оқушылардың жауаптарын, іс-әрекеттеріне бақылау жүргізу; -оқушылардың жазбаша кері байланысы | -Сабақ барысында іс әрекет, дене жаттығулары көптеп орындалады (ұйымдастыру шеңберінде, зерттеу жұмысы барысында); - әрекеттер жиі ауыстырылады; - қауіпсіздік ережелерін сақтауға назар аударылады. | ||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылар оқу мақсаттарына қол жеткізді ме? Оқу мақсаттарына қол жеткізілмесе себебі неде? Ынтымақтастыққа қол жеткізілді ме? Саралау бойынша жұмыстар дұрыс жүргізілді ме? Уақыт кезеңдері дұрыс сақталды ма? Жоспардан ауытқулар орын алды ма? Неліктен? | ||||||
Қорытындылау Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды жетілдіруге не көмектесетін білдім? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?