Заттар қандай болады? Жаратылыстану, 4 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Жаратылыстану Сынып: 4 Бөлім: Заттар және олардың қасиеттері | Мектеп: Мұғалім: Қатысқандар саны: Қатыспаған оқушылар: | |||||
Күні | ||||||
Тақырыбы | Заттар қандай болады? | |||||
Оқу мақсаты | 4.3.1.1 заттың қасиетіне байланысты қолдану аясын анықтау; 4.1.2.2 алынған нәтижені оқушы таңдаған формада ұсыну. | |||||
Сабақтың мақсаты | заттың қасиетіне байланысты қайда қолданылатынын анықтайды; заттардың қалай өзгеретінін, оған не әсер ететінін түсінеді. | |||||
Бағалау критерийі | заттың қасиеттерін сипаттайды; заттың қасиетіне байланысты қайда қолданылатынын анықтайды; заттың қолданылуына өздігінен мысал келтіреді; заттың өзгеруіне өздігінен мысал келтіреді; | |||||
Тілдік мақсат | Пәндік терминология мен тірек сөздер таза зат, қоспа, балқу, қайнау | |||||
Құндылықтар | Еңбек пен шығармашылық, өмір бойы білім алу. Өзара сыйластық, ынтымақтастықта жұмыс істеу. Өз денсаулығын күту және саламатты өмір салтын сақтау. | |||||
АКТ қолдану дағдылары | Таныстырылыммен жұмыс | |||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Заттарды, денелерді сипаттай алады, қасиеттерін біледі. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Жоспарланған уақыт | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы | Сабақтың тақырыбын, мақсатын айқындау. Күнделікті тағам ретінде қолданылытын нанның құрамын ата (нан қандай заттардан жасалатынын шамалап атайды, құрамы бірнеше заттан тұратынын айтады). Ауаның, топырақтың құрамын атау. «Таза», «қоспа» деген ұғымдардың мағынасын ашу. | Нан суреті Ауа құрамы диаграммасы Топырақт суреті | ||||
Сабақтың ортасы | Топтық жұмыс. Құрамын анықта Суретпен жұмыс. Екі ыдыстағы судың құрамын салыстыру.
Білімді аралық бекіту. Оқулықтағы мәтінді оқу. Инсерт кестесін толтыру. Мәтіндегі ақпаратты зерттеу жұмысы бойынша жасаған қорытындыларымен (әңгімелерімен) салыстыру. ҚБ. Өзін өзі бағалау. Зерттеу жұмысы. Шағын топтар құру. Ресурстар мен зерттеу нәтижесін тіркейтін парақтар мен маркерлер таратып беру. Зерттеу нәтижесін тіркеу түрін өздері таңдайтынын ескерту. Зерттеу жұмысын жүргізуге арналған нұсқаулықпен таныстыру. 1. Ресурстарды зерделеу. 2. Темір сынықтары мен ағаш ұнтағын араластыру. 3. Темір сынықтарын ағаш жаңқаларының арасынан магниттің көмегімен бөліп алу. 4. Нәтижені тіркеу, аралық қорытынды жасау. 5. Лимон қышқылын стақандағы суға салу, қасықпен араластыру. 6. Лимон еріген суды зерделеу. 7. Лимон қышқылын судан бөліп алуға тырысу. 8. Нәтижені тіркеу. 9. Қорытынды жасау. Темір мен ағаш ұнтағы қатты қоспаларға жатады. Темірді магнитпен тарту арқылы оңай бөліп алуға болады. Лимон қышқылы сумен араласады. Оны судан бөліп алу мүмкін емес. Тәжірибе нәтижесінде оқушылар қоспаның құрамындағы кейбір заттарды бөліп алуға болатыны, кейбір заттардың бөлініп алынбайтыны туралы қорытынды жасайды. Жұптық жұмыс Үдерістер.
Тапсырма: Балқитын, еритін, қайнайтын денелерге мысал келтіру. Қорытындылау (Заттың балқуы, еруі, қайнауы оның қасиетіне жатады). Өзара бағалау. Ойлан. «Қымыз таза зат па әлде қоспа ма?» сұрағына бойынша талқылау.
Сондықтан қымыз қоспа затқа жатады. Сен білесің бе? Сабынды қалай жасайды немес сабынның құрамында нелер болуы мүмкін? Талқылау. Ерте заманда алаботадан сабын жасау туралы әңгімелеу. Өзіндік жұмыс ретінде дәптерде берілген тапсырмаларды орындау. 41-жұмыс парағы. «Заттар қандай болады?» Таза зат пен қоспа. Таза зат пен қоспаға бірнеше мысал келтіріп, сызбаны толықтыру. Таза заттар: дистилденген су, алтын құймасы. Қоспалар: ас содасы, топырақ, сүт, балмұздақ, тосап. Заттардың құрамын анықта. Тапсырманы орындау барысында энциклопедия немесе интернет ресурсын қосымша пайдалана алады. Теңіз суы: су және әртүрлі тұздар. Құрт: ашыған сүт және тұз. Наурызкөже: ет, су, тұз, түрлі жармалар, айран. Артық сөз. Жауабы: А) Дистильденген су; Ә) Оттек. ҚБ. Мұғалімнің жазбаша кері байланысы |
Сурет
Кесте Үлестірме парақшалар, қағаз қыстырғыштар, шегелер, стақандар, магнит, араластыруға арналған таяқша немесе қасықша Оқулық Жұмыс дәптері | ||||
Сабақтың соңы | Рефлексиялық кезең. А) Білдім: Түсіндім: Үйрендім: Келесі сабақта мен .... туралы білгім келеді. Ә) Бүгінгі сабақ маған ұнады\ ұнамады. Себебі, ... Б) Мұғалімнің кері байланысы | Кері байланыс парағы | ||||
Қосымша ақпарат | ||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
-Оқушылардың ақпаратты қабылдауына байланысты тапсырмалар ұйымдастыру | Қалыптастырушы бағалау құралдары: -Мұғалімнің ауызша кері байланысы (мадақтау, қолдау сөздер айту); - жұптардың өзара бағалауы; - өзін өзі бағалау; - мұғалімнің жазбаша кері байланысы; -оқушылардың жауаптарын, іс-әрекеттеріне бақылау жүргізу; -оқушылардың жазбаша кері байланысы | - Сабақ барысында әрекеттер жиі ауыстырылады; - қауіпсіздік ережелерін сақтауға назар аударылады. | ||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылар оқу мақсаттарына қол жеткізді ме? Оқу мақсаттарына қол жеткізілмесе себебі неде? Ынтымақтастыққа қол жеткізілді ме? Саралау бойынша жұмыстар дұрыс жүргізілді ме? Уақыт кезеңдері дұрыс сақталды ма? Жоспардан ауытқулар орын алды ма? Неліктен? | ||||||
Қорытындылау Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды жетілдіруге не көмектесетін білдім? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?