Адамның зәр шығару жүйесі. Жаратылыстану, 4 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3-бөлім. Жанды табиғат. Адам

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 4

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Адамның зәр шығару жүйесі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу)

4.2.3.1 зәр шығару жүйесін және оның адам ағзасындағы рөлін сипаттау;

4.1.2.2 - алынған нәтижені оқушы таңдаған формада ұсыну

 Сабақ мақсаттары

Зәр шығару жүйесінің адам ағзасындағы рөлін білу

 Тілдік мақсаттар

 

Пәндік сөздік және терминология:

  • Бүйректер, несеп жолдары, қуық,зәр шығару жолдары

 Құндылықтарды дарыту

Өмір бойы білім алу

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

Алдыңғы меңгерілген білім

3 сыныпта адамның дене мүшелері туралы алған білімдерін қайталау

Сабақбарысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

I.Ұйымдастыру бөлімі 

«Сөйлейтин қолдар» тренинг Мақсаты: оқушылардың ара-қатынастарын жақындату. Жаттығу барысы: Оқушылар екі шеңбер құрады. Ішкі және сыртқы шеңберде бір-бірлеріне қарап тұрады. Мұғалім белгі берген кезде оқушылар жұп құрып, берген тапсырманы үндемей орындайды.

Қолдарыңмен амандасу.

Қуаныш білдіру.

Сәттілік білдіру.

Қолдарыңмен қоштасу.

- Не жеңіл, не қиын болды? -Үндемей ақпаратты беру кімге қиындық туғызды? -Кімге жеңіл болды? - Қарсы тұрған оқушының ақпаратына назар аудардың ба, әлде өзің осы ақпаратты қалай жеткіземін деген ойда болдың ба? - Бұл жаттығуларды не үшін жасадық деп ойлайсыңдар?

Презентация

Презентация

суреттер

Сабақ ортасы

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын ашу.

-Балалар сендер қалай ойлайсыңдар адамзат баласының өміріне қажетті қандай жағдайлар қажет? Кім айтады?

-Ауа, жарық, су, тамақ, баспана, жылу, киім т.б. қажет болады.

-Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар адам қоректенгенде барлық заттар пайдалы болады деп ойлайсыңдар ма? деген ортаға сауал тастау.

-Дұрыс айтасыңдар адам бойындағы мүшелер жүйесі өз қызметін атқарып керек заттарды алып, ал зиянды қалдық заттарды қалай сыртқа шығарады екен?

-Адам бойындағы қандай мүшелер жүйесі бар атап өтіңдерші?

Адам ағзасында болатын мүшелер жүйесі:

1. Эндокриндік жүйе - арнайы заттардың көмегімен ағзадағы барлық үдерістерді реттейді.

2. Жүйке жүйесі - барлык мүшелер мен мүшелер жүйесін біртұтас етіп біріктіріп, олардың жұмысын реттейді.

3. Сезім мушелері - сыртқы ортадан арнайы тітіркендіруді қабылдайды әрі одан жауап қайтарады.

4. Тірек-қимыл жүйесіне бұлшық еттер мен қаңқа жатады. Олар тіректік, қозғалыстық және қорғаныштық қызмет атқарады.

5. Жүрек-қантамырлар жүйесі - жүрек пен қантамырлар ағзада қан айналымды қамтамасыз етеді.

6. Тыныс алу жүйесі тыныс алу мүшелері (мұрын қуысы, жұтқыншақ, көмекей, кеңірдек, ауатамыр, өкпе) қан мен қоршаған орта арасындағы газ алмасуға қатысады.

7. Асқорыту жүйесі - ағзада тағамның ішекте қорытылуы мен сіңірілуін қамтамасыз ететін асқорыту мүшелерінің жиынтығы.

8. Жыныс жүйесі - ағзаның артына ұрпақ қалдырып, тіршілігін жалғастыруды қамтамасыз етеді.

9. Зәршығару жүйесі - зат алмасудың нәтижесінде ағзада түзілген (тұз, несеп) өнімдерді ағзадан сыртқа шығарады.

Оқушылар назарына мына суретті ұсынамыз.

Зәр шығару жүйесі.

1. Қос бүйрек.

2. Қос зәрағар.

3. Қуық.

4. Зәр шығару өзегі.

Адамның зәр шығару жүйесінің негізгі бөлшектерін және олардың функцияларын академиялық тілді пайдаланып, ауызша атап кету.

Мұғалімнің түсіндірмесі:

Қан тамырлары арқылы тасымалданатын қалдық заттардан бүйректе үнемі зәр түзіледі. Ол зәр несеп ағар арқылы қуыққа жетіп отырады. Қуықта жиналып қалған зәр несеп жолы арқылы сыртқа шығарылады. Тірлік етушілердің зәр шығару түтікшесі (несеп жолы) жыныс мүшесінен бөлінетін заттарды да шығаратын болғандықтан ол мүшені несеп-жыныс түтігі деп те атайды.

Қорытынды

  • Зәр шығару жүйесі неге керек?
  • Адамның зәр шығару жүйесі неден тұрады?
  • Зәр шығару жүйесінің әрбір ағзасы не үшін керек?

https://www.dkfindout.com/us/human-body/your-waterworks/?_escaped_fragment_

http://kidshealth.org/en/kids/bfs-usactivity.html?WT.ac=k-ra

Сабақтың соңы

5 минут

  • Рефлексия

Қарастырылған мәліметтер бойынша қорытынды жасаңдар.

«Телеграмма»

Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлері туралы мұғалімге, ата-анасына, достарына арнап жазулары керек.

-Өздерін бағалау

Тақтадағы пайыздық көрсеткіш бойынша өздерін бағалайды.

50% 70% 100%

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалдымеңгерудеңгейінтексеружоспарыңыз?

Денсаулықжәнеқауіпсіздіктехникасыныңсақталуы

Топта жұмыс жасату арқылы дифференциациялау. Қабілеттері әр түрлі оқушыларды топтастырып жұмыс жасату. Топтық жұмыстарды ұйымдастыру үшін қабілеті жоғары оқушыларға күрделі тапсырма беру.

Оқушылардың топтағы жұмыстары бағаланады.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Қолданылған сергіту сәті мен белсенді оқыту әдістері

Сабақ барысында қауіпсіздік ережесін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу