Зәр шығару жүйесіне не жатады? Жаратылыстану, 4 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Жаратылыстану Сынып: 4 Бөлім: Жанды табиғат Адам | Мектеп: Мұғалім: Қатысқандар саны: Қатыспаған оқушылар: | |||||||||
Күні: | ||||||||||
Тақырыбы: | Зәр шығару жүйесіне не жатады? | |||||||||
Оқу мақсаты: | 4.2.3.1 - зәр шығару жүйесін және оның адам ағзасындағы рөлін сипаттау; 4.1.2.2 алынған нәтижені оқушы таңдаған формада ұсыну. | |||||||||
Сабақтың мақсаты: | Оқушылардың бәрі: адамның зәр шығару жүйесінің жұмысын сипаттайды; Оқушылардың көбі: зәр шығару жүйесінің адам ағзасындағы рөлін сипаттайды; эксперимент жоспарлайды, жүргізеді, қорытынды жасайды; Оқушылардың кейбірі: адам ағзасының басқа жүйелерінін жұмысын зәр шығару жүйесінің жұмысымен байланыстырады. | |||||||||
Бағалау критерийі | Зәр шығару жүйесінің қызметін сипаттайды; Зәр шығару жүйесінің рөлін сипаттайды; Адамның зәр шығару жүйесінің жұмысын жақсарту жолдарын атайды; Болжам жасайды, эксперимент жоспарлайды, жүргізеді, қорытындылайды. | |||||||||
Тілдік мақсат: |
| |||||||||
Құндылықтар: | Өзара сыйластық, ынтымақтастықта жұмыс істеу. Өз денсаулығын күту және саламатты өмір салтын сақтау. | |||||||||
Пәнаралық байланыс | дене шынықтыру | |||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Таныстырылыммен жұмыс | |||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Асқорыту, тыныс алу және қанайналым жүйесі мүшелерінің ағзада орналасуын, атауын, қызметін біледі. | |||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||
Жоспарланған уақыт | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||
Сабақтың басы | Мотивация.
Сабақтың тақырыбын, мақсатын айқындау. Адам ағзасы тіршілігіне қажетті қоректік заттарды қайдан арқылы алады? Тамақтанудың ағза үшін маңызы қандай? Тамақтың барлығы пайдалы ма? Ағзадан артық су, зиянды және улы заттар қалай шығарылады? Оларға қандай мүшелер жатады деп ойлайсың? Бүгінгі сабақта зәр шығару жүйесіне жататын мүшелерді (бүйрек, несепағар, қуық) зерттейтіндерін хабарлау. | Доп | ||||||||
Сабақтың ортасы | Топтық жұмыс. Адам ағзасындағы мүшелер Адам ағзасының мүшелерді ата. Оларды атқаратын қызметі бойынша қандай жүйелерге біріктіруге болады? Қандай мүшелер саған таныс емес? ҚБ Мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы. Сурет. Жұптық жұмыс. Зәр шығару мүшелері. Суретте қандай мүшелер көрсетілген? Олар қандай қызмет атқарады деп ойлайсың?
Саралау: зәр шығару жүйесі арқылы ағзадағы артық және зиянды заттардың шығарылуын түсіндіру. Бейнеүзінді көру. Көргендерін сипаттау және сызбамен байланыстыру. ҚБ Өзін өзі бағалау Зерттеу жұмысы. Ресурстар дайындау. «Адам ағзасының ішкі құрылысының» және «Зәр шығару мүшелерінің» муляждері (егер қолда болмаған жағдайда суреті); «зәр жинау», «зәр өткізу», «қанды тазарту», «зәр түзілу» деген сөздер жазылған сөздер үлестірме парақшалар, қосымша ақпарат көздері. Мақсаты: «Зәр шығару мүшелері қалай жұмыс істейді?» деген сұраққа жауап беру. Жұпта орындалады. Зерттеу мәселесі. Оқушыларды жұптарға біріктіру. Тапсырма: Нені анықтауым қажет? Мен нені зерттеймін? деген мәселе туралы ойланып, зерттеу сұрағын құрастыру. Мысалы:
Болжам жасау.Бүйректің қызметі қандай? Жауап шаблоны: «Мен … болады деп ойлаймын». (Бүйректің қызметі – қанды тазарту, зәр түзу). Болжамдарын жазып қою. Зертте тапсырмасын орындау: -бүйректің қызметін тұсына жапсыру, -несепағардың қызметін тұсына жапсыру, -қуықтың қызметін тұсына жапсыру, Жоспарлау. Эксперимент жоспарын құру (Әр жұп құрастырады. Ортақ талданады):
ҚБ мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы Білімді аралық бекіту. Оқулықтағы мәтінді оқу. Мәтіндегі ақпаратты зерттеу жұмысы бойынша жасаған қорытындыларымен (әңгімелерімен) салыстыру. ҚБ өзін өзі бағалау. Сергіту сәті. Бейнежазба әуенімен қимылдау. Ойлан. Ағзадағы керексіз заттарды шығаруға тағы қандай мүшелер қатысады? ҚБ мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы Жеке жұмыс ретінде дәптерде берілген тапсырмаларды орындау. 33 жұмыс парағы. «Зәр шығару жүйесі», Зиянды заттар. Оқушылар адам ағзасынан бөлініп шығатын зиянды заттарды әр дене мүшесінің астындағы бос жиектемелерде жазады. Бұл тапсырма оқушылардың білімін нақтылауға және тақырыпты қаншалықты меңгер- генін анықтауға көмектеседі. Жауабы: Тері – ағзадағы артық су мен тұздарды бөліп шығарады. Өкпе – көмірқышқыл газды бөліп шығарады. Ішектер – қорытылмаған қалдық заттарды шығарады. Бүйрек – қанның құрамындағы зиянды заттарды шығарады. Дұрыс нұсқаны таңда. Тапсырма оқушылардың зәр шығару мүшелері туралы білімін бекітуге арналады. Оқушылар дұрыс жауапты белгілейді. Жауабы: Ә) 1 – бүйрек; 2 – несепағар; 3 – қуық.
Сәйкестендір. Тапсырма оқушылардың зәр шығару мүшелерінің қызметі туралы білімін бекітуге арналады. Оқушылар кестеде берілген зәр шығару мүшелері мен олардың қызметін сәйкестендіре білуі керек. Кесте астына әр сұрақтың тұсына дұрыс жауапты жазады. Жауабы: 1 – Б, 2 – А, 3 – Ә. Сыныптасыңды тексер. Өтілген тақырып бойынша 3 сұрақ және жауаптарының нұсқаларын құрастырып жазады да, сыныптасына ұсынады. Бұл тапсырма өзінің де, сыныптасының да тақырыпты қаншалықты меңгергенін анықтауға көмектеседі. ҚБ мұғалімнің жазбаша кері байланысы | Зәр шығару / Оқулықтағы сызба/ Бейнеүзінді
Дәптермен жұмыс Зерттеу нәтижесін жазуға арналған кесте, муляж, үлестірме парақшалар, қосымша ақпарат көздері | ||||||||
Сабақтың соңы | Рефлексиялық кезең. Кері байланыс. 1) Алдынғы тақырыпта туындаған сұрақтарына жауап алған/алмаған туралы оқушылардың кері байланысы; 2) Сабақтағы өз жұмысына баға беру.
ҚБ мұғалімнің кері байланысы | Кері байланыс парағы Слайд №7 | ||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||
-Материалдарды игеру деңгейлерінде оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында ақпаратты қабылдаудың әр түрін ескеру. -Оқушылардың ақпаратты қабылдауына байланысты тапсырмалар ұйымдастыру | Қалыптастырушы бағалау құралдары: -мұғалімнің ауызша кері байланысы (мадақтау, қолдау сөздер айту); - жұптардың эксперимент туралы есебін өзара бағалауы; - өзін өзі бағалау; - мұғалімнің жазбаша кері байланысы; -оқушылардың жауаптарын, іс-әрекеттеріне бақылау жүргізу; -оқушылардың жазбаша кері байланысы | -Сабақ барысында іс әрекет, дене жаттығулары көптеп орындалады (ұйымдастыру шеңберінде, зерттеу жұмысы барысында); - әрекеттер жиі ауыстырылады; - қауіпсіздік ережелерін сақтауға назар аударылады. | ||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылар оқу мақсаттарына қол жеткізді ме? Оқу мақсаттарына қол жеткізілмесе себебі неде? Ынтымақтастыққа қол жеткізілді ме? Саралау бойынша жұмыстар дұрыс жүргізілді ме? Уақыт кезеңдері дұрыс сақталды ма? Жоспардан ауытқулар орын алды ма? Неліктен? | ||||||||||
Қорытындылау Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды жетілдіруге не көмектесетін білдім? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?