Жүйке жүйесінің маңызы. Жаратылыстану, 4 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Жаратылыстану Сынып: 4 Бөлім: Жанды табиғат Адам | Мектеп: Мұғалім: Қатысқандар саны: Қатыспаған оқушылар: | |||||||||
Күні: | ||||||||||
Тақырыбы: | Жүйке жүйесінің маңызы | |||||||||
Оқу мақсаты: | 4.2.3.2 жүйке жүйесі мен оның адам ағзасындағы рөлін сипаттау 4.1.2.2 алынған нәтижені оқушы таңдаған формада ұсыну | |||||||||
Сабақтың мақсаты: | Оқушылардың бәрі: жүйке жүйесінің адам ағзасындағы рөлін сипаттайды; Оқушылардың көбі: жүйке жүйесінің адам ағзасындағы маңызын сипаттайды; эксперимент жоспарлайды, жүргізеді, қорытынды жасайды; Оқушылардың кейбірі: адам ағзасының барлық мүшелер жүйелерінің жұмысын жүйке жүйесінің жұмысымен байланыстырады. | |||||||||
Бағалау критерийі | Жүйке жүйесінің рөлін сипаттайды; Адамның жүйке жүйесі барлық мүшелер жүйесінің жұмысын басқаратынын біледі; Болжам жасайды, эксперимент жоспарлайды, жүргізеді, қорытындылайды. | |||||||||
Тілдік мақсат: |
| |||||||||
Құндылықтар: | Өзара сыйластық, ынтымақтастықта жұмыс істеу. Өз денсаулығын күту және саламатты өмір салтын сақтау. | |||||||||
Пәнаралық байланыс | дене шынықтыру | |||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Таныстырылыммен жұмыс | |||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Зәр шығару және жүйке жүйесі мүшелерінің ағзада орналасуын, атауын, қызметін біледі. | |||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||
Жоспарланған уақыт | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||
Сабақтың басы | Мотивация.
Білімді жаңғырту. Жедел жауап. Кіріспе тапсырма. Жедел жауап. Сұрақтарға оқушылар жеке тәжірибелерін және өткен сабақтағы білімін қолдана отырып жауап береді. Иісті қалай сезесің? (Мұрын арқылы.) Иісті дұрыс сезе алмайтын кездерің бола ма? (Тұмаумен ауырған кезде сезбеуі мүмкін.) Тағамның дәмін қандай мүше арқылы сезесің? (Тағамның дәмін тіл арқылы сезеді.) Тағамның дәмі қандай болады? (Дәмді, дәмсіз, ащы, тұзы жоқ, т. б.) Тері арқылы нені сезесің? (Тері арқылы суықты, ыстықты, ауырсынуды). Сабақтың тақырыбын, мақсатын айқындау. Бүгінгі сабақта жүйке жүйесінің барлық мүшелер жұмысымен байланысты екендігін хабарлау. | Доп | ||||||||
Сабақтың ортасы | Ағзаны не басқарады? Топтық жұмыс. Бұл тапсырманы орындау барысында өткен сабақтағы білім пысықталады және жүйеленеді. Схеманы сұрақтардың көмегімен талдатыңыз. Балалар схемадан алған ақпаратты айтады: раушан гүлін көзбен көрді, мұрынмен иісін сезді, қолымен ұстап көрді әрі тікенін көзімен байқады. Көз арқылы нені байқадың? (Гүлдің әдемілігін және түсін). Мұрын арқылы нені сездің? (Хош иісін). Гүлді сабағынан ұстағанда нені сездің? (Тікендердің саусаққа қадалғанын және оның қауіпті екенін). Қоңыраулы сағатты қай мүше арқылы естисің? (Құлақ). Қарның ашқанда немесе дәмді тағамды көргенде не байқаладыОсының бәрін сезім мүшелері: көз, мұрын, құлақ, тіл және тері арқылы қабылданып, Миды неге теңер едің? (Компьютерге, пультке, т. б.). ҚБ Өзін өзі бағалау Жұптық жұмыс. Оқушы неге шаршады? Оқушылардан қай кезде, қандай әрекеттерден соң шаршайтынын сұраңыз. (Компьютерде көп отырды, кітаптар оқып, өзіне қажет мәлімет іздеді). Балалардан суреттегі оқушы бір орнында отыр, ешқандай дене жұмысын істеген жоқ, сонда неліктен шаршады? – деп сұраңыз ҚБ Мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы. Зерттеу жұмысы. Оқушыларды бірнеше топқа біріктіріңіз. Жұмысты бірнеше нұсқамен орындауға болады: 1-нұсқа: ми шаршамауы үшін өздеріне күн тәртібін құрастыру; 2-нұсқа: дайын күйде ұсынылған күн тәртібін зерделеу, талдау, осы күн тәртібін пайдаланатын баланың күн соңындағы жағдайын анықтау (шаршай ма, шаршамай ма), оны жақсарту жолдарын ұсыну. Зерттеу жүргізуге арналған нұсқаулық 1-нұсқа: • Өз күн тәртібі туралы сөйлесіп, күні бойы шаршамай жүру үшін не істеу керек деген тақырып төңірегінде талқылап, пікір алмасады. • Неғұрлым тиімді күн тәртібін құрастырады. • Дайындаған күн тәртібін сыныптастарына таныстырады, қорытынды жасайды. 2-нұсқа: (бірнеше түрі болуы мүмкін. Тек ой немесе дене еңбегінен тұратын; ой еңбегімен қоса, компьютерде ойнау ғана жоспарланған; т. с. с.) • Дайын күйде ұсынылған күн тәртібін зерделейді, талдайды. • Осы күн тәртібін ұстанатын баланың күн соңындағы жағдайын болжайды. • Күн тәртібін жақсарту жолдарын ұсынады. • Қорытынды жасайды, сыныптастарына ұсынады. Жұмыс аяқталғанда, жалпы қорытынды жасалады. Ми, жүйке жүйесі шаршамай жұмыс істеу үшін, күн тәртібін сақтап, дене еңбегі мен ой еңбегін кезектестіре құрған дұрыс болады. ҚБ мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы Білімді аралық бекіту. Оқулықтағы мәтінді оқу. Мәтіндегі ақпаратты зерттеу жұмысы бойынша жасаған қорытындыларымен (әңгімелерімен) салыстыру. ҚБ өзін өзі бағалау. Сергіту сәті. Бейнежазба әуенімен қимылдау. Топтық жұмыс. Дұрыс құрылған күн тәртібі. Оқушыларды 3-4 топқа бөліп бірнеше құрылған күн тәртібін ұсыну. Күн тәртібінің дұрыс құрылғаны немесе құрылмағанын талдау. Өз нұсқаларын ұсынуларын сұрау. Ойлан. Оқушы жұптарына бір-бірінің қолына сау-сақтарын тигізіп көруді, одан кейін, алақандарын қы-тықтап көруді ұсыныңыз («Қуыр, қуыр, қуырмаш» ойынын ойнатуға болады.) Не сезінгендерін сұраңыз. Енді әркім өз алақанын қытықтап көрсін. Неліктен алдыңғыдай қытықтау сезімі болмайтынын сұраңыз. Балалардың жауа-бынан соң, адамның миы сыртқыәсерлерді қабылдауға бейімделгенін айтыңыз. ҚБ мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы Жеке жұмыс ретінде дәптерде берілген тапсырмаларды орындау. 37-жұмыс парағы. «Жүйке жүйесінің маңызы» Толықтыр.Оқушылар берілген сөйлемдердегі бос орындарды қажетті сөздерді тауып жазады. Бұл тапсырма білімді бекітуге арналған. Жауабы:1 – жиырылуына; 2 – бөлінуін; 3 – тыныс алу; 4 – қорғайды. Сәйкестендір.Оқушылар дұрыс жауапты таңдап, белгілейді, яғни адам ағзасындағы мүшелер жүйесінің атауларын олардың атқаратын қызметімен сәйкестен-діреді. Жауабы: 1 – В; 2 – Г; 3 – Ә; 4 – А; 5 – Б. 38-жұмыс парағы. «Жүйке жүйесінің гигиенасы». Дұрыс – дұрыс емес. Кестедегі пікірлерді оқып, дұрыс немесе дұрыс емес екенін анықтап, бос ұяшықтарға белгісін қояды. Жауабы: Дұрыс пікірлер: 1. Мектептен келген соң бірден үй тапсырмасын орын-дамай, біраз тынығып алу. 2. Сабаққа дайындалғанда әрбір 40 минуттан соң үзіліс жасау. 3. Сабаққа дайындалып болған соң таза ауада серу-ендеу. 4. Ой еңбегі мен дене еңбегін алмастырып отыру. 5. Үй тапсырмасын күнделікті бір мезгілде орындауды әдетке айналдыру. ҚБ мұғалімнің жазбаша кері байланысы |
Оқулықтағы схемамен жұмыс | ||||||||
Сабақтың соңы | Рефлексиялық кезең. Кері байланыс. «Жетістік баспалдағында» өзін – өзі бағалау (слайдқа немесе баспадақ суретіне стикер жапсыру) ҚБ мұғалімнің кері байланысы | Кері байланыс парағы Слайд №12 | ||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||
-Материалдарды игеру деңгейлерінде оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында ақпаратты қабылдаудың әр түрін ескеру. -Оқушылардың ақпаратты қабылдауына байланысты тапсырмалар ұйымдастыру | Қалыптастырушы бағалау құралдары: -мұғалімнің ауызша кері байланысы (мадақтау, қолдау сөздер айту); - жұптардың эксперимент туралы есебін өзара бағалауы; - өзін өзі бағалау; - мұғалімнің жазбаша кері байланысы; -оқушылардың жауаптарын, іс-әрекеттеріне бақылау жүргізу; -оқушылардың жазбаша кері байланысы | -Сабақ барысында іс әрекет, дене жаттығулары көптеп орындалады (ұйымдастыру шеңберінде, зерттеу жұмысы барысында); - әрекеттер жиі ауыстырылады; - қауіпсіздік ережелерін сақтауға назар аударылады. | ||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылар оқу мақсаттарына қол жеткізді ме? Оқу мақсаттарына қол жеткізілмесе себебі неде? Ынтымақтастыққа қол жеткізілді ме? Саралау бойынша жұмыстар дұрыс жүргізілді ме? Уақыт кезеңдері дұрыс сақталды ма? Жоспардан ауытқулар орын алды ма? Неліктен? | ||||||||||
Қорытындылау Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды жетілдіруге не көмектесетін білдім? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?