Өсімдікқоректі және жыртқыш жануарлар. Жаратылыстану, 4 сынып, дидактикалық материал.
Дидактикалық материалдар
Сабақ тақырыбы: Өсімдікқоректі және жыртқыш жануарлар
Дұрыс жауапты белгілеп көрсетіңіз.
Әлемдегі жануарлардың ең ірі тобы:
А) бұнақденелілер
В) құстар
С) балықтар
D) сүтқоректілер
«Шөл кемесі» деп аталатын жануар:
А) сұр келес
В) түйе
С) қосаяқ
D) тасбақа
«Тік тұратын», ысқырып дыбыс шығаратын дала жануары:
А) қарақұйрық
В) тышқан
С) қасқыр
D) сарышұнақ
Қазақстанның Қызыл кітабына енген жануар:
А) түлкі
В) қоян
С) қосаяқ
D) киік
Шөл жануары:
А) қоңыр аю
В) сұр келес
С) түлкі
D) қар барысы
Өсімдіктер сияқты жануарлар да алуан түрлі болып келеді. Жер бетінде жануарлардың түрлері өте көп. Ғалымдардың зерттеуі бойынша олардың 2 млн - дай түрі белгілі болды. «Жануар» сөзі парсының «джан - джанвар» деген сөздің екінші бөлігінен алынған. «джан - джанвар» қазақша - жануар әлемі, яғни дүние жүзіндегі тірі мақұлықтар дегенді білдіреді.Жануарлар 6 топқа бөлінеді.
Консументтер (лат. consumo – тұтынамын), тұтынушылар – қоректік тізбекте фотосинтез немесе хемосинтез жүргізетін өндіргіштер (продуценттер) түзетін дайын органикалық заттарды пайдаланатын организмдер. Барлық гетеротрофты организмдер Консументтер болып табылады. Олар өздері пайдаланған органикалық заттарды ақырғы өнімдерге дейін ыдыратпайды. Консументтер тобына барлық адам, жануарлар түрі, микроорганизмдердің біраз тобы, паразит және жәндік жегіш өсімдіктер жатады. Консументтер алғашқы (бірінші реттік) және соңғы (екінші реттік) болып жіктеледі. Алдыңғы топқа өсімдік тектес азықпен қоректенетіндер (өсімдік қоректі жануарлар, паразит өсімдіктер, кейбір “өсімдік қоректі” микроорганизмдер), ал соңғысына – жануар текті тамақпен қоректенетіндер жатады. “Консументтер” деген түсінік гетеротрофтар деген ұғымға жақын, бірақ олардың айырмашылығы Консументтер редуценттерге (органикалық қалдықтарды бейорганикалық заттарға айналдыратын организмдерге) жатпайды. Сонымен қатар Консументтер ұғымы автотроф-гетеротроф организмдерін жіктеуде емес, продуцент – консумент – редуцент қатарларын жіктеуде қолданылады. Экологиялық жүйеде Консументтер басқарушы, теңестіруші буын рөлін атқарады, сондықтан олар сан және түр жағынан продуценттерден де, редуценттерден де басым болады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?