Өсімдікқоректі және жыртқыш жануарлар. Жаратылыстану, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: ғылымға кіріспе

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2 бөлім: Жанды табиғат. Жануарлар.

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мерзімі: 1 - тоқсан

Мұғалімнің аты-жөні: Құрмансеитова Р.М.

Сынып: 4

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Өсімдікқоректі және жыртқыш жануарлар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.2.2.3 - өсімдікқоректі жануарлар мен жыртқыш жануарларды ажырату;

4.2.2.1 - өз өлкесіндегі жануарларды жіктеу.

 Сабақ мақсаттары

Өсімдікқоректі және жыртқыш жануарларды ажырату

 Бағалау критерийлері

Білім алушы

- өсімдікқоректі жануарларды ажыратады;

- жыртқыш жануарларды ажыратады.

 Тілдік мақсаттар

 

Жануарларды үш тілде атау арқылы сөздік қорларын молайту. Консумент, құрбан, қорек тізбегі термин сөздерімен танысады.

 Құндылықтарды дарыту

Жануарларға қамқор болу, қорғау керектігі туралы түсініктері кеңейеді.

 Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, география пәндерімен байланыс жүзеге асады.

 АКТ

Жануарлар туралы суреттер, бейне көріністер көрсетіледі. Ойын «Дұрыс орналастыр»

Алдыңғы меңгерілген білім

Өсімдіктер, жануарлар туралы біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

(Ж, Ұ) Талқылау үшін сұрақтар:

  • Жергілікті жердегі қандай жануарларды білесің?
  • Жануарлар немен қоректенеді?

Олардың ұсыныстарын талқылап, аталған жануарлардың тізімін жазу.

Үш тілде айтып үйрену.

Маркер, плакат

Сабақ ортасы

30 минут

(МК,Т) Қазақстандағы жануарлар мен өсімдіктерді қарастыру.

Өздерің тұратын мекендегі кейбір жануарларды сипаттаңдар. Оларды түрлі белгілері бойынша топтарға жіктеңдер.

(МК) Өсімдікқоректі жануарлар туралы түсінік беру. «Өсімдікқоректі жануар» деген терминді енгізу. Мұндай жануарлар тек өсімдіктермен қоректенеді.

(Ж) Өзінің серіктеріңмен тек жергілікті қандай да бір өсімдікпен қоректенетін жануарды атаңыз мысалдар келтіріңіз (жануарды және сол жерден қоректене алатын өсімдікті).

(МК) Жыртқыш жануарлар туралы түсінік беру. Жыртқыштар дегеніміз басқа жануарларды жейтін жануарлар.

(Ұ, Ж, Ө) Басқа жануарларды жейтін қандай жануарларды білесіңдер? Оқушылардан берілген тізбек бойынша қанша мысал келтіре алса соншасын сурет етіп салуды / жазуды сұрау: жыртқыш → жем → өсімдік. Алған қорытындыларды талқылау және онымен бөлісу.

(Т) Жануарлардың суреттерін немесе фотоларын тарату. Оларды өсімдікқоректі және жыртқыш деп бөлуді тапсыру. Болжауларын энциклопедия көмегімен тексеру. Соңынан әр топтың ішінде қайсысы жергілікті жерді мекендейтінін белгілеу.

(Ө, Қ) Әр оқушы өзі тұратын жергілікті жердегі жануарларды көшіріп алып, оларды түрлі белгілері бойынша жіктей алады (мысалы, қоян: жабайы, шөпқоректі, сүтқоректі, орманда мекен етеді). Сызба-диаграмма құрау.

(Ұ, Қ) Өсімдікқоректілер, жыртқыштар, қорек талғамайтын жануарлар жөнінде әңгімелейтін бейнефильм қарау.

Сызба-диаграмманы тексеру. Немесе оқушыларға кез келген жануарлың рөлін беріп, олардың 3 топқа бөлінуін (өсімдікқоректі, қорек талғамайтын жыртқыш жануарлар) сұрау.

(ҚБ) Жіктелудің дәлдігін, барлық жіктеулерге сәйкестігін бағалау. Қандай жануар осы жағдаятта шөпқоректі/жыртқыш болып табылады?

(Дифф.) Кейбір оқушыларға өсімдікқоректі жануарлардың суретінің тұсына азық болатын өсімдіктердің атауын жазуды ұсыну.

Суреттер және үш тілде жазылған сөздер.

https://www.youtube.com/watch?v=_GeXxUi5SlA өсімдікқоректі және жыртқыш жануарлар

Қолжетімді ғаламтор немесе анықтамалық материалдар

http://list25.com/25-dangerous-predators-wild/

жануарлар суреттері сипаттамарымен

https://www.boundless.com/biology/textbooks/boundless-biology-textbook/animal-nutrition-and-the-digestive-system-34/digestive-systems-195/herbivores-omnivores-and-carnivores-746-11979/

өсімдікқоректі, қорек талғамайтын және етқоректі жануарлар туралы ақпараттар мен суреттер

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия.

Оқушыларға жануарлардың суреттерін таратып беру. Жіктелуіне қарай екі топ құруды ұсыну.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылардың әр іс-әрекеті бағаланып, мадақтау сөздер мен шапалақтау және смайликтер беру арқылы қолдау көрсетіледі.

Жіктелудің дәлдігін, барлық жіктеулерге сәйкестігін бағалау.

Тапсырмаларды АКТ-да орындау кезіндегі қауіпсіздік ережелері айтылады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу