Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген жан-жануарлар. Жаратылыстану, 4 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: ғылымға кіріспе Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2 бөлім: Жанды табиғат. Жануарлар. | Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||
Мерзімі: 1 - тоқсан | Мұғалімнің аты-жөні: Құрмансеитова Р.М. | |||||
Сынып: 4 | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген жан-жануарлар | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 4.2.2.6 - жойылу шегінде тұрған жануарларға мысал келтіру. 4.2.2.7 - сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарларды қорғауда Қызыл кітаптың рөлін анықтау. | |||||
Сабақ мақсаттары | Жойылу шегінде тұрған жануарларды тану. | |||||
Бағалау критерийлері | Білім алушы - жойылып бара жатқан жануарларды біледі, қорғау жолын ұсынады. | |||||
Тілдік мақсаттар
| Жануарларды үш тілде атау арқылы сөздік қорларын молайту. Консумент, құрбан, қорек тізбегі термин сөздерімен танысады. | |||||
Құндылықтарды дарыту | Жануарларға қамқор болу, қорғау керектігі туралы түсініктері кеңейеді. | |||||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану, география, биология пәндерімен байланыс жүзеге асады. | |||||
АКТ | Жануарлар туралы видеолар, бейне көріністер көрсетіледі. | |||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Өсімдіктер, жануарлар туралы біледі. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 5 минут | (Ұ) Қызық түсті парақты көрсету. Сұрау, қызыл түс қандай ассоциация тудырады екен? Неліктен жоғалып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер туралы кітапты «Қызыл» деп атаған? Үш тілде айтып үйрену. | Маркер, плакат, Қызыл кітап | ||||
Сабақ ортасы 30 минут | (МК., ОТ) Қызыл түс- жоғалу қаупінің төніп тұрғанын, «тоқта» деген мағынада көрсетілген - Қызыл кітаптың міндеттері қандай? - Қызыл кітапқа жануарлардың неше түрі енгізілгені Сізді қызықтара ма? -Сіз қалай ойлайсыз? Өз ойыңызды болжаңыз (МК) «Қызыл кітапқа» енген жануарлар бес негізгі категорияларға бөлінеді:
болатынын түсіндіру. (Т) Көрсетілген әр категорияға қай жануардың жататынын болжап және сипаттауды ұсыну. (Ұ) Бесінші санатқа тоқталу. Жануарлардың сақталуында «Қызыл кітап» қандай орын алатыны туралы өз болжамдарын жасауды тапсыру. Оқушылар мұғалім дайындаған таныстырылымнан өздері зерттейтін кез келген жануарды таңдап алып зерттейді. Жұмыс 4 топта орындалады. -Оқушылар доклады: 1. Сарыбауыр қара шұбар усыз жылан 2. Сұр кесел 3. Бұйра бірқазан 4. Дуадақ 5. Қар қабыланы 6. Құлан 7. Қарақұйрық 8. Арқар 9. Жайра (Т, Ө, Қ) Қазақстандағы «Қызыл кітапқа» енген жауарлардың санаттары бойынша кез келген 5 жануар туралы ақпарат табуды ұсыну. Олардың суреттерін салып, жоспар бойынша сипаттап, өзіндік «Қызыл кітап» құрастыруды тапсыру. (ҚБ) Жойылып бара жатқан жануарларды ажыратып, қорғау жолын ұсыну. Пікірталасқа қатысуын және оқушылар жұмыстарын (доклад немесе зерттеу жұмысының жоспары, жануар суреттері, ақпараттары мен тәжірибелерін) бағалау. (Дифф) Қабілеті неғұрлым жоғары оқушылар бұл тапсырманы өз бетімен орындайды. | Суреттер және үш тілде жазылған сөздер. Қызыл кітап жануарлары http://www.redbookkz.info/list.php?taxon=304&lang=en | ||||
Сабақтың соңы 5 минут | Рефлексия.
|
| ||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Қабілеті неғұрлым жоғары оқушылар берілген тапсырманы өз бетімен орындайды. Оқушылардың әр іс-әрекеті бағаланып, мадақтау сөздер мен шапалақтау және смайликтер беру арқылы қолдау көрсетіледі.
| Пікірталасқа қатысуын және оқушылар жұмыстарын бағалау. | Тапсырмаларды АКТ-да орындау кезіндегі қауіпсіздік ережелері айтылады. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?