Өсімдіктің қандай даму кезеңдері болады? Жаратылыстану, 4 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Жаратылыстану Сынып: 4 Бөлім: Жанды табиғат. Өсімдіктер | Мектеп: Мұғалім: Қатысқандар саны: Қатыспаған оқушылар: | |||||
Күні | ||||||
Тақырыбы | Өсімдіктің қандай даму кезеңдері болады? | |||||
Оқу мақсаты | 4.2.1.2 өсімдіктің тіршілік циклін сипаттау; 4.1.1.1 зерттеудің өзекті бағытын өз пайымдауы негізінде анықтау; 4.1.2.1 зерттеу әдісін (бақылау мен эксперимент) таңдау себебін оның артықшылығы мен кемшілігіне байланысты негіздеу; 4.1.2.2 алынған нәтижені оқушы таңдаған формада ұсыну. | |||||
Сабақтың мақсаты | Өсімдіктің тіршілік циклінің даму кезеңдерімен танысады, зерттейді. | |||||
Бағалау критерийі | Өсімдіктің тіршілік циклінің даму кезеңдерін атайды; Өсімдіктің даму кезеңдерін сипаттайды. | |||||
Тілдік мақсат | Пәндік терминология мен тірек сөздер Тұқымның өнуі, тіршілік циклі, өскін. | |||||
Құндылықтар | Құрмет, ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылық, ашықтық, өмір бойы білім алу. Өз денсаулығын күту және саламатты өмір салтын сақтау. | |||||
АКТ қолдану дағдылары | Таныстырылыммен жұмыс | |||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Өсімдіктердің топтары, олардың мүшелері мен олардың қызметтерін атайды. Жоғары, төменгі сатыдағы өсімдіктерді ажыратады. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Жоспарланған уақыт | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы | Сабақтың тақырыбын, мақсатын айқындау. Жұптық жұмыс. Оқушылар жұпта өсімдіктің мүшелері мен олардың қызметін еске түсіреді.
Жедел жауап
| Өсімдік суреті. | ||||
Сабақтың ортасы | Зерттеуді неден бастау керек? Мақсаты: Үрмебұршақтың тұқымынан өсімдік пайда болуын зерттеу. Практикалық жұмыс.
Зерттеуді қалай жалғастырады? Топтарға сұрақтар қою.
Зерттеу нәтижесін қалай тіркейді? Берілген кесте мен сызбаны зерделеу. Онда үрмебұршақтың өсуін бақылау нәтижесін тіркеу түрлері берілген.
Зерттеудің мақсатын білу:
Сұрақтар:
Енді өз зерттеулерінің мақсаты туралы қайта ойлануды ұсыну Келесі сабаққа дейін тұқымның өсуін бақылауды, өзгерістерді тіркеп отыруды және тамырының өсуін өлшеп, жазып отыруды тапсыру. Табақшадағы тұқымға үнемі су құйып отыру қажет екенін ескеру. Апта күндеріне сай бақылау жасайтын уақыттарын топ ішінде келісу. Зерттеу жұмысы. Дамудың әртүрлі кезеңіндегі, яғни жаңадан шыққан өскін, сабағы мен бұтақтары дамып келе жатқан, жапырақтары көп, гүлдеп тұрған өсімдіктерді ұсыну. Өсімдіктің тіршілік кезеңдерін анықтайды, әрбір сатысын сипаттайды. Зерттеу жұмысын жүргізуге арналған нұсқаумен танысады. 1. Түрлі өсімдік үлгілерін зерделеу. 2. Өсімдіктердің даму кезеңдерін анықтау 3. Өсімдіктің даму кезеңдерін жазу немесе суретін салу. 4. Даму кезеңдерін ретімен орналастырып белгілеу. 5. Қорытынды жасау. Ойлан. Табиғаттың түрлі қолайсыз әсерінен өсімдік дамуының бір кезеңі жүрмей қалуы, күн райы күрт суып кетсе, гүлдеп тұрған өсімдік үсіп, тұқым түзіп үлгермеуі туралы талқылау. Даму кезеңдері. Жолақтарға жазылған сөздерді тақтаға ретімен бағыттама қоя отырып орналастыру: тұқым – тамыр – сабақ – жапырақ – гүл мен жеміс. Жеміс түзілген соң өсімдікке не болады? Жемістің ішінде не болады? (Тұқым.) Енді «гүл мен жемістен» тұқымға қарай тағы бір бағыттама орналастыру. Тақтада пайда болған тұйық шеңбер үнемі қайталанып тұратын үдеріс - цикл екенін айту. Өзіндік жұмыс 7-жұмыс парағы. Өсімдіктің қандай тіршілік кезеңдері болады? Үрмебұршақтың өсуін бақылау. Эксперимент жасау барысында толтыру. 8-жұмыс парағы. Өсімдіктің тіршілік кезеңдері. Бақбақтың тіршілік кезеңдері. Алгоритм құруға үйрену, бақбақтың даму кезеңдерінде түзілетін мүшелердің атауын ретімен жазу. Лимонның өсуі. Өзгерістердің ретін көрсету. ҚБ мұғалімнің жазбаша кері байланысы | Дамудың түрлі кезеңіндегі тірі өсімдік үлгілерін. Егер ондай мүмкіндік болмаса, түрлі өсімдіктің тіршілік кезеңдері көрсетілген суреттер немесе таныстырылым. Петри табақшасы, мақта, үрмебұршақ тұқымы, маркер мен нұсқаулық жазуға арналған парақтар
Тұқым,тамыр, сабақ, жапырақ, гүл, жеміс сөздері жазылған жолақтар Жұмыс дәптері | ||||
Сабақтың соңы | Рефлексиялық кезең Цикл деген не? Циклға мысал келтір. Кері байланыс. «ҚҚҚ-222» әдісі
- Құнды болған 2 нәрсе ҚБ. Мұғалімнің кері байланысы | Кері байланыс парағы | ||||
Қосымша ақпарат | ||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Жұптық жұмыста қабілеті бойынша саралау Сұрақ қою барысында саралау Тапсырмалар бойынша саралау. | Қалыптастырушы бағалау құралдары: -мұғалімнің ауызша кері байланысы (мадақтау, қолдау сөздер айту); - жұпта өзара бағалауы; - мұғалімнің жазбаша кері байланысы; -оқушылардың жауаптарын, іс-әрекеттеріне бақылау жүргізу; -оқушылардың жазбаша кері байланысы | - Сабақ барысында іс әрекет жиі ауыстырылады; - қауіпсіздік ережелерін сақтауға назар аударылады. | ||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылар оқу мақсаттарына қол жеткізді ме? Оқу мақсаттарына қол жеткізілмесе, себебі неде? Ынтымақтастыққа қол жеткізілді ме? Саралау бойынша жұмыс дұрыс жүргізілді ме? Уақыт кезеңдері дұрыс сақталды ма? Жоспардан ауытқу орын алды ма? Неліктен? | ||||||
Қорытындылау Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды жетілдіруге не көмектесетін білдім |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?