Төменгі сатыдағы өсімдіктер. Жаратылыстану, 4 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Жаратылыстану Сынып: 4 Бөлім: Жанды табиғат. Өсімдіктер | Мектеп: Мұғалім: Қатысқандар саны: Қатыспаған оқушылар: | |||||
Күні | ||||||
Тақырыбы | Төменгі сатыдағы өсімдіктер. | |||||
Оқу мақсаты | 4.2.1.5 төменгі және жоғарғы сатыдағы өсімдіктерді ажырату; 4.1.2.2 алынған нәтижені оқушы таңдаған формада ұсыну. | |||||
Сабақтың мақсаты | Төменгі сатыдағы өсімдіктердің түрлерімен танысады. Төменгі сатыдағы өсімдіктердің құрылысымен танысады. | |||||
Бағалау критерийі | Төменгі сатыдағы өсімдіктердің түрлерін атайды. Төменгі сатыдағы өсімдіктерге мысал келтіреді. Балдырлардың қолданылуын сипаттайды. | |||||
Тілдік мақсат | Пәндік терминология мен тірек сөздер Қатпаршақ, жасыл балдыр, қоңыр балдыр, қызыл балдыр. | |||||
Құндылықтар | Құрмет, ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылық, ашықтық, өмір бойы білім алу. | |||||
АКТ қолдану дағдылары | Таныстырылыммен жұмыс | |||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Өсімдіктердің топтарын, төменгі және жоғары сатыға бөлінетінін біледі. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Жоспарланған уақыт | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы | Кіріспе тапсырма Жедел жауап.
| |||||
Сабақтың ортасы | Құрылысын анықта. Топтық жұмыс. Балдырды денесінің сызбасын көрсету. Жұпта сызбаны «оқу». Қалауы бойынша, Эврика осы сызба арқылы нені көрсетекші болды? сұрағына жауап беру. Балдыр суретін, мүмкін болса гербарий тарату. Сұрақтар қою (оқушылар болжалды жауап береді):
Мұғалімнің кері байланысы. AR NIS қосымшасы арқылы балдырды көру. Балдырлар түрлі-түсті болуы мүмкін бе? Жұптық жұмыс. Қоңыр және қызыл балдыр суреттері көрсету. Сұрақтар:
Оқулық кейіпкерлерінің пікірін талқылау. Аралық бекіту. Ақпарат көзімен (энциклопедия) немесе оқулықтағы мәтінмен жұмыс. Зерттеу жұмысы. Балдырдың маңызын анықтау. Ақпарат көздерімен жұмыс (Энциклопедия, бейнересурстар, дәрі, дәрумен, косметикалық заттардың құрамы жазылған парақтар, т.с.с.) Зерттеу жұмысын жүргізуге нұсқау
Балдырдан дәрі-дәрмектер, дәрумендер, йод пен сода, тыңайтқыш, мал азығын жасайды. Кейбір балдырдан қағаз алады. Теңіз жағалауында тұратын халық тағам ретінде жиі пайдаланады. Балдырлар суқоймаларында тіршілік ететін ағзалардың қорегі және тіршілік ортасы. ҚБ. Оқушылардың өзара кері байланыс беруі. Ойлан. Төменгі және жоғары сатыдағы өсімдіктерде қандай ортақ үдеріс жүреді? Талқылау. ҚБ. Мұғалімнің кері байланысы. Сен білесің бе? Жеуге жарайтын балдырлар минералды заттарға, әсіресе йодқа бай. Қоңыр балдырды (ламинария) «теңіз орамжапырағы» деп, ал жасыл балдырды (ульва) «теңіз салаты» деп атайды. Оларды тағамға пайдаланады. Өзіндік жұмыс. 5-жұмыс парағы. Төменгі сатыдағы өсімдіктер. Балдырдың құрылысы. Берілген тізімнен балдырды құрайтын құрылымдарды белгілеу. Белгілер. Берілген сөз тіркестерінен тек төменгі сатыдағы өсімдіктердің белгілерін белгілеу. 6-жұмыс парағы. Балдырлар әлемі. Ғарыш пен балдыр. Мәтінді оқып, ғарыш кемесінде жасыл балдырды өсіру қолға алыну себебін анықтау. Балдыр мен күнбағыс. Балдыр мен күнбағысқа тән сипаттамалардың рет санын тиісті торкөзге жазу. ҚБ мұғалімнің жазбаша кері байланысы |
балдыр суреті, гербарий, слайдтар
Қоңыр және қызыл балдыр суреттері, слайдтар Энциклопедия, газет-журнал материалдары дәрі-дәрмек, дәрумендердің, тыңайтқыш жарнамаларын немесе құрамы жазылған ақпараттық парақтар Жұмыс дәптері | ||||
Сабақтың соңы | Рефлексиялық кезең. Тақырып бойынша нені есте сақтау керек? Сабақ кезеңдерін пысықтау. Қорытындылау. Балдырдың денесі қатпаршақ деп аталады. Кері байланыс. Бүгінгі сабақта үйренгенім: ....................................... Пайдалы болды ........................................................... Пайдасы болмайды деп ойлаймын ....................................................... ҚБ. Мұғалімнің кері байланысы | Кері байланыс парағы | ||||
Қосымша ақпарат | ||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Сұрақ қою барысында саралау: Тапсырмалар бойынша саралау: | Қалыптастырушы бағалау құралдары: -мұғалімнің ауызша кері байланысы (мадақтау, қолдау сөздер айту); - топтық жұмыстан соң өзара кері байланыс беруі; - мұғалімнің жазбаша кері байланысы; -оқушылардың жауаптарын, іс-әрекеттеріне бақылау жүргізу; -оқушылардың жазбаша кері байланысы | -Сабақ барысында іс әрекет жиі ауыстырылады; - қауіпсіздік ережелерін сақтауға назар аударылады. | ||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылар оқу мақсаттарына қол жеткізді ме? Оқу мақсаттарына қол жеткізілмесе, себебі неде? Ынтымақтастыққа қол жеткізілді ме? Саралау бойынша жұмыс дұрыс жүргізілді ме? Уақыт кезеңдері дұрыс сақталды ма? Жоспардан ауытқу орын алды ма? Неліктен? | ||||||
Қорытындылау Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды жетілдіруге не көмектесетін білдім |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?