Пайдалы қазба деген не? Жаратылыстану, 4 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Жаратылыстану Сынып: 4 Бөлім: Заттар және олардың қасиеттері. Табиғат ресурстары. | Мектеп: Модератор: Данабаева М.А. Қатысқандар саны: Қатыспаған оқушылар: | ||
Күні: | |||
Тақырыбы: | Пайдалы қазба деген не? | ||
Оқу мақсаты: | 4.3.4.1 кейбір пайдалы қазбалардың (бор, тұз, әктас, саз, мұнай, гранит, көмір, табиғи газ) қолданылу саласын анықтау; 4.1.2.2 алынған нәтижені оқушы таңдаған формада ұсыну. | ||
Сабақтың мақсаты: | Табиғатта кездесетін пайдалы қазбалармен танысады, олардың қалай өндірілетінін түсінеді. | ||
Бағалау критерийі | Пайдалы қазбалармен танысып, олардың қолдану жолдарын біледі. Пайдалы қазбалардың қалай өндірілетінін түсінеді. | ||
Тілдік мақсат |
| ||
Құндылықтар | Оқушыларды өзара құрмет көрсетуге, бір біріне түсіністікпен қарауға тәрбиелеу. | ||
Пәнаралық байланыс | Дүниетану, математика. | ||
АКТ қолдану дағдылары | Таныстырылыммен жұмыс | ||
Алдыңғы меңгерілген білім | 2-3 сыныптардан пайдалы қазбалар туралы білетіндерін еске түсіреді. |
Сабақ барысы | ||||
Жоспарланған уақыт | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||
Сабақтың басы 2 минут 3 минут | Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында «Аялы алақан» әдісін пайдалану ұсынылады. Ол үшін қағаздан жасалған алақанға оқушылар бір-біріне тілек жазады. Тілектерімен бөліседі. Кіріспе тапсырма. «Мозайка» ойыны арқылы оқушылардан пайдалы қазбалар туралы білетіндерін еске түсіру. Мозайканың әрбір бөлігіне сұрақ жазу. Жетекші сұрақтар:
ҚБ. Мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы. | Алақан суреті Слайд №1,2 Пайдалы қазбаға сәйкес сюжетті мозайка | ||
Сабақтың ортасы 5 минут 2минут | Топқа біріктіру. «Жиындарды жинау» ойыны арқылы оқушыларды бірнеше топтарға біріктіру. Ол үшін топ санына байланысты пайдалы қазбалардың аты жазылған карточкаларды немес кима қағаздарды қорапқа салып, оқушыларға тарату. Пайдалы қазба атына сәйкес оқушылар бір топқа жиналады. Қайдан алынады? Мақсаты: Табиғи ресурстардың қайдан алынатыны туралы пікір алмасу. «Сиқырлы қорапша» ойыны арқылы әр топқа бір пайдалы қазбаның суреті немесе аты жазылған парақ беріледі. Топта ынтымақтаса отырып, оқушылар оның қайдан алынатынын анықтайды да өз жауаптарын кез-келген формада айтып, ұсынады. Оқулықта берілген ақпаратты пайдалана отырып, бірнеше сұрақтарға жауап береді. Жетекші сұрақтар:
ҚБ. Мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы. Не өндіріледі? Мақсаты: Пайдалы қазбалардың өндірілетін орындарымен таныстыру. Оқулықта берілген ақпаратты пайдалана отырып, бірнеше сұрақтарға жауап беру. Сұрақтар:
Тапсырманың соңында «Сәйкестендіру тесті» орындалады. ҚБ. Мұғалімнің «Смайликтер» арқылы қалыптастырушы бағалауы. Зерттеу жұмысы. Мақсаты: Ғимаратты тұрғызу үшін қандай пайдалы қазбалар қолданылатынын анықтау. Ресурстарды таратып беру. Әр топқа ғимараттың суреттері мен жауап парақтары таратылады. Зерттеудің сұрағы: Ғимаратты салу үшін қандай пайдалы қазбаларды қолдануға болады? Зерттеудің жоспары: -Ғимаратты салуда пайдалы қазбаларды пайдалануды дұрыс анықтау.; - өз жауаптарын қалаған формада ұсыну. Зерттеудің барысы: Оқушылар топтаса отырып, ғимаратты салуда қандай пайдалы қазбаларды қолдануға болатынын анықтап, өз ойларымен бөліседі.Ой қорыту жасайды. Саралау: Ынтасы жоғары оқушыларға немесе топтарға ғимаратты тек әйнектен немесе тек гипс арқылы салуға мүмкіндігі жайлы сұрауға болады. Зерттеудің қорытындысы. Зерттеуші күнделігіне оқушылар зерттеу жұмысы барысында алынған нәтижелерін талдайды, жауаптарын салыстырады. ҚБ. Мұғалімнің «Смайликтер» арқылы қалыптастырушы бағалауы. Ойлан. Оқушылар жұптасып пайдалы қазбаларды өндіретін жерлердің ұқсастығы мен айырмашылығын анықтайды. Cергіту сәті. «Күн, жер, су» ойыны. «Күн» дегенде, қолдарын жоғары көтеріп, күнді бейнелейді. «Жер» дегенде, бір орында тұрып, аяқтарын кезек-кезек қозғайды. «Су» дегенде, қолдарымен толқынды бейнелейді. Өзіндік жұмысты ұйымдастыруға арналған ұсыныстар. 17-жұмыс парағы. «Пайдалы қазба деген не?», 19-б. Сұрақтарға жауап бер. Сұрақтарға жауап беру. Бағалау. Дескриптор: Оқушылар:
Түсіндір. Пайдалы қазбалар мен табиғи ресурстардың арасындағы байланысты жазу. 18-жұмыс парағы. «Пайдалы қазбалар қалай өндіріледі?», 20-б. Әдісті анықта. Суреттерді атауларымен сәйкестендіру. Бағалау. Дескриптор: Оқушылар:
ҚБ. Мұғалімнің жазбаша бағалауы. | Карточкалар Қорапша Слайд №3 Оқулықпен жұмыс Слайд №4,5,6 Сәйкестендіру тесті Ғимараттың суреті, пайдалы қазбалардың суреті Слайд №7 | ||
Сабақтыңсоңы 2минут | Кері байланыс. «Табыс баспалдағы» арқылы өздерін бағалау. | Слайд №8 | ||
Саралау –оқушыларғақалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларғақандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||
Материалдарды игеру деңгейлерінде оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында ақпаратты қабылдаудың әр түрін ескеру. Оқушылардың ақпаратты қабылдауына байланысты тапсырмалар ұйымдастыру. | Қалыптастырушыбағалауқұралдары: -мұғалімнің ауызша кері байланысы (мадақтау, қолдау сөздер айту); - өзара бағалау: «зерттеу бойынша бағалау» - мұғалімнің жазбаша керібайланысы -оқушылардың жауаптарын, іс-әрекеттеріне бақылау жүргізіп, түртіп алу арқылы бағалау; -«Табысбаспалдағы». | Сергіту жаттығуларын орындағанда, тақтаның алдында топтық жұмыс жасаған кезде оқушылар сынып ішінде жүргенде қауіпсіздік ережелерін сақтау. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?