Мен зерттеушімін. Жаратылыстану, 4 сынып, сабақ жоспары.
Қысқамерзімді жоспар
Жаратылыстану 4-сынып Мен зерттеушімін Ғылым және зерттеушілердің рөлі Табиғатты тану әдістері | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: Кажекенова Э.А. Қатысқандар саны: Қатыспаған оқушылар: | |||||||||
Күні | ||||||||||
Тақырыбы | Мен зерттеушімін | |||||||||
Оқу мақсаты | 4.1.1.1 зерттеудің өзекті бағытын өз пайымдауы негізінде анықтау 4.1.2.1 зерттеу әдісін (бақылау мен эксперимент) таңдау себебін оның артықшылығы мен кемшілігіне байланысты негіздеу 4.1.2.2 алынған нәтижені оқушы таңдаған формада ұсыну | |||||||||
Сабақтың мақсаты | Зерттеу жүргізу туралы, зерттеу әдістері туралы білімін жаңғыртады; зерттеудің бағытын, әдісін өздігінен таңдайды, таңдауын негіздейді; зерттеу нәтижесін тіркеу формаларын пысықтайды. | |||||||||
Бағалау критерийі | зерттеудің бағытын анықтайды; зерттеу әдісін өздігінен таңдайды, таңдауын негіздейді; зерттеу нәтижесін тіркеу формаларын атайды. | |||||||||
Тілдік мақсат |
| |||||||||
Құндылықтар | Қоршаған ортаны танып білу, ынтымақтастықта жұмыс істеу | |||||||||
Пәнаралық байланыс | Математика, дүниетану | |||||||||
АКТ қолдану | Таныстырылыммен жұмыс | |||||||||
Бастапқы білім | Зерттеу әдістерін ажырата алады, эксперимент, бақылау жүргізу тәсілдерін біледі, ақпарат көздерін қолдана алады. | |||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||
Жоспарланған уақыт | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||
Сабақтың басы | Бастапқы білімді жаңғырту Сұрақ: Зерттеуді не үшін жүргізеді? Топтық жұмыс ұйымдастыру. Тапсырма: Берілген сұрақ бойынша өткен тақырыптарды еске түсіру, постер құрау Бірінші топ: Зерттеу деген не? Екінші топ: Экспериментті қалай жүргізеді? Үшінші топ: Бақылауды қалай жасайды? Төртінші топ: Зерттеу нәтижесін қалай тіркейді? ҚБ. Топтардың өзара кері байланысы. Жауаптарын толықтыру. Әңгімелесу. «Жазда қандай жаңалық аштың?» Ашылған жаңалықты тақтаға тіркеу. Топтардың жаңалықтарды сұрыптауы (эксперимент, бақылау, өлшеу, жаңа дағдыны меңгеру т.с.с) Жаңалықтарды жалпы талқылап, шын мәніндегі жаңалық ашылуын таңдап алу. Сол оқушымен «баспасөз конференциясын» жүргізу. Сұрақтар (алдын ала дайындап қоюға болады):
ҚБ. Жеке оқушылардың бағалауы | Флипчарт, маркерлер | ||||||||
Сабақтың ортасы | Зерттеу қалай басталады? Сызбаны талдау. Ойламаған жерден жаңалық ашу және арнайы жоспарланған зерттеуді салыстыру ҚБ. Мұғалімнің ауызша кері байланысы. Зертте. Сынып оқушыларын бірнеше топтарға біріктіру, топтарды екі бағытқа бөлу Бірінші зерттеу. Ресурстарды тарату (заттарды басқа заттармен ауыстыруға болады, тек ішінде сумен араласып кетпейтін тым болмағанда бір зат болуын қадағалау) Жұмыс жүргізуге арналған нұсқаулық 1. 5 стақанға бірдей мөлшерде су құю. 2. 1-ші стақанға қызанақ шырынын құю, араластыру, нәтижесін бақылайды, тіркейді. 3. 2-ші стақанға өсімдік майын тамызу, араластыру, нәтижесін бақылау, тіркеу. 4. 3-ші стақанға сүт қосу, араластыру, нәтижесін бақылау, тіркеу. 5. 4-ші стақанға сусабынның бір-екі тамшысын тамызу, араластыру, нәтижесін бақылау, тіркеу. 6. 5-ші стақанға шикі жұмыртқаны салып, араластыру, нәтижесін бақылау, тіркеу. 7. Әр жағдайда болған ерекшеліктерді қоса тіркеп отыру. 8. Қорытынды жасау. (Сумен сұйық заттар араласты: қызанақ шырыны, сүт, сусабын, жұмыртқа. Қызанақ шырыны біраздан соң ыдыс түбіне шөге бастады, ал сусабын көпіршіді. Сумен араласпаған өсімдік майы су бетінде қалқыды). Екінші зерттеу. Ресурстарды тарату. Жұмыс жүргізуге арналған нұсқаулық 1. Сызғыштың дәл ортасын анықтау (Сызғыш бойын жіппен өлшеп, сол жіпті екіге бүктеу керек. Жіптің жарты өлшемі сызғыштың жартысы болады. Бұл сызғыш орнына ағаш рейка, ілгіш қолданғанда ыңғайлы). 2. Сызғыштың ортасына жіп байлау. 3. Екі шарды мөлшері бірдей болатындай үрлеп, аузын жіппен байлау. 4. Екі шарды сызғыштың екі жағына байлап, сызғыштың екі жағының теңесуіне көз жеткізу. 5. Бір шарды кеңсе шегесімен жару. 6. Нәтижесін бақылау, тіркеу. 7. Қорытынды жасау. (Сызғыштың үрленген шар ілінген жағы ауырлау болғандықтан төмен басып кетеді. Бұл ауаның салмағы бар екенін көрсетеді). Жалпы қорытынды жасау. Әңгімелесу -Зерттеуді бастамас бұрын зерттеуші не туралы ойланады? (нені зерттегісі келеді, ол зерттеуді не үшін жасайды, зерттеу жүргізудің қандай пайдасы бар, нәтижесін қайда, не үшін қолдануға болады деген сұрақтар төңірегінде ойланады. Соның нәтижесінде зерттеу бағытын анықтайды). -Қандай зерттеу әдісін пайдаландыңдар? (Эксперимент). -Неліктен? (бұл зерттеуде эксперимент арнайы жағдай туғызуға мүмкіндік берді (суға сұйық заттарды араластыру, шарды үрлеу, жару). -Ал бақылауды қолданса, не болар еді? (Егер бақылау әдісін таңдасақ, қажет жағдай туындағанша көп күту керек болады, тіпті ондай жағдайдың болмауы да мүмкін (суға сұйықтардың араласуы немесе ауа салмағын өлшейтін жағдай)). -Эксперимент барысында басқа әдістер қолданылды ма? (Бақылау: стақандағы сұйық заттардың араласуын бақылады. Өлшеу: шарларды қолдан жасалған «таразымен» өлшеді, алдымен теңесіп тұрды, кейін үрленген шар басып кетті) Нәтиже. Жұптық жұмысқа тапсырма беру:
Оқулықпен жұмыс. Негеш пен Эвриканың зерттеу нәтижесін қалай тіркегенін зерделеу (кластер және жазба есеп). Кластерді толықтыру. Таныстырылыммен жұмыс. Ойлан. Зерттеу нәтижесін неліктен түрлі тәсілмен тіркейді. (Зерттеу түріне байланысты алынған ақпаратты неғұрлым дәл беру немесе көбірек ақпаратты қамту үшін әр түрлі тәсілдер қолданылады). Өлшеу. Зерттеу барысында қандай өлшеу құралдарын пайдаланамыз? (сызғыш, термометр, метр, секундомер) Оларды зерттеу жұмысы кезінде қалай пайдаланатынын көрсету. Сен білесің бе? Түрлі заттарды көрсету (дымқыл майлық, пульт, түйме, киімнің замогы, стикер, степлер, телефон, жапсырма, т.с.с). Бұларды адам қалай ойлап табуы мүмкін? Арнайы жоспармен бе, аяқ астынан ба? Жапсырманың («липучка») ойлап табылуы туралы әңгімелесу Өзіндік жұмыс орындау 1-жұмыс парағы. «Жаңалық қалай ашылады?», 3-б. Кластер құрастыру. 2-жұмыс парағы. «Мен зерттеушімін», 4-б. Интеллект-карта толықтыру |
Ресурстар: бірдей мөлшерде су құйылған 5 стақан және қасық, түрлі сұйық заттар: қызанақ шырыны, өсімдік майы, сүт, сусабын, шикі жұмыртқа Ресурстар: екі шар, сызғыш, жіптер, кеңсе шегесі Парақ, маркер Тіркеу үлгілері: кесте, Венн диаграммасы, диаграмма, сызба, модель, пиктограмма, интеллект карта Жапсырма, Қолда бар заттар | ||||||||
Сабақтың соңы | Рефлексия Сөздерге түсінік бер
Кері байланыс
| стикерлер | ||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||
Сұрақ қою арқылы саралау; «Жазда қандай жаңалық аштың?» тапсырмасы арқылы; Топтық жұмыс арқылы саралау; Зерттеу нәтижесін тіркеу формаларын сипаттау тапсырмасы бойынша саралау | Мұғалімнің ауызша кері байланысы Мұғалімнің жазбаша кері байланысы Оқушылардың өзара бағалауы Жұптардың өзара кері байланысы «Сөздерге түсінік бер» тапсырмасы «Жазда қандай жаңалық аштың?» тапсырмасын орындау барысында өзара бағалау | Сабақтағы белсенді іс-әрекет түрлері. Қауіпсіздік ережесін сақтау | ||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылар оқу мақсаттарына қол жеткізді ме? Оқу мақсаттарына қол жеткізілмесе себебі неде? Ынтымақтастыққа қол жеткізілді ме? Саралау бойынша жұмыстар дұрыс жүргізілді ме? Уақыт кезеңдері дұрыс сақталды ма? Жоспардан ауытқулар орын алды ма? Неліктен? | ||||||||||
Қорытындылау Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды жетілдіруге не көмектесетін білдім? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?