Электр тізбегі дегеніміз не? Жаратылыстану, 3 сынып, қосымша материал.


Әдістемелік нұсқау

Жаратылыстану

3-сынып

Табиғат физикасы. Электр тізбегі дегеніміз не?

Сабақта 3.5.5.2 қарапайым электр тізбегінің сызбасын жинау; 3.5.5.3 қарапайым электр тізбегін элементтерін көрсете отырып, сызба түрінде ұсыну; 3.1.2.3 экспериментті жоспарлау және жүргізу оқу мақсаттары жүзеге асырылады.

Кіріспе тапсырма топтарда орындалады. Оқушылар «Тізбек деген не?» сұрағына жауап беріп, сол жауабына сәйкес тізбек құрап көрсетеді. Топтар жұмыстарын таныстырады, түсіндіреді. Олардың жауабында сөздер тізбегі, оқушылар тізбегі, моншақ, жаңажылдық шам тізбегі болуы ықтимал. Электр тізбегі туралы ешбір топ айтпауы әбден мүмкін.

Сабақтың тақырыбы, мақсаты айқындалады: Сабақта тізбектер туралы білеміз, құрастырамыз.

Тізбектерді салыстыр. Қағаз шығыршықтар тізбегі мен электр тізбегін көрсетіп, әңгімелесу: Оларға не ортақ? Қандай айырмашылығы бар? Екеуін де тізбек деп атауға бола ма?

Балалар ортақ белгісін (тізбектің элементтері бір-бірінен кейін өзара жалғаса орналасып, тұйық тізбекті құрайды), . айырмашылығын (электр тізбегіндегі элементтер әртүрлі) атайды.

Енді назарды екінші тізбекке аудару керек. Бұл тізбектің элементтерін ауыстыруға бола ма?

Егер бір сымды ажыратып жіберсе, не өзгереді? (Шам сөнеді.)

Жана ма, жанбай ма? тапсырмасына физика кабинетінен қажетті құралдарды дайындап алыңыз. Оқушылар бұл құралдармен біртіндеп танысады. Мақсаты: электр құрылғысы жұмыс істеу үшін тізбекке нені қосу керектігін тәжірибе негізінде анықтау. Әр топқа тұғырға орнатылған шам таратылады. Басқа электр құрылғыларды үстелдің үстіне орналастырыңыз. Артық құрылғыларды да қоюға болады. Мысалы, амперметр, вольтметр, қосымша шамдар. Шам жану үшін топтар үстелден керекті заттарды алады. Суретпен салыстыра жұмыс істейді.

  • Қай суретте және не себепті шам жанбай тұр? (Электр көзі жоқ, сым үзілген.)

Электр тогы тапсырмасында су құбырынан аққан су мен сымды салыстыру арқылы оқушылар электр тогының жүретінін анықтайды. Құбырлардың бойымен су қалай ақса, электр сымдар арқылы электр көзінен құрылғыларға солай өтеді. Бұл құбылыс электр тогы деп аталады. Электр стансаларынан үйге электр сымдар арқылы келеді.

Электр тізбегі неден тұрады? Электр құрылғылармен танысады, олардың әрқайсысының қызметін біледі. Электр тізбегінің жұмысына қажет элементтерді таңдайды, зерттеушілік дағдысын дамытады.

  • Енді сенің үстеліңде барлық қажетті заттар бар, бірақ шам әлі жанбайды. Неге?

(Құрылғылар сымдармен жалғанбаған)

Тақтаға бірінші қорытынды жазу: электр тізбегі тұйық болуы тиіс.

  • Тізбекке қандай құрылғылар қосылған? (кілт) Оқушыларға сол құрылғыны тауып, өз үстеліне әкеледі.

Таңдалған құрылғыларды атау, олардың қызметтерін бірге талқылау.

Құрылғылар:

  • көз (батарея),
  • сымдар (олар арқылы электр көзден шамға жүреді),
  • кілт (тізбекті шамды сөндіру керек кезде тұйықтайды),
  • шам (электр тұтынатын құрылғы).

Құрылғылардан электр тізбегі құрылатынын, мұндай тізбек оның барлық элементтері бір-бірімен жалғасса әрі бірыңғай жүйеге біріксе ғана жұмыс істейтінін түсіндіріледі.

Модель жаса. Мақсаты: электр тізбегі жұмысының физикалық мәнін түсіну. Ол үшін оқушыларға электр тізбегінің «тірі үлгісін» жасау. Мұғалім оқушыларды шеңберге шақырады: «Электр тізбегін құрамыз!». Мұғалімнің өзі қатысуы маңызды.

Ойлан. Оқушыларға шам тізбегін көрсету (немесе суретін). Бұл тақырыпқа сай келетін нұсқасы электр шамдары бар тізбек. Оны безендіру алдында тексереді. Шамының біреуі жанып кетсе болды, бұл тізбек жанбай қалады. (Тізбек ажырайды.) Тапсырманы орындау барысында оқушыларда функционалды сауаттылық дамытылады.

Үй жұмысы ретінде үйдегі электр тізбектерін бақылау, суретін салып келу тапсырылады.

Өзіндік жұмыс

56-жұмыс парағы. «Электр тізбегі». Неге шам жанбайды? Қай тізбекте шам жанатынын анықтайды.

Жауап

1. Кілт тұйықталмаған. Шам жанбайды.

2. Шам мен ток көзі арасындағы тізбек үзілген. Шам жанбайды.

3. Кілт пен шамның арасындағы тізбек үзілген. Шам жанбайды.

4. Тізбек тұйықталған және шам жанып тұр.

57-жұмыс парағы. «Электр тізбегінің элементтері». Тізбек неден тұрады? Электр тізбегі элементтерінің атауын жазу, олардың әрқайсысы қандай қызмет атқаратынын көрсету.

Жауап:

1. Шам. Электрлік құрылғы.

2. Кілт. Тізбекті қосып ажыратады.

3. Ток көзі. Электр тогын береді.

4. Сымдар. Олар арқылы электр тогы жүреді

Ребус. Жасырылған сөздерді шешу, олардан сөйлем құрау.

Рефлексия кезеңінде сабақ кезеңдерін пысықтап, оқып үйренгендерін қайталайды.

Кері байланыс парағын толтырады.

Мен білдім: .........................

Мен түсіндіре аламын ................................

Менің түсінбегенім ....................................

Түсінбеген оқушыларға кері байланыс беріледі.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу