Электр тізбегін қалай көрсетуге болады? Жаратылыстану, 3 сынып, қосымша материал.
Әдістемелік нұсқау
Жаратылыстану
3-сынып
Табиғат физикасы. Электр тізбегін қалай көрсетуге болады?
Сабақта 3.5.5.2 қарапайым электр тізбегінің сызбасын жинау; 3.5.5.3 қарапайым электр тізбегін элементтерін көрсете отырып, сызба түрінде ұсыну; 3.1.2.3 экспериментті жоспарлау және жүргізу оқу мақсаттары жүзеге асырылады.
Алдымен өткен сабақты пысықталады. Оқушылар электр тізбегін, оның элементтерін еске түсіреді.
Жаңа сабаққа кіріспе тапсырма топтарда орындалады. Ол үшін үйге берілген тапсырманы қолдануды ұсынамыз. Оқушылар үйдегі электр тізбектерін бақылап, суретін салып келді. Оқушыларға бір бірінің жұмысын көруді, өзіне ұқсас орындалған жұмыс болса, бір топқа бірігуді ұсыныңыз.
Енді құрылған топтарға тапсырма беріңіз. Суретін салып келген электр құрылғыларды белгілеу үшін шартты белгілер ойлап табу. Топтар шартты белгілерді көрсетеді, сыныпқа түсіндіреді.
Енді осы топтарға қандай да бір электр құрылғының құжатын, электр сызбасын таратыңыз. Оқушылар бұл туралы өз пікірін білдіреді. Шартты белгілерге назар аудартыңыз. Талқылау барысында электр тізбектің әр элементінің өз шартты белгісі бар, бұл шартты белгілер барлық елдерде бірдей қабылданған деген қорытындыға келуі керек.
Сабақтың тақырыбын, мақсатын айқындаалады, яғни сабақта тізбек элементтерінің шартты белгілерін білеміз, тізбектер құрастырамыз.
Тізбек элементтері тапсырмасы оқушыларды электр құрылғыларының шартты белгілерімен таныстырады. Егер құрылғылардың қызмет қызметі бірдей болса, олардың шартты белгілері де бірдей болатынын айтып беріңіз. Батареялардың да пішіні домалақ не шаршы болса да, бірдей шартты белгілерімен көрсетіледі. Олар электр көзі болып табылады.
Модель жаса тапсырмасы екі кезеңмен орындалады. Жұмыстың 1-кезеңінде құрылғының сипаттамасымен танысады, құрылғының суреті мен шартты белгісін табады.
Жұмыстың 2-кезеңін мұғалім сыныбының деңгейіне, құрылғылардың болуына байланысты түрлі жолмен өткізе алады. Сабаққа үш түрлі нұсқа ұсынылады.
1-нұсқа. Электр тізбегін презентация не сурет түрінде көрсету. Шартты белгілер бейнеленген суреттерді пайдаланып, электр тізбегін құру.
2-нұсқа. Құрылғылардан жасалған электр тізбегін көрсету. Шартты белгілер бейнеленген суреттерді пайдаланып, электр тізбегін құру.
3-нұсқа. Электр сызбасын беру. Сол бойынша суреттерден электр тізбегін құрау. Тапсырманы саралау үшін пайдалана аласыз.
Оқушылар жұпта бір бірін тексереді. Модельдеу нәтижесінде оқушылар сызбанұсқаны құру кезінде өз әрекеттерін жоспарлап, алынған нәтижені талдап, топ ішінде өзара бағалау өткізе алады.
Электр тізбегі тапсырмасы арқылы оқушылар шамның қандай жағдайда жанатынына талдау жасап, электр тізбегін құру кезінде қандай талаптар орындалуы қажет екенін түсінеді. Оқушылар тапсырманы жұбымен бірге орындайды. Суретке қарап, құрылғылардың әрқайсысын сызбадан табады. Төмендегі сұрақтарға жауап береді:
• Тізбекте қандай элементтер бар? (Батарея, кілт, шам, жалғайтын сымдар.)
• Шам қазір жана ма? Неге? (Жанбайды, өйткені, кілт ажыратылған.).
• Тағы қандай себептен шам жанбайды? (Егер сым зақымдалса.)
Талқылаудан кейін бір сөйлеммен электр тізбегіне кіретін құрылғылардың жұмыс істеуіне қажет жағдайды тұжырымдайды. (Электр тізбегінде электр көзі болуы тиіс және ол тұйық болуы керек.)
Ойлан. «Электр тізбегі» тапсырмасындағы суретті зерделейді. Егер шам мен кілттің орнын ауыстырса, шам жанады ма? – деп сұраңыз. Электр тізбегіне қандай талаптар қойылады? (Электр тізбегінің көзі болуы керек және ол тұйық болуы керек.) Мына сұрақтар бойынша талқылау ұйымдастыру: Берілген тізбекте көз бар ма? Егер шамның орнын ауыстырса, электр көзі тізбекте қала ма? Тізбек тұйық па? Шамның орнын ауыстырғаннан кейін ол тұйық болып қала бере ме? Демек, егер осы екі талап орындалғандықтан, тізбектегі электр құрылғылар жұмыс істейді.
Сен білесің бе? Шартты белгілер қандай пішінді? (шеңбер, тікбұрыш, шаршы, сызық). Бұл қарапайым белгілер арқылы электр сызбаларын тез әрі оңай сызуға болады.
Өзіндік жұмысты орындау. 58-жұмыс парағы. «Шартты белгілер»
Электр тізбегінің элементтері және шартты белгілер. Бірінші бағанда бейнеленген құрылғылардың шартты белгілерін екінші бағаннан тауып, сәйкес әріптерді кестеге жазады.
Тізбекті аяқта. Электр тізбегінде және оның сызбасында бар құрылғыларды анықтайды. Электр тізбегінен түсіп қалған элементтердің суретін салады.
Рефлексия кезеңінде сабақ кезеңдерін пысықтап, оқып үйренгендерін қайталайды.
Кері байланыс парағын толтырады.
Мен білдім: .........................
Мен түсіндіре аламын ................................
Менің түсінбегенім ....................................
Түсінбеген оқушыларға кері байланыс беріледі.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?