Электр тізбегін қалай көрсетуге болады? Жаратылыстану, 3 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Жаратылыстану Сынып: 3 Табиғат физикасы | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар саны: Қатыспаған оқушылар: | |||||||||
Күні | ||||||||||
Тақырыбы | Электр тізбегін қалай көрсетуге болады? | |||||||||
Оқу мақсаты | 3.5.5.2 қарапайым электр тізбегінің сызбасын жинау; 3.5.5.3 қарапайым электр тізбегін элементтерін көрсете отырып, сызба түрінде ұсыну; 3.1.2.3 экспериментті жоспарлау және жүргізу. | |||||||||
Сабақтың мақсаты | Электр тізбегі неден тұратынын түсінеді. Электр тізбегі элементтерінің белгіленуімен танысады. | |||||||||
Бағалау критерийі | Электр тізбегі элементтерін сызбасына қарап атайды. Электр тізбегінің элементтерін шартты белгілермен белгілейді | |||||||||
Тілдік мақсат |
| |||||||||
Құндылықтар | Құрмет, ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылық, ашықтық, өмір бойы білім алу | |||||||||
Пәнаралық байланыс | Математика, қазақ тілі, көркем еңбек | |||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Таныстырылыммен жұмыс | |||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Электр тогымен жұмыс істейтін құралдарды атайды, электрдің адам өміріне қажетін сипаттайды. Электрлену құбылысына мысал келтіреді, электрдің ашылуы туралы біледі. Электр тізбегінің жұмысын сипаттайды. | |||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||
Жоспарланған уақыт | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||
Сабақтың басы | Өткен сабақты пысықтау. Электр тізбегі. Кіріспе тапсырма. Үйдегі электр тізбектерін бақылау, суретін салып келу тапсырмасын өзара тексеру. Ұқсас сурет салған оқушылар топтарға бірігуді ұсыну. Топтарға тапсырма: Салған электр тізбектеріндегі электр құрылғыларды өздері ойлап тапқан шартты белгімен белгілеу. Енді топтарға қандай да бір электр құрылғының құжатын, электр сызбасын тарату. Ол туралы не ойлайтындарын білу. Оқушылар электр тізбектің әр элементінің өз шартты белгісі бар, бұл шартты белгілер барлық елдерде бірдей қабылданған деген қорытындыға келеді. Сабақтың тақырыбын, мақсатын айқындау (Сабақта тізбек элементтерінің шартты белгілерін білеміз, тізбектер құрастырамыз) | Маркер Парақ Электр құрылғының төлқұжаты | ||||||||
Сабақтың ортасы | Тізбек элементтері. Мақсаты: электр құрылғыларының шартты белгілерімен таныстыру.
Модель жаса. Деңгейлері әртүрлі топтар құру. Әр топ кеспе парақшалары бар үш конверт алады: біреуінде – шартты белгілер, екіншісінде – құрылғылардың фотосуреттері, үшіншісінде – құрылғылардың сипаттамалары. Жұмыс екі кезеңнен тұрады. Жүргізуге арналған нұсқаулық: 1-кезең
2-кезең Сыныптың жалпы дайындық дәрежесіне және құрылғылардың болуына байланысты жұмыстың 3 нұсқасын түрлі деңгейдегі топтарға ұсыну. 1-нұсқа: Электр тізбегін презентация не сурет түрінде көрсету. Шартты белгілер бейнеленген суреттерді пайдаланып, электр тізбегін құру. 2-нұсқа. Құрылғылардан жасалған электр тізбегін көрсету. Шартты белгілер бейнеленген суреттерді пайдаланып, электр тізбегін құру. 3-нұсқа Нұсқаны ынтасы жоғары балаларға ұсыну. Электр сызбасы беріледі. Сол бойынша суреттерден электр тізбегін құрайды. Жұмысты тексеру: Екі-екіден бөлініп бір-бірін тексереді. Топ ішінде өзара бағалау. Электр тізбегі. Тапсырма жұпта орындалады. Суретке қарап, құрылғылардың әрқайсысын сызбадан табу. Сұрақтарға жауап беру: • Тізбекте қандай элементтер бар? (Батарея, кілт, шам, жалғайтын сымдар.) • Шам қазір жана ма? Неге? (Жанбайды, өйткені, кілт ажыратылған.). • Тағы қандай себептерден шам жанбайды? (Егер сымдар зақымдалса.) Ойлан. «Электр тізбегі» тапсырмасындағы суретке қарау. «Егер шам мен кілттің орындарын ауыстырса, шам жана ма?» сұрағын талқылау. Қай кезде шам жанады? (Электр тізбегінің көзі болуы керек және ол тұйық болуы керек.) Берілген тізбекте көз бар ма? Егер шамның орнын ауыстырса, электр көзі тізбекте қала ма? (Қалады.) Тізбек тұйық па? Шамның орнын ауыстырғаннан кейін ол тұйық болып қала бере ме? (Қалады.) Демек, осы екі талап орындалғандықтан, шам жанады. Сен білесің бе? Шартты белгілер қандай геометриялық пішінін зерделеу (шеңбер, тікбұрыш, шаршы, сызық). Бұл қарапайым пішінді белгілер электр сызбаларын салу тез әрі оңай болу үшін алынған. Өзіндік жұмыс. 58-жұмыс парағы. «Шартты белгілер. Электр тізбегінің элементтері және шартты белгілер. Бірінші бағанда бейнеленген құрылғылардың шартты белгілерін екінші бағаннан табады. Сәйкес әріптерді жауап кестесіне жазады. Тізбекті аяқта. Электр тізбегінде және оның сызбасында құрылғыларды анықтайды. Электр тізбегінен түсіп қалған элементтердің суретін салады. ҚБ. мұғалімнің жазбаша кері байланысы | Шығыршық тізбегі және электр тізбегі диаметрі әртүрлі және түрлі металдардан жасалған сымдар; Батарея; Тұғырға орнатылған шам; Кілт; Шамдары тізбектей қосылған электрлік тізбек Жұмыс дәптері | ||||||||
Сабақтың соңы | Рефлексия кезеңі. Сабақ кезеңдерін пысықтау. Не үйрендік? Кері байланыс. Мен білдім: ......................... Мен түсіндіре аламын ................................ Менің түсінбегенім ..................................... ҚБ. Мұғалімнің кері байланысы. | Кері байланыс парағы | ||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||
Сұрақ қою барысында саралау. Тапсырмалар бойынша саралау. | Қалыптастырушы бағалау құралдары: - мұғалімнің ауызша кері байланысы (мадақтау, қолдау, бағыттау); - жұпта өзара бағалау; - мұғалімнің жазбаша кері байланысы; - оқушылардың жазбаша кері байланысы; - оқушылардың жауабын, іс-әрекетін бақылау; | - Сабақ барысында іс әрекет жиі ауыстырылады; - қауіпсіздік ережелерін сақтауға назар аударылады. | ||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылар оқу мақсаттарына қол жеткізді ме? Оқу мақсаттарына қол жеткізілмесе, себебі неде? Ынтымақтастыққа қол жеткізілді ме? Саралау бойынша жұмыс дұрыс жүргізілді ме? Уақыт кезеңдері дұрыс сақталды ма? Жоспардан ауытқу орын алды ма? Неліктен? | ||||||||||
Қорытындылау Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды жетілдіруге не көмектесетін білдім |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?