Зерттеуді қалай жоспарлау керек? Жаратылыстану, 3 сынып, қосымша материал.


Әдістемелік нұсқау

Жаратылыстану

3-сынып

Зерттеуді қалай жоспарлау керек?

3.1.2.3 экспериментті жоспарлау және жүргізу;

3.1.2.4 жүргізілген эксперимент нәтижесін құрылған жоспарға сәйкес диаграмма түрінде көрсету, қорытынды жасау.

Кіріспе тапсырма. «Зерттеу» сөзіне ассоциация айтудан басталады. Бұл ұғыммен балалар таныс. Сондықтан көптеген сөздер айтуы мүмкін.

Бұл дайындық жаттығуы оқушыларды зерттеу жұмысын өздігінен өткізуге ыңғайлайды. Бастысы, оқушылар зерттеудің негізгі элементтерін еске түсіруі, мәнін пысықтауы қажет. Сұрақтармен әңгімелесу ұйымдастыруға болады.

  • Зерттеуді қалай жүргізу керек?
  • Қандай тақырыпқа эксперимент жасауға болады?
  • Зерттеуді қандай әдістермен жүргізуге болады?
  • Гипотеза деген не?
  • Қандай тіркеу түрлерін білесіңдер?

Оқушыларға екі сабақта өздігінен зерттеу жүргізетіні хабарланады.

Ынта деңгейлері түрлі оқушылардан аралас топтар құрылады.

Топтарға парақ, маркер таратылады. «Нені зерттеуге болады?» сұрағы төңірегінде талқылау жүргізіледі.

Талқылау және одан кейінгі өз ойын ортаға салу нәтижесінің қорытындысы тақтаға жазылады.

Зерттеу кезеңдері:

  • Зерттеу сұрағын қою, мақсатын анықтау
  • Гипотеза жасау
  • Жоспарын құру
  • Эксперимент жүргізу
  • Нәтижесін тіркеу
  • Қорытынды жасау

Зерттеудің жүргізілуіне қойылатын талаптарды еске түсіру. Олар:

  • зерттеу мүмкіндігі
  • құралдардың қолжетімділігі
  • зерттеуге берілетін уақыттың жеткіліктілігі.

Бұл тапсырманы орындау барысында, оқушылар кез келген зерттеу жұмысы адамның нені білгісі келетіні туралы сұрақ қоюдан бастау керектігін пысықтайды. Сонымен қатар, зерттеу оңай жасалатындай, қызықты өтетіндей және белгілі бір уақыт аралығына үлгеретіндей болуы тиіс.

Нені зерттеуге болады? Суретпен жұмыс орындалады. Онымен қандай зерттеу өткізуге болатынанын жұбымен бірге талқылайды. Жауаптары: жауын мөлшерін өлшеу, жел күшін өлшеу, бірнеше күн бойы температураны өлшеу және т.б. болуы мүмкін. Суреттегі балалардың сырт киіміне назар аударады. «Күртелердің қайсысы жылырақ деп ойлайсың?», «Оны зерттеуге бола ма?» сұрақтары төңірегінде пікір алмасады.

Өз гипотезаңды ұсын. Келесі сабақта өткізілетін зерттеу жұмысы жоспарланады. Топтық жұмыста талқылау жүргізеді. Зерттеудің мақсатын тұжырымдайды.

Зерттеу өткізу алдында гипотеза жасайды. Оқулықтан гипотезаның анықтамасын оқып, қалай түсінгендерін айтады. Әр топ эксперимент нәтижесі туралы өз гипотезаларын ұсынады, жазып алады.

Қандай мата бәрінен де жылуды аз өткізеді?

Мен күрткені жүн матадан тіксе, ол жылуды жақсы ұстамайды деп ойлаймын.

Бақылау нәтижелерін қалыптастырушы бағалау.

Ресурстар. Топта талқылап, зерттеуді жүргізуге қажетті ресурстардың тізімін құрайды.. Әр топқа бағыттаушы сұрақтар қойып көмектесуге болады. Мысалы: «Күрткені тек бір материалдан ғана тігуге немесе түрлі материал қолдануға болады ма? Температураны немен өлшеуге болады? Суық көзі ретінде нені алуға болады?» Топтарда пікірлерімен алмасады әрі тақтаға ресурстардың ортақ тізімін жазылады: түсі мен сапасы әр түрлі маталар қиықтары, термометр, мұз, пластик стақандар.

Зерттеу жоспары.

Зерттеу жоспарын құрастырады.

Эксперимент жоспарының пункттерін оқиды.

Неге бірнеше мата қиындыларын алу ұсынылған? (Салыстыру үшін.)

Термометрді матамен орағаннан кейін біз оны қайда қоямыз? «Термометрді матамен бірге стақанға салу.»

Суықты қалай қамтамасыз етеміз? Стақанға мұз салуды ұсынылады.

Өлшеулерді қалай жүргізуге болады?

Зерттеу заңын қайталайды: тек бір параметр, бір ғана шама өзгеруі керек.

Эксперимент барысында қай шамаларды өлшейді, ал қайсысы тұрақты болып қалады?

  • матаны өзгертеді;
  • температураны өлшейді;
  • сыртқы температура тұрақты болады.

Практикалық жұмыс ұйымдастыру.

Парталарға суық су мен жылы суқұйылған стақандар қою, температураны өлшеу. Өлшеу нәтижелерін тіркеу, талдау және хабарлау.

Өзіндік жұмысты дәптер арқылы ұйымдастыру

63-жұмыс парағы. Негештің зерттеуі. Ресурстардың тізімін құрастырады және қорытынды жасайды.

Ықтимал жауаптар:

Зерттеу сұрағы: Қандай доп басқаларынан биік сепіледі?

Зерттеу жасау үшін теннис, футбол доптары, әуе шары, сызғыш қажет.

Тенннис добы басқаларынан биігірек серпілетінін білді.

64-жұмыс парағы. «Зерттеуді қалай жүргізеді?»

Зерттеу жоспары. Зерттеулерге жоспар құрайды. Ретін анықтайды

Рефлексия кезеңінде сабақ кезеңдерін пысықтап, оқып үйренгендерін қайталайды:

Соның барысында зерттеу кезеңдері мен эксперимент жүргізу жоспарын оқушылар тағы да қорытып айтылуы қажет.

Кері байланыс парағы

Мен білдім: .........................

Мен түсіндіре аламын ................................

Менің түсінбегенім ....................................

Түсінбеген оқушыларға кері байланыс беріледі.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу